«Зима 2025»

Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы!

Балаларды өлең жаттау, ән айтуға үйрету. Мерекелік көңіл күй сыйлау. Бір-бірін сыйлауға адамгершілік қасиеттерін ұмытпауға үйрету.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

«Кәусар» шағын орталығы











Ертеңгілік

Тақырыбы: Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы!

«Бөбектер» тобы











Тәрбиеші: Талипова Маржан

















Ақшұқыр селосы

2016 жыл


Тақырыбы: Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы.

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәртиелеу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекілік: Жалаушалар, түрлі-түсті шаралар.


Маржангүл:

Армысыңдар балалар, бармысыңдар

Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып

Армысыңыздар, бәріңде бармысыңдар!

Қош келдіңдер, ата-аналар, әріптестер, құрметті қонақтар!

Құрметті «Кәусар» балабақшамыздың көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз!

Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын! Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер, келешектің кеменгері болыңдар, демекпін.

Баршамызды бала тілмен баурайтын

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата-ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Мария: Бүгінгі 1-маусым балалар күніне арналған салтанатты мерекемізді ашып беру үшін және бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін балабақша әдіскеріне береміз.

Ән айтайық қосылып

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт

Балалар деп үлгілі

Ән шашу: «Біз өмірдің гүліміз»

Маржан: Бала деген балдар балдерсің, ел еркесі

Әрбір үйдің шаттығы берекесі

Енді кезек берейік жыр шумаққа

Балалардың кенелген қуанышқа – дей отырып мерекеге арналған жыр шумақтарына кезек берейік.

Дархан: Сыйлаймын мен әнімді

Сізге арнап жаттаған

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын достарым!

Аружан: Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Мол денсаулық, бақыт

Тілейміз біз балалар.

Ерген: Бейбітшілік құсы ақ көгершін

Биік ұшып самғасын.

Тілегімізді жерге жайсын

Қанаттары талмасын.

Аяулым: Шәй ішетін қоюлап,

Жақсы көрем анамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.

Мария: Балалардың бақшасында бүгін той

Балаларды қорғау күні біліп қой

Тақпақ айтып кезектесіп бір-бірлеп

Шығайықшы ортаға біз қане!

Ермағанбет: My motherland, my dear land

Let my land be in peace

Be happy land,

Be happy people

Be joyful people of Kazakhstan.

Камила: Қазақ елі – ұашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі,

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт өмір сүреді.

Меруерт: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Маржан: Балалар аман болсын әр үйдегі

Таусылмасын ананың әлдегілері

«Қуыршақ» биін билейді томпаң қағып

«Балапанның» шуақты сәбилері

Ортаға «қыздар» «бөбек» тобы бишілері «Қуыршақтары» биі

Мария: Ия, рас бала болған бәрі де,

Салады олар балалықтың әнінде

Бала кезді еске алып отырсақ

Сол емеспе тіршіліктің мәніде! – дей отырып Тұрғанбай Айару орындауында «Балабақша бағында» әнін қабыл алыңыздар.

Маржан: Ән көмейден төгілді

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние көріікті де көңілді, - дей отырып ендігі кезекті тағы да балаларымыздың жыр тақпақтарына берейік.

Айсезім: Жан біткендей тас тауға

Шуақ ойнап арайлы

Күн күлімдеп аспанда

Мамыр әні тарайды.

Данияр: Енді бүгін қарасам

Айналам бақыт кен жатыр

Бірімен бірі туысқан

Қол ұстасқан ел жатыр.

Аянұр: Достығымыз жарасқан

Ақпыз, қара, сарымыз

Қара жер мен көк аспан

Ортақ дала тауымыз.

Мейіржан: Ана көркі көгімнің

Ана нұры жерімнің

Мақтанышы елімнің

Сая: Келіңдер той мереке жасайық

Саған ыстық құшағымды ашайық.

Мария: Бірге болсын ойымыз

Құтты болсын ойымыз

Қыздарымыз шаттана

Орыс биін билеп берсін қуана, - дей отырып «Матрёшка» биімен биші қыздарымызды қарсы алайық.

Маржан: Бүгін қызық бүгін той

Бәрің оны біліп қой

Әнде салып, би билеп

Жалғастырсын ойда ой.

Сайқымазақтар бізге қызықты да көңілді ойындар ала келіпті. Ендеше, балалар біздің ойын ойнағымыз келеді ғой. «Орныңды тап» ойыны балалар 2 топқа бөлінеді.

2 сайқымазақ әр топқа басшы болады.

Ойын: Кім жылдам?

Мария: Мерекеміз қызықты өтіп жатыр, мінеки

Үлкендер де кіші де қуанады балаша

Жаз маусымы келіпті, бақшамызға қуана

Ән айтады бүлдіршін, көбелекті шырғата, - дей отырып балаларымыздың орындауында «Көбелектер әнін қабыл алыңыздар!

Маржан: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Осылай болсын әрбір күнің арайың

Қадамдарың сәтті болсын балалар

Тілектерің қабыл болсын ағайын!

Бақшаға біз гүл еккен,

Балдырғаным, сен үшін,

Жігіт болар, күн ертең

Балдырғаным, гүл еркем

Бақытты боп өсе бер

Құтты болсын мерекең! – дей отырып бүгінгі салтанатты мерекемізді аяқтаймыз.

Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее