Күні: 04.10.2019 оқу жылы
Ата –аналар жиналысының тақырыбы: «Ерекше білімді қажет ететін оқышылармен жұмыс жүргізу түрлері»
Жиналыстың мақсаты:
1.Ерекше білім беруде ұстаздармен қатар ата-аналарда оқушыларға жаттығулар жасауға көмек қолын созу;
2.Оқушыларға жаттығу жұмыстарын жүргізуде ата –аналар үйде көбірек көңіл бөлу;
3. Өз ойын ашық айта білетін, білімді,тәрбиелі, көкірегі ояу ,көзі ашық азамат етіп қалыптастыру.
Қолданған көрнекіліктер: кеспе қағаздар, видео,аудио мәтіндер, материалдар, интербелсенді тақта.т.б.
Жиналыстың мазмұны:
1.Психологтардың тренингі;
2.Мұғалім-логопедтердің артикуляциялық жаттығулары мен дұрыс тыныс алу жаттығулары; (
3.Мұғалім-дефектолгтардың қолдың ұсақ маторикасын дамытуға арналған жаттығулары
Ата –аналарға жаттығулардың атауларымен ,олардың оқушыға берер маңызын түсіндіріп өту.
1).Тыныс алу жаттығулары дегеніміз не? және оның мақсаты: тілдік тыныс алуын дамыту.Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз.Сондықтан баланың сөйлеуінде дұрыс тыныс ала білу өте маңызды
2).Артикуляциялық жаттығу дегеніміз не? және оның маңызы;
Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз — ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.
-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;
— пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.
Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.
Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады: Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді. Оның орындалуын көрсетеді. Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.
3) Қолдың ұсақ маторикасын дамыту жаттығулары дегеніміз не? және оның маңызы. Қолдың саусақтарына дұрыс басқара білуге арналған жаттығулар. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз.
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.
Құрметті ата-аналар! Біз және сіз , балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Ата –аналар жиналысының тақырыбы: «Ерекше білімді қажет ететін оқышылармен жұмыс жүргізу түрлері» Өткізген: Мұғалім-логопедтер, мұғалім дефектологтар, психологтар 2019-2020 оқу жылы