«Зима 2025»

1860-1870 жылдардығы азаттық күрес

1869 ж Орал, Торғай көтерілісі

1870 ж Маңғыстау көтерілісі

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки



Ш.Берсиев атындағы орта мектеп









Ашық сабақ

Тақырыбы: 1860-1870 жылдардағы азаттық күрес

(8 «а» - сынып)





Өткізген: Едигеева Г.Ж.

















2016-2017 оқу жылы

Бекітемін: МДОІЖО Г.Қ.Ибрашева Күні: 07.03.2017 ж

8 «А» -сынып Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орал, Торғай көтерілісін және Иса-Досан батырлар  бастаған көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жүйелі ойлау мен талдай білу, оқушының жан- жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке,  Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, карта, кесте және тірек сызба, картамен жұмыс, венн диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекілігі: карта, слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу;

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Реформа бойынша Қазқастанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі қандай болды?

Генерал-губернатор қандай қызметтер атқарды?

Болыстар мен ауыл старшындарын сайлау қалай жүзеге асырылды?

Қазынагерлік жүйеде қандай өзгерістер болды?

Денсаулық саласында болған өзгерістерді атап шығыңдар.

Венн диаграммасы

ІІІ. Жаңа тақырып

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау;

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер

  2. Маңғыстаудағы көтеріліс


Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар:


І. «Деңгейлік тапсырмалар »

1. Бүкіл қазақ даласын екі   облысқа бөлуді ұсынған тұлғаны атаңыз (И. Бутков)

2. Дала комиссиясын басқарған (Ф. К. Гирс)

3. Орал мен Торғай облыстарындағы көтерілісті басқарған тұлғалар (С. Түркебайұлы,

Б. Оспанұлы)

4. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқарған тұлғалар (Д. Тәжіұлы, И. Тіленбайұлы)

5. Көтерілісті басу үшін жіберілген тұлғаның бірі, подполковник (Рукин)

6. Көтерілісті басу үшін патша үкіметінен жіберілген тұлғаның бірі, граф (Комаровский)

7. Қатарда кім немесе не артық?

Наурызбай батыр, ханша Бопай, батыр Иман, Есет батыр, би Жоламан Тіленішұлы

8. Аталған жұптардың қайсысын замандас деп айтуға болады?

Кенесары және І Николай, Есет және Жанқожа, Исатай және Сырым

9. Берілген мәтіндерде кім туралы айтылады?

1840 ж Кенесары көтерілісіне қатысты. Ұзақ уақыт қоқандықтарға қарсы күресті. 1843 ж көтерілісшілер оның басқаруымен Қуандариядағы Қоқан бекінісін қиратты. 1856 ж патша әскеріне қарсы күрес бастады. 1857 ж 9 қаңтарда Арықбалық маңында Фитингоф жазалаушылармен шайқас болды_______________________________________________________________________________

(Жоламан Тіленішұлы)

10. Берілген мәтіндерде кім туралы айтылады?

11 жыл бойы отарлауға қарсы күрес жүргізді, Жем бойындағы қазақстардың қозғаласын басқарды. 1855 ж шілдеде сұлтан Жантөриннің әскерін талқандады. Бірақ 1858 ж Орынборға барып, патша билігін мойындауға мәжбүр болды______________________________________________________

(Есет Көтібарұлы)

11 Сәйкестендіру

Бастаған көтеріліс

Жері

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы

Орал және Торғай облыстары

Кенесары Қасымұлы

Сырдарияның төменгі ағысы

Сейіл Түркібайұлы мен Беркін Оспанұлы

Маңғыстау

Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы

Бөкей Ордасы

Жанқожа Нұрмұхаммедұлы

Бүкіл Қазақстан


Оңтүстік Қазақстан



12. Тарихи қайраткерлердің есімдерін не біріктіреді?

1. Саржан, Наурызбай, Бопай, Кенесары, Қасым төре __________________________________________

________________________________________________________________________________________

2. Сейіл Түркібайұлы, Беркін Оспанұлы, Веревкин, Штемпель, Милютин_______________________

________________________________________________________________________________________

3. Жәңгір, Қарауылқожа, Балқы би, Геке_____________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________

ІІ. Сергіту сәті

Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу

Ер жолдасы — тәуекел 
Ел барда, ер қор болмас, 
Ер барда, ел қор болмас. 
Ердің ісі — елдің мойнында, 
Елдің ісі — ердің мойнында. 
Ел үмітін ер ақтар, 
Ер атағын ел сақтар. 
Ер салмағын ел көтереді, 
Ел салмағын жер көтереді. 
Ұранды ердің - ұрпағы қайсар. 
Қонған жердің қадырын көшкенде білерсің. 
Батыр туса ел ырысы, 
Жаңбыр жауса жер ырысы. 
Ер аруағы - қаруы.
Қоянды қамыс өлтіреді, 
Ерді намыс өлтіреді. 


ІІІ. «Қашан? Қайда? Қандай оқиға болды?»

Қашан?

Қайда?

Қандай оқиға болды?

1868 жылы 6 мамыр

 

Қазақтар Фон Штемпельдің ротасына шабуыл жасады

 

Маңғыстау

Иса мен Досан батырлар бастаған көтеріліс

1870 жылы сәуір

Александровск форты, Николаев станицасы

 

 

Қашан?

Қайда?

Қандай оқиға болды?

1869 жылдың аяғына қарай

Хиуа шекарасына

Қазақтар Фон Штемпельдің ротасына шабуыл жасады

1873 жылы

 

Кезекті адайлар көтеріліс басталды

 

Маңғыстау

Көтеріліс басшылары, ағайын туыстары, жақтастарымен Хиуа жағына өтіп кетті

 

Қашан?

Қайда?

Қандай оқиға болды?

1869 жылы наурыз

 

Би, сұлтан, болстар мен старшындардың ауылдарына 40-тан астам шабуыл жасалды

1869 жылы қаңтар

Хиуаға

 

 

Шошқакөл

Хиуалықтардың 6 мың сарбазы, 4 зеңбірегі келді

 

ІҮ. Семантикалық карта «Көтерілістер тарихы»

 

1836-38 жж.

1837-47 жж.

1783-97 жж.

1868-69 жж.

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

 

 

 

 

М. Өтемісұлы, И. Тайманұлы бастаған көтеріліс

 

 

 

 

К. Қасымұлы бастаған көтеріліс

 

 

 

 

Орал мен торғай облыстарындағы көтеріліс

 

 

 

 

 

 

1822-25 жж.

1856-57 жж.

1870 ж.

1773-75 жж.

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі

 

 

 

 

Ж. Тіленшіұлы бастаған көтеріліс

 

 

 

 

Ж. Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы күресі

 

 

 

 

Маңғыстаудағы көтеріліс

 

 

 

 

 

 

Ү. Рефлексия. «Бес саусақ»

Бас бармақ- басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек- бірлесу.Мен топта қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек - ойлау мен бүгін қандай білім алдым.

Шылдыр шүмек- шынайлық.Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

Кішкентай бөбек- Көңіл күй ахуалы.Мен сабақтан қандай әсер алдым.



VІ. Бекіту кезеңі

1. Көтерілістің уақыты, аумағы, басшыларын атаңдар. Аумағын картадан көрсетіңдер

2. Маңызды оқиғаларын атаңдар жіне картадан көрсетіңдер

3. Көтеріліс жеңіліске жетсе қандай өзгерістер орын алар еді?



ҮІІ. Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік – бабалар арманы» ой – толғау жазып келу



























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее