«Зима 2025»

Ақпараттық технологиялар

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпараттық технологиялар, ақпараттық төңкерістер және олардың даму эволюциясы туралы толық түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру.

Көрнекілігі: оқулық, компьютер, интербелсенді тақта, кесте, қима қағаздар

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпараттық технологиялар, ақпараттық төңкерістер және олардың даму эволюциясы туралы толық түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру.

Көрнекілігі: оқулық, компьютер, интербелсенді тақта, кесте, қима қағаздар,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарларын аудару. Сурет қиындылары көмегімен топқа бөліп, сыныпта психологиялық ахуал тудыру.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.

1 топ. «Ақпарат»

2 топ «Технология»

3 топ «Планшет».

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жалпылай тексеру

  1. Кез-келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина. (Дербес компьютер)

  2. Компьютер деген не? (Компьютер дегеніміз- ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал).

  3. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тілі. (Интерфейс)

  4. Стандартты программаларды ата (Блокнот, Калькулятор, WordPad, Paint).

  5. 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ең алғашқы программист кім? (Ада Лавлейс)

  6. Қытайлықтар «суанпан»,Жапониядықтар «серобян» Еуропалықтар «абак» деп атаған бұл не? (Санау құрылғысы)

  7. Араб математигі, алгоритм ұғымын енгізген бұл кім? Әл-Хорезми

  8. 1642 жылы француз математигі, қосу машинасын 19 жасында құрастырған бұл кім? (Блез Паскаль)

  9. АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы кім? (Билл Гейтс)

  10. Қазіргі компьютердің атасы кім? (Чарлз Бейбидж)

ІІІ. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі

  1. Ақпараттық технология дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Ақпараттық технологиялардың құралдарына қандай құралдар жатады деп ойлайсыңдар?

  3. Ақпараттық төңкерістер дегенді қалай түсінесіңдер?

IV. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты теория түрінде түсіндіру

  1. Ақпараттық технология түсінігі

Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті.

  1. Ақпараттық технология құралдары

Ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады.

  1. Ақпараттық технология жабдықтары

Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде программалық өнімдердің кең тараған түрлері пайдаланылады. Оларға, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, графикалық редакторлар жатады.

  1. Ақпараттық технологиялардың түрлері

























5.Ақпараттық төңкерістер:

Бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты.

Екінші ақпараттық төңкеріс XVI ғасырдың ортасында кітап басып шығарудың, баспа станогының пайда болуымен байланысты.

Үшінші ақпараттық төңкеріс ХІХ ғасырдың соңына қарай өріс алды. Бұл кезде электр қуаты өндірілді.

Төртінші ақпараттық төңкеріс ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды. Бұл кезде дербес компьютер, компьютерлік желілер, мәліметтерді жіберудің спутниктік жүйелері, ақпараттық телекоммуникациялар пайда болды.

6.Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері:

Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған.

Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді.

Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды.

Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.

Технологиялар пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің сәйкес интерфейсін құруға бағытталған










V. Бекіту

Кестені толтыр

Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдеріне сипаттама бер.








Бірінші кезең

Екінші кезең


Үшінші кезең


Төртінші кезең












«5 жолды өлең» жаттығуы

1-жол. 1 зат есім сөзден тұрады

2-жол. 2 сын есім.

3-жол. 3 етістік.

4-жол. 4 сөзден тұратын топтардың көзқарасы.


VІ. Қорытынды

Әр топқа А3 форматындағы ақ парақтар таратылады. Сол ақ қағаздарға топтар өздерінің жаңа ақпараттық технология моделінің суретін немесе макетін бейнелеп көрсетеді.


VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: §21 оқуға. Қазіргі ақпараттық технологияның пайдасы мен зияны тақырыбында эссе жазып келу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее