«Зима 2025»

"Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты"

Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты

І. Кіріспе

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл — әр жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қоғамның және экономиканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту қажеттігі тұжырымдалғаны тегін емес. Қазіргі заманғы білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл отқарады. Демек, осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде елімізде білім алушылар үшін баршаға бірдей сапалы білімге, үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуге кеңінен жол ашылып, коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту мүмкін болмақ.

Білім беру адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі. Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі мақсаттардың бірі – жастарды сапалы біліммен, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Орыс педагогі К.Д.Ушенскиий айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Мұғалімнің мақсаты: Білім, ғылымның даму қарқыны, өндірістің үнемі жаңа құралдармен жабдықталуы, заман талабына сай жаңалықтар ашу бізге өмір бойы оқып – үйренуді талап етеді. Осыған орай, қазіргі кезде білімді үздіксіз жетілдіріп, «өмір бойы оқу» қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте мемлекет тарапынан өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оған жағдай жасауц қарастырылған. Басты мақсат – адамдардың білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Міндеті: Білім беру адамның дүниені тану процесін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс — әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

ІІ. А) Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері

Бүгінгі қоғам – үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Ақпараттың маңызы өскен сайын ол тез ескіретін болуы да заңды құбылыс. Қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласын қамтып отырған ақпараттық – технологиялық инновациялар ел дамуына шешуші рөл атқаратын маңызды факторлардың біріне айналып отыр.

Білім беру саласын ақпараттандыру қоғамды ақпараттандырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да білім беру мекемесінің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың білім мазмұнының жаңаруына сай сапалы білім алуына қажетті мүмкіндік жасау, яғни жоғары ақпараттық – коммуникациялық әлеуеті бар білім беру ортасын құру.

Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері:

· Кәсіптік жаңашылдық қызметі;

· Біліктілігін көтеру;

· Кәсіптік тұлғасы;

· Әдістемелік жұмыстар;

· Сыныптан тыс жұмыстар;

· Педагогикалық қоғамдық қызметі.

Мұғалімнің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтиже үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру;

2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағытттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Мұғалімнің кәсіби деңгейін дамыту бүгінгі таңда әдістемелік жұмысының жүйелі, жаңаша бағыт негізінде ұйымдастыруды көздейді. Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады».

Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

· педагогикалық – психологиялық деңгейін көтеру;

· оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу;

· өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;

· авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету;

· педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.

Мұғалімнің кәсіби өсуінің өзекті мәселелері:

· кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту;

· біліммен қамтамасыз етудің ғылыми — әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту;

· оқытудың алдыңғы қатарлы оқу – тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою;

· білімдегі жаңашылдықты саралау;

· білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру;

· қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Мұғалім жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде әрбір ұстаз өз пәнінің аясында қалып қоймай қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек ете білуге баулуда кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт қызметкерлерінің атқаратын жұмысы аз болмайды. Олар:

· заман талабына лайықталған курстар ұйымдастыру;

· оқу семинарларын ұйымдастыру;

· байқаулар, олимпиадалар, конкурстар;

· педагогикалық оқулар, т.б.

Ә) Мұғалімнің кәсіби ізденісі.

Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияларды ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпы адамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырылуда.

Ұрпақ тәрбиесінің өзектілігі қазіргі таңда қоғам алдында бұрынғыдан да өткір қойылып отырылуына байланысты, тек білім беруде ғана емес, тәрбие саласында да жаңа технологиялардың қажеттілігі сөзсіз артуда.

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл — әржақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілеттерін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. Себебі, педагогикалық, психологиялық зерттеулерге сүйенсек, мұғалімнің жоғарғы оқу орынында алған теориялық білімді қайта жетілдіру қажет етеді.

Ендеше педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, олардың педагогикалық, әдістемелік жағынан өсуіне аудандық білім бөлімі, мектептегі әдістемелік кабинеттің, Қызылорда қаласындағы ИПК институтының ықпалы орасан зор.

Педагог қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады. Мұғалім қызметі басқа еңбек түрлерінен өзінің ерекше шығармашылық сипатымен өзгеше. Өйткені, нағыз педагог болу үшін үнемі іздену, өз білімін заман талаптарына сай ғылыми – теориялық ақпараттармен толықтырып отыру қажет.

Тәрбие бағытында өз кәсіби біліктерін арттыруға келетін облыс педагогтарымен курс барысында кеңінен пайдаланылып жүрген арттерапия, СТО, АКТ, жобалау, дебат технологиялары, тәрбиенің интерактивті әдістері, соның ішінде тренингьер, топпен жұмыс, т.б. жоғарыда аталған технологияларды да тереңірек зерттеп, өз жұмыстарына шығармашылықпен пайдалану — әр педагогтың кәсіби деңгейінің жоғарылауына апаратын бірден – бір төте жол дер едік. Қай технологияны пайдалансақ та, қанша жерден жаңашыл педагог атансақ та ұлттық тәрбиені, халық педагогикасын жадымыздан шығармайық, яғни өз тамырымыздың үзілмеуіне күш салғанымыз абзал.

Еліміздің білім беру ордаларында уақыт талабына сәйкес инновациялық технологияны қолдану арқылы жаңаша дәріс беру өмір талабынан туындап отырғандығы мәлім. Сондықтан оқушыларға білім беру маманы ретінде сабақта тек пән бойынша дәріс берумен ғана шектелмей, «Халық педагогикасы» саласына қарасты «Ата дәстүр» тәрбиесін заман талабына сай ұштастыра білудің мәнінің зор екендігіне көз жеткізіп келемін.

Жалпы орта мектепте оқушыларға оқу – тәрбие саласы бойынша дәріс беруде әр мұғалім өзінің пәнін игеруде өзіндік ұстанымы болуы керек.

Күнделікті іс – тәжірибе көрсетіп келе жатқандай, күн өткен сайын жетілген заман талабына сай инновациялық тұрғыда біліктілікті ұштастыру әр пән мұғалімінің үйреншікті ісі болуға тиіс.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІ – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ШАРТЫ


Ж.Т.Қамабаева

Сасан би атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі

Тарбағатай ауданы, Құмкөл ауылы


Ел Президенті Н.Назарбаевтың «тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» - деген сөзіне орай, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Кезінде Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: «Егер келесі өмірде жақсы өмір сүргің келсе, онда осы өмірде тақуа бол, осы өмірде жақсы тұрмыс кешсем десең саудамен айналас, ал егер екі өмірде де жақсы өмір сүргің келсе, білім ізде», - деп. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан – жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз.

Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдық білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім концепциясына сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын, өзінің іс - әрекетінде де барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын, ізденгіш, талап қойғыш, кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу керектігін білдіреді. А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».

Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып табылады, сол себепті сабақ үрдісінде тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері қажет. Өз ісінің шебер маманы – ол үнемі ізденгіш, өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, өз жұмысын өте сүйетін және жақсы білетін әрбір жағайларда шешімді жол тауып, жылдам да ұтымды қимыл - әрекет көрсететін адам. Ендеше қазір мектептің алдында тұрған міндет – дәл осындай мамандарды тәрбиелеп шығару. Сол мамаңдар арқылы экономикасы дамыған, әрбір тұрғыны өзін әлеуметтік жағынан қорғанышта екендігін сезінетіндей гүлденіп дамыған ел боламыз. Сол себепті білім беру жүйесінде болашақ мамандарды даярлай алатын, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білетін, мәдени және рухани жағынан жоғары дамыған мұғалімдер жұмыс істеуі қажет.

Қандай реформа болмасын оны іске асыратын адам мұғалім болғандықтан педагог кадрларды қолдау мына бағыттарда іске асырылуы тиіс: біріншіден, оларға бүгінгі парасатты экономикаға сай адами капиталды қалыптастырудағы мектептің жаңа миссиясын түсіндіру; екіншіден, осыған сай білім беруде нені өзгерту қажеттігін ұғындыру; үшіншіден, педагог кадрлардың өздерінің жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру; төртіншіден, құзыреттілікке негізделген жаңа біліктілік сапасын белгілеу, соған сай кәсіби өсіп отыруына жағдайлар туғызу.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы,жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Бүгінгі таңда, балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М.М.Жанпейсованың оқытудың модельді технологиясы және Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады.

Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн - жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны.Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

-оқыту мақсатының нақты қойылуымен,оның ғылыми негізделуі,оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

-оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру,басқару және бақылау деп түсіну керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын екшеп, пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық. Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.

Қазір біздің мемлекетімізде білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатыр, білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда, бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.

Елімізде Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы (концепциясы) қабылданды. Бұл тұжырымдаманың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау. Тұжырымдама мынадай міндеттерді қабылдады:

  1. 12 – жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұны мен оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап көрсету.

  2. 12 – жылдық білім беруге көшудің қаржылық – экономикалық негіздемесін дайындау.

  3. Осы тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін айқындау. Одан әрі Тұжырымдама қандай бөлімдерден тұратыны көрсетілген.

Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің еңгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.

Біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі деңгейінде мұғалімнің ролі, көтерер жүгі ерекше. Бұл Республикамыздағы жаңа оқу Тұжырымдамасының мазмұнына сәйкес, оқушының көптеген тапсырмаларды өз бетімен ізденіп тауып оқуына, оның жеке тұлғасының қасиеттерінің дамуына байланысты.

Қазір мұғалімнің алдында мынадай міндеттер аса маңызды:

  1. оқушы сабақ оқығысы келуіне дағдыландыру (өз пәніне қызықтыра білу)

  2. өз пәнінің мазмұнын жетік білу

  3. оқыту әдістемелерінің сан салалы түрін меңгеру.

Осы орайда қазіргі Қазақстан Республикасы мұғалімінің келбеті мынадай болуы керек деп есептеймін:

  1. білімі өте кемелденген, жан-жақты адам болуы;

  2. психологиялық тұрғыдан алғанда өте сыпайы, бала жанына жара түсірмей, оған тек мейрімділікпен, жүрек жылуымен ғана оқушыны жеке тұлға деп қарайтын мәдениеті аса дамыған адам болуы;

  3. ата-аналармен болсын, оқушылармен болсын, өз әріптестерімен болсын – қарым-қатынаста рухани білімі (духовность) өте жоғары дамыған болуы.

Осы үш қасиетті бойына дарытқан адам ғана мектепте мұғалім болып істесе, өз миссиясын дұрыс орындап жүрген адам деп есептеуге болар еді.

Мен өз тәжірибемде жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялардың ішінен қолданып жүргендерім – Шаталовтың оқу материалын сызба, тірек-конспектілер арқылы беруі және М.Жанпейісованың модульдік технологиясы. Тірек-конспектілердің тиімді жақтары-оқушының мынадай мәселеге көңіл аударуын қажет етеді:

  1. Тірек-конспектіні мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы параграфты оқу.

  2. Тірек-конспектінде берілген материалды жадында жақсы сақтап, меңгеру үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық өрнегін,негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу.

  3. Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпалы болатынына.

Тірек – конспектіні пайдалану мұғалімнің уақытын үнемдейді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысында оқушының көз алдында тұрады, есте сақтау қабілетін арттырады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады.

Модульдік технологияға келсек, мұнда білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтер: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік лекция түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады.

Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы – оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді.

Модульдік технология әрбір оқушыны белсенді оқушыға айналдырады, білім сапасының көп жақсаруына жеткізеді. Бірақ әрбір модульді дайындау алдында мұғалімнің де өте көп ізденуін, өте ауқымды материал құрастыруды, әр деңгейге есептер ойластыру, әр ойынға сұрақтар ойлап табу, ол сұрақ, тапсырма, есептердің жауабын дайындап жазып қоюды да талап етеді. Модульдік технология оқушы мен мұғалімнің екеуінің біріге отырып әрекет етуіне негізделген технология болып табылады.

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ.

Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен оқушының территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен оқушыға анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

Дидактикалық жүйе;

Технологиялық жүйе;

Қамтамасыз ету жүйелері.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Әвристикалық;

5. Зерттеу;

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2.Жұмыс дәптері.

3.Анықтама.

4.Оқу, аудио, бейне материалдары.

5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.

Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

Интернет желісін пайдалану;

Әлектрондық поштаны пайдалану;

Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс;

Электронды пошта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды пошта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.











































Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi:




  1. Қ.Қ. Аханова. 12 жылдық бiлiм беру экспериментi:

Жағдайы, проблемалары. «Ұстаз» газетi №19, 2006 жыл 2 бет.

  1. М.М. Жанпейiсова. Модульдiк оқыту технологиясы

Оқушыны дамыту құралы ретiнде. Алматы, 2002 жыл, 4-6 бет, 7-9 бет

  1. Ү.Б. Жексенбаева. 12 жылдық. Диалог-1.

«Учитель Казахстана» газетi, №18-20, 2006 жыл, 8 бет

  1. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта бiлiм беру Тұжырымдамасы. «Казахстанская правда» газетi, 18.08.2005 жыл, 4 бет

  2. Қазақстан Республикасының 2015 – жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы. «Егемен Қазақстан» газетi, 26.08.2003 жыл, 2 бет

  3. Н.Ә. Назарбаев. Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына. «Егемен Қазақстан», 27.05.2006 жыл, 2-3 бет





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее