«Зима 2025»

8- Наурыз мерекесіне арналаған ертеңгілік. «Айналайын ақ мамам»

Қымбатты балалар, сүйікті аналар, әжелер! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы әсем залға «8-наурыз» аналар мерескесін тойлауға жиналып отырмыз, мерекелеріңіз құтты болсын!

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

8- Наурыз мерекесіне арналаған ертеңгілік.

«Айналайын ақ мамам»

ІІ-кіші тобы

2 «Батыр» санаторлық балабақшасы КМҚК

Смагулова Айбике Темохановна

Барысы:

Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті аналар, әжелер! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы әсем залға «8-наурыз» аналар мерескесін тойлауға жиналып отырмыз, мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Құрметті аналар, Сіздердерге аранлаған балаларыңыздың тарту мерекесін бастаймыз. Зал іші әсем безендірілген. Балалар залға әсем әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпытқан;

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан;

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?

Балалар: АНА! АНА! АНА!

Сылдырмақтармен би.


Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын нашым,

Сегізінші наурызбен!






Қандай бала болайық

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін

Ән салайық бәріміз .


Сайқымазақтың келуі

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме балалар? Мен сендерге арнайы сонау алыс жерден келдім. Мен құр босқа келген жоқпын, өз өнерімді де ала келдім.

«Үлкен мата ала келеді» де сиқыр көрсетеді

Балалар, сендер маған 5 ке дейін санап беріңдерші. Жақсы енді орыс тілінде санасаңдар, менің мына сыйқырлы жәшігімнің ішінен сыйқыр шығады. Шықпады ғой ендеше ағылшынша санап көрейік

Жәшіктік ішінен мысықтың дауысы шығады, бұл не? Мысық, кошка, кэт,

Данияр жәшікті айналдыра отырып, мысықтың әрекетін көрсете отырып, тақпағын айтады.

Ойын: «Мысық пен құстар»



Ойын ата-аналармен «Өз балаңды танисың ба?»

Бүгін біздің мерекеміз әжелер, аналар, арулар мерекесі, ендеше бүгін біздің топтың ұлдары осы мерекеге арнап сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсетпек.

Ұлдар мен Оркестр

Ойын «Анаға тілек»

1. Әншейінде жекесің

Қарай қалсаң екеусің (Айна)

2. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

3. Шылдыр-шылдыр етеді,

Құлағымнан өтеді

Ұстай алсам сөйлей кетеді. (Телефон)

4. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

5. Өзі жап-жас мұрты бар,

Етпен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде

Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)

6. Ти десем тимейді

Тиме десем тиеді. (Ерін)

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі ой талабы,

Жүректің тереңіне сақталады.

Өссеңдер елін сүйген ұландар боп,

Ардақты ана еңбегі ақталады.

Ойын «Кірді жайып, жинап алу»

Би «Қуыршақтармен»


Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып береді.

Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан,

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан


Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.


Ал енді біз көктем мерекесіне арналған «Мамамызды жақсы көреміз» әнін орындап береміз

Ән «Мамамызды жақсы көреміз»

Ана – біздің күніміз

Ана – біздің гүліміз

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


Сен жалықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін


Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.


Гүл-гүл жайнап бәріміз

Күнде біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз.


Әлпештеген анасын,

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер баласын.


Балалардың аналарына арналған сыйлығын беру.

Осымен ертеңгілік кешіміз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!!

























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее