«Зима 2025»

«Ауылдағы 10 күн»жобасы аясында

Ауылға барған күннен бастап табиғатының, қысқы көрінісінің,ауылдың таза ауасымен ұйыған тыныштығы кімді де болса өзіне тартып тұрады. Ауыл өмірінің қызықты сәттерін ұсынамын.

Ауыл таңының атуы да ерекше, жер жүзін нұрға бөлер күніміздің енді көтерілген сәтін де назарымыздан тыс қалдырмауға тырыстық.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Ауылдағы 10 күн»жобасы аясында

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Мен 6 Г сынып оқушысы Төлеутай Сұлтан «Ауылдағы 10 күн»жобасы аясында қысқы демалысымның 10 күнін ауылда өткізіп, ауыл тарихымен,тіршілігімен таныстым.

Қазір сіздерге ауылдағы тіршіліктің 1 күнін ғана ұсынбақпын. Бұл жобаны дайындамас бұрын мен әр күніме есеп беріп арнайы күнделік бастадым міне осы күнделігімнің ретімен жоба қорғауға дайындығым басталды.

Алғашқы күндерім де ауылдың тыныс-тіршілігімен таныссам,екінші жартысында ауылдың жан-жақтылығына көзқарасымды қалыптастырдым.

Мен барған ауыл Нарманбет ауылы,Сарыөлең қыстағы. Аға мен жеңгемнің ауылында болдым.

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.   -деп Фариза Оңғарсынова апамыздың осы бір өлең жолымен бастап «Ауылдағы он күн» тақырыбында дайындаған жобаммен таныстырсам деймін.

Ауылға барған күннен бастап табиғатының, қысқы көрінісінің,ауылдың таза ауасымен ұйыған тыныштығы кімді де болса өзіне тартып тұрады. Ауыл өмірінің қызықты сәттерін ұсынамын.

Ауыл таңының атуы да ерекше, жер жүзін нұрға бөлер күніміздің енді көтерілген сәтін де назарымыздан тыс қалдырмауға тырыстық.

/ауылдағы таңғы видео ұсыну /

Күн тәртібіндегі тіршіліктің бастауы от жағумен басталып ауыл тіршілігі таңмен таласа қызып кетеді. Өздеріңіз көріп отырғандай ауыл тіршілігі оның ішінде қыстаудағы тіршілік. Мен ағама мал суарып, жем-шөбін салудан бастадым. Қойлар ауыл маңындағы жайылымға шығарылды,түнімен қорада тұрып ашыққан қойлар ентіге жайылуда. "Жақсы ит иесінің көзі, құлағы" демекші иесінен алыстамай, қойды торауылдап жүрген ақылды иттерді көресіздер. Мал жайылымынан келгенше ағам екеуміз қораны тазарту жұмыстарын жасадық.

Жеңгеммен әпкелерімнің үй шаруасынан қолдары босамайды. Нан жәйіп,кеспе кесіп үй шаруасын шыр айналдырып шығады. Үй шаруасымен дала шаруасын аяқтап бір кез әпкелеріммен серуендап,ойнапта алдық.

Ауылдағы он күн жобасының қорытындысы бойынша мен келешекте арнайы маман иесі болған кезде ауыл шаруашылығына, құрлыстық шаруашылық қоссам деген арманым бар.

Ауыл өмірі - әрдайым қызық қой. Оның қызықшылығы - күйбең тіршілігі мен бір қатар қиыншылығында. Осы сәттен кейін ауылда өмір сүргім келіп кетті. Барлық жағдай жасалған қалаларда өмір сүріп, әбден етім үйреніп кеткен мына менің, ауылда өмір сүріп, оның қиыншылықтарына шыдау, екі талай дүние сияқты болып көрінеді. Бірақ та, маңдайыма ауыл өмірі жазса, бәріне көндігіп, үйренісіп кетер ме едім...



Балқаш қаласы ,

«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясы»КММ

«Ауылдағы 10 күн»жоба жетекшісі

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ерубаева Риза Берікқызы

6гсынып оқушысы Төлеутай Сұлтан



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее