БҚО Казталов ауданы
Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна
Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері
Мақсаты:
Оқушылар өткен негізгі мәселелерді қайталай отырып, арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері туралы білімдерін тиянақтайды, қорытындылайды.арифметикалық амалдарды орындай отырып, ой-өрістерін дамыту: математикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Қолданылған технология: СТО технологиялары
Сабақтың барысы
І. Психологиялық дайындық
Сабағымыз басталды,
Қосамыз да,аламыз
Аламыз да, қосамыз
Математиканы білеміз,
Сондықтан да сүйеміз
ІІ. Қызығушылықты ояту
«Аквариум» стратегиясы /2 топтан 2 оқушы шығады/
Математика сабағы саған ұнай ма?
Математикадан нені оқып үйрендік?
«Ортада қалам» стратегиясы /сұрақтарға топ ішінде оқушылар жауаптарын айтады/
І топ:
Оқып үйренген сандардың ең кішісін және ең үлкенін ата.
Сен білетін ең үлкен саннан артық сан болуы мүмкін бе, мүмкін емес пе?
ІІ топ
Қандай кластардың атауларын білесің?
Әр класта неше разряд бар?
ІІІ. Мағынаны тану
Арифметикалық амалдар жайлы не білетінін толтырады
/Әр топтан 1 оқушыдан шығып жауаптарын жазып, түсіндіреді/
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Солға-солға түзу түр.
Оңға-оңға түзу түр,
Алға қарайбір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық
/әр топ картаны толтырады/
Есептерді топ ішінде шығарып, екінші топ тексереді/
Топтан бір оқушы шығып нәтижесін айтып, дәлелдейді/
ІҮ. Ой толғаныс
Қосу және азайту амалдары жайлы түсініктерімізді қорытындылайық.
Ү. Бағалау
Бағалау парағы бойынша топ басшылары қорытынды жасайды
ҮІ. Үйге тапсырма беру
№7