«Зима 2025»

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

6-сыныпқа арналған сабақ жоспары.Бірайнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу дағдыларын қалыптастыру

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки


КММ М.В. Ломоносов атындағы орта мектеп









Ашық сабақ









Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару.

6 «б» сынып







Өткізген математика пәнінің мұғалімі: Қабдолданова А.Р.


















2017 оқу жылы







Пәні: математика.

Кабинеті -20

Сыныбы: 6 «б»

Мерзімі: 28.01.17.

Уақыты: 13.30


Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар.Т.А.Алдамұратова 6-сынып оқулығы

Мақсаты



Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жазылуын, қандай теңдеулер мәндес теңдеулер болатынын, теңдеулердің қасиеттерін, ах=в теңдеулерінің шешудің үш түрлі жағдайын білу.Тақырып бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын нығайту.Бір-біріне көмек көрсете білу, ұйымшыл, әрі жинақы болу.

Міндеттері

  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу;

  • Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау.

  • Өткен сабақтағы материалдарды қайталау арқылы бекіту.

  • Ынтымақтастық қарым-қатынаста тәрбиелеу.

  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтижелер



Оқушылар тақырыпты бойынша білімдерін толықтырады, топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін айта алады,сыни ойлай білуге үйренеді, ақпаратты тиімді қолдана біледі.

Көрнекілігі



Презентация, проектр,тест тапсырмалары, бағалау парағы.


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

7 мин



Сыныппен амандасамын.

Психологиялық дайындық.

Оқушылар 3 топқа адын-ала бөлінген.Топ көшбасшысын іріктеу.Логикалық сұрақтар арқылы.

Үй тапсырмасын тексеру.Әр топ дайындаған сөзжұмбақтарын жасырады.


  1. Сынып топқа бөлінеді.

  2. Топ ережесін еске түсіреді.

  3. Өзара бағалау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Топпен ақылдасып, сөзжұмбақтың жақсысын таңдап және қорғайды.


Әр топ бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды

Тұсау кесер

Білу


5 мин


  1. Миға шабуыл

«Қайталау- оқу анасы»

  1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

  2. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

  3. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

  4. Егер а≠0 болса, бір айнымалысы бар сызықтың теңдеудің түбірі қалай табылады?

  5. Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер?










Оқушылар ауызша тапсырмаларды орындайды.




Түсіну

5мин

Түрткі сұрақтар арқылы.

Блок-схеманы қолданып бір айнымалысы бар теңдеудің түбірін табуға мысал келтіру.

Блок-схеманы қолдануға мысалдар келтіреді.3мысал.






Негізгі бөлім

Қолдану.


12 мин


Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру. «Ойлан, жұптас ,талқыла».

І топ- №876(1),855(1) ІІ топ-№876(2),855(2) ІІІ топ-№876(3),855(3)

Шығармашылық тапсырма.

Суреттер бойынша теңдеу құрып, оны шығару.

Әр топқа деңгейлік тапсырмалар берілді.Топта шешіп тақтаға шығып талдап түсіндіреді. Қалған топ оқушылары тыңдайды.

Топпен жұмыс жасайды.

Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады.

2 мин

Сергіту сәті. «Билеуші құндыз»

Оқушылар бірге билейді.

Талдау

3мин

Ауызша тапсырмалар орындау. Логикалық тапсырма: «Іріктеу» әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табу.

  1. х(х+3)=10; 2) х(х+7)=18;

3) х(х-1)=42; 4) (х-9)х =36;



Оқушылар есептің жауабын ауызша талдайды.

Жинақтау

5мин

Жеке жұмыс


«Білім таусылмайтын кен». Тест жұмысы АКТ қолдану арқылы

тест тапсырмасын орындау.



Оқушылар тест жұмысы бойынша дәптерлеріне жауап береді, бірін-бірі тексереді.

Қорытынды

2 мин






Кері байланыс

Критериалды бағалауға бейімдеу

Топтардың бағаларын талдау

Қорытынды бағаны шығару

Бағдаршам арқылы бағалау

Түсінгенін білу үшін қолданыңыз.

Мысалы:

  • Қызыл түс – түсінген жоқпын;

  • Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

  • Жасыл түс – барлығы түсінікті.


Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.



Оқушылар бағдаршам түстері бойынша таңдаған түстерін көтеріп бағалайды.

Үйге тапсырма

1 мин

Өзіндік жұмыс №4тапсырма

Жәутіков О.А. реферат.


Оқушылар күнделіктерін ашып, үй тапсырмасын жазып алады.

Бағалау

2 мин

Бағалау критерий бойынша жинаған ұпайларын даму мониторингіне жазып жиынтық бағаны шығару.

Топ жетекшісі жалпы ұпай санын шығарады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее