«Зима 2025»

Анимация, мультимедиа

Мерзімі: 08.02.17ж

Сабақ: 21-22

Сынып: 10к

Пән: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Анимация, мультимедиа.

Сабақтың мақсаты: Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Білімділік:

1. Кескін, графикалық объектілерді салуда API функцияларын пайдалана отырып, жаңа ұғымдар түсініктермен таныстыру

2. Анимацияланған объектілер, мультимедиа компоненттерімен қолданбаларды жасауды үйрену.

Дамытушылық: Өздік ойын дәлелдеп, тұжырымдай білуге жетелеу. Зейінін, ойлауын, есте сақтауын дамыту. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Бағдарлама жазу барысында тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы. Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, пікірлесіп – түсіндіру. Оқыту құралдары: Мультимедиялық проектор, оқушы мен оқытушыға арналған компьютер, интерактивті тақта, Vsual Basic программасы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. • Оқушылармен амандасу • Оларды түгелдеу

• Тыныштандырып, назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасы: Символдар бойынша жолдарды өңдеу. Сұрақтар:

  1. Файл дегеніміз не?
  2. Қажетті мәліметтер қалай сақталады?
  3. Файлдың түрлері қандай?
  4. Мәліметтер қоры дегенімізді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ: Компьютерлік модельдеу: Бүгінгі сабағымыздың ұраны ретінде программист Чарльз Беббидждің мына сөздері айтқым келіп тұр: «Мен естіп - ұмыттым, көріп - есте сақтадым, орындап - түсіндім!». Бұл сөздерден не ұқтыңыздар?

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки


Тексерген:

Директордың оқу ісінің меңгерушісі

___________________Мункенова К.Қ.

Мерзімі: 08.02.17ж

Сабақ: 21-22

Сынып: 10к

Пән: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Анимация, мультимедиа.

Сабақтың мақсаты: Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу.
Білімділік:

1. Кескін, графикалық объектілерді салуда API функцияларын пайдалана отырып, жаңа ұғымдар түсініктермен таныстыру

2. Анимацияланған объектілер,  мультимедиа компоненттерімен қолданбаларды жасауды үйрену.

Дамытушылық: Өздік ойын дәлелдеп, тұжырымдай білуге жетелеу. Зейінін, ойлауын, есте сақтауын дамыту. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Бағдарлама жазу барысында тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, пікірлесіп – түсіндіру.
Оқыту құралдары: Мультимедиялық проектор, оқушы мен оқытушыға арналған компьютер, интерактивті тақта, Vsual Basic программасы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу
• Оларды түгелдеу

Тыныштандырып, назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы: Символдар бойынша жолдарды өңдеу.
Сұрақтар:

  1. Файл дегеніміз не?

  2. Қажетті мәліметтер қалай сақталады?

  3. Файлдың түрлері қандай?

  4. Мәліметтер қоры дегенімізді қалай түсінесіңдер?


ІІІ. Жаңа сабақ: Компьютерлік модельдеу: Бүгінгі сабағымыздың ұраны ретінде программист Чарльз Беббидждің мына сөздері айтқым келіп тұр: «Мен естіп - ұмыттым, көріп - есте сақтадым, орындап - түсіндім!». Бұл сөздерден не ұқтыңыздар? Яғни қандайда бір құбылыстың, процесстің мағынасын түсіну үшін алдымен оны өзің орындап, өзіміздің бойымыздан өткізуіміз қажет. Әйтпесе, біз тек қана есте сақтаймыз да, оны терең ұғына алмаймыз, бізге тек қана түсінеміз, біраз уақыт өткен соң бәрін ұмытып қаламыз.

Сабақтың мақсатын айтып өту: Бүгін сабақта біз  Visual Basic ортасында графикалық объектілерді бағдарламалау және оғана қарапайым анимация жасауды үйренеміз.

1. Көзін жұму-ашу

1-сурет 2-сурет

  1. Формада екі графиктік алаң орналастыру Image1 және Image2.

  2. Image1-ге 1-ші суретті орналастыру, Image2-ге 2-ші суретті орналастыру. Оларды орналастыру үшін:

    • Құралдар қатарындағы Image басқару элементін формаға орналастыру.

    • Қасиеттер терезесіндегі Image-ге басып, көп нүктеге басу және суреттің қай жерде сақталғанын тауып қою. Екі суретке де солай жасау.

  3. Қасиеттер терезесіндегі SizeMode графиктік алаңы AutoSize болып тұруы керек.

  4. 2-ші суретке Қасиеттер терезесінен Visibl терезесіне – True деп қою керек

  5. 1-ші суретті екінші суреттің үстіне орналастыру керек.

  6. Анимация болу үшін формаға екі таймер қойылады. Екі суретке арналған.

  7. Бірінші таймерге қасиеттер терезесінен төмендегідей қоямыз:

    • Interval: 400

    • Enabled: True

Интервал кадрлардың қанша уақытқа орын ауысатынын көрсетеді. Егер аз қойылса онда кадрлар тез қозғалады (көз тез жыпылықтайды) .

True- ге Enabled қойылса бірінші таймер жұмыс істейді.

  1. Таймер1-ге екі рет тышқанды шертеміз, программалаушы бет ашылады. Тimer1_Tickбірінші таймер үшін және төмендегі кодты жазу керек:

  2. Image1.Visible = False '1-ші суретті көрінбейтін етеді

  3. Timer1.Enabled = False '1-ші таймерді қосады

  4. Image2.Visible = True '2 суретті көріеті ету

  5. Timer2.Enabled = True '2-ші таймерді қосады

Timer2.Interval = 400

  1. Таймер2-ге екі рет тышқанды шертеміз, программалаушы бет ашылады. Тimer2_Tickбірінші таймер үшін және төмендегі кодты жазу керек:

  2. Image2.Visible = False '2-ші суретті көрінбейтін ету

  3. Timer2.Enabled = False '2-ші таймерді қосу

  4. Image1.Visible = True '1-ші суретті көрінбейтін ету

  5. Timer1.Enabled = True '1-ші таймерді қосу

Timer1.Interval = 400

  1. Барлығы жазылып болды. Енді бағдарламаны орындауға жіберуге болады.

Microsoft Power Point программасында әртүрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац, түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диагрммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.
Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін, Слайдты көрсету - Анимация қосу(Показ слайда - Настройка анимации) командасын орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу(Показ слайда) сұқбат терезесі ашылады(3. 1 - сурет). Бұл сұқбат терезеде слайдтың әрбір элементіне уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгету немесе басқа эффект беру әрекеттерін орындай аламыз. Сұқбат терезенің Уақыт(Время) ішкі бетіне көшеміз де, Анимациясы жоқ объектілер(Объекты без анимации) тобындағы қажетті элементті белгілеп, Қосу(Включть) батырмасын шертеміз. Слайдтың барлық элементтеріне анимация қосу үшін, лоардың әрқайсысынCTRL пернесін басып тұрып белгілейміз немесе жеке - жеке жоғарыда айтылған әрекетті қайталаймыз.
Осы әрекет орындалған кейін, анимация қосу әрекеті таңдалған элементтердің тізіміАнимациялар тізімі(Порядок анимации) өрісінде көрінеді. Бұл өрістің оң жағындағы батырма слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту мүмкіндігін береді. Ретін өзгертуге қажетті элементті тышқанды шерту арқылы белгілеп аламыз да, жоғарғы жағындағы батырманы шертетін болсақ, слайдты көрсету кезінде алдымен екінші элемент одан кейін бірінші элемент пайда болады. Бұл өрістің оң жағында сдайдтың үлгісі орналасқан, Көру(Просмотр) батырмасын шерту арқылы эффектілерді қадағалап отыра аламыз. Уақыт(Время) астарлы бетінде элементтердің пайда болу уақытын көрсету мүмкіндігі бар. Анимациялар реті(Порядок анимации) өрісінде қажетті элементті таңдап алып, тышқанның шертуімен немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болуы керектігін белгілей аламыз.
Microsoft Power Point программасында дайндалған презентацияны
көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Бірқатар дыбыстар(мысалы, жазба машинкасының дыбысы, қол шапалақтау т. с. с.) Анимациялар эффектілер(Эффекты анимации) саймандар тақтасынан іске қосылады. Бұдан басқа коолекцияда көптеген музыкалар мен бейнеклиптер бар. Осы коллекцияны қолдану үшін, Енгізу - Кино және дыбыстар(Вставка - Кино и звуки) меню командасының қажетті ішкі командасының бірін орындаймыз.
Ішкі командалары: Коллекцядағы кино(Кино из коллекции), Файлға
сақталған кино(Кино из файла), Коллекцядағы дыбыс(Звук из коллекции), Файлға сақталған дыбыс(Звук из файла), Компакт дискідегі жазба(Запись из компакт диска), Дыбыс жазу(Записать звук). Коллекциядағы кино немесе Коллекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне(Видео) немесе Дыбыс(Звук) ішкі беттері ашылады. Қажетті бейнеклип немесе дыбыс шарт белгісін ерекшелеп Енгізу(Вставить) батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.
Слайдқа музыканы, дыбысты немесе бейне - клипті көрсету режимінде белгілі бір уақытта тыңдаймыз етіп есептеп енгізуге болады. Үнсіз келісім бойынша, слайдты көрсету режимінде енгізілген киноны немесе дыбысты тыңдау үшін, оның шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту керек. Ал, тыңдау тәсілін өзгерту үшін слайд режимінде музыкалық клиптің немесе дыбыстың шарт белгісін ерекшелеп алған соң, Анимация қосу(Настройка анимации ) командасын орындаймыз. Осы кезде, Анимация қосу(Настройка анимации ) сұқбат терезесінің Таңдау параметрлері(Параметры воспроизведения) ішкі беті ашылады(3. 4 - сурет).
Қажетті өрістерді белгілеп, Параметрбатырмасын шертеміз. Қосымша параметрлер (Дополнительные параметры) сұқбат терезесі ашылады(3. 5 - сурет). Бұл сұқбат терезеде музыканы үздіксіз ойнату, аяқталған соң басынан бсатап қою мүмкіндігі бар. Үздіксіз тыңдау(Непрерывное воспроизведение), Аяқталған соң басынан бастап қою(После окончания установить на начало) тиісті өрістің қанат белгісін көрсетіп қоямыз.
Дыбыс, музыка және бейнеклиптер Power Point программасында объект түрінде енгізіледі. Дыбыс немесе бейнеклиптерді әмбебап ойнауыштың(универсальный проигрыватель) объектісі ретінде тыңдау үшін Енгізу - ОбъектВставка - Объект) командасын орындаймыз да, Мультимедиа клипі(Клип мультимедиа) қатарында тышқанды шертеміз(3. 6 - сурет). Бұл кезде дыбысты немесе бейнеклипті тыңдау Windows жүйесімен бірге орнатылған әмбебап ойнауыш көмегімен жүзеге асады. Әмбебап ойнауыш мультимедиа файлдарын және компакт - дискілер мен бейнедискілер сияқты құрылғылардан тыңдау мүмкіндігін береді.


IV. Практикалық жұмыс.

1-орнынан секіретін бағдарламасын құру.



2-көбелекті ұшыру.

3-шарды домалату



Private Sub Command1_Click() ' батырманы басқанда Timer1 және Timer3 қосылады

Timer1.Enabled = True

Timer3.Enabled = True

End Sub


Private Sub Timer1_Timer()

Shape1.Left = Shape1.Left + 25 ' Shape1 оңға қарай 25 қосыла отырып қозғалады

End Sub


Private Sub Timer2_Timer()

Shape1.Left = Shape1.Left - 25 ' Shape1 25-ке солға қарай қозғалады

End Sub


Private Sub Timer3_Timer()

If Shape1.Left Если Shape1.Left сол жақ стенкаға соғылады)

Timer1.Enabled = True ' Timer1 қосылады

Timer2.Enabled = False ' Timer2 өшеді

End If

If Shape1.Left = 4000 Then 'Если Shape1.Left оң жаққа соғылады)

Timer2.Enabled = True ' Timer2 қосылады

Timer1.Enabled = False ' Timer1 өшеді

End If

End Sub.


V. Үйге тапсырма: Светофордың қосылып өшу бағдарламасын жасау.


VI. Сабақты бекіту:
1. Анимациялық эффектілер деген не?
2. Анимациялық эффектілерді қосу әрекетін қалай орындауға болады?
3. Мәтін элементтеріне(әріп, сөз, сөйлем, абзац) анимациялық эффектілер қосуға бола ма?
4. Графикалық объектілер мен диаграмма элементтеріне эффектілер қалай қосылады?

VII. Рефлекция. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін бақылау.


VIII. Оқушыларды бағалау. Бір – біріне сұрақ қою арқылы бағаланады.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее