«Зима 2025»

"Біз бақытты отбасымыз" шығарма

Отбасы туралы шығарма. Барлық оқушылар қолдануға болады.

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Біз бақытты отбасымыз

Отбасы деген не? Отбасы деген ол шағын мемлекет,сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Отбасы деген бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы, тәрбиелі болуы осы отбасында қалыптасады деп ойлаймын. Баланың тәрбиелі, инабатты болып өсуі, болашақта қоғамда өз орнын таба білуі берекелі, ынтымағы мол отбасыға байланысты.

Енді мен өз отбасыма тоқталып өтсем, менің отбасым айрандай ұйыған, тату –тәтті, бірлікті өмір сүріп жатқан қарапайым отбасы. Менің жанұямда барлығы бес адам. Әжем, әкем, анам, мен және інім. Қара шаңырағымыздың ақылшысы –әжем. Әжем үнемі бізге дұрыс жол сілтеп, үлкендік ақылын айтып, ата –анамды дұрыс жолға салып, қате жібермеулеріне септігін тигізіп отырады. Әжем Майра қазіргі таңда зейнетте. Інім Расул екеуімізге үнемі сабақ дайындауымызға көмектеседі, білгенін үйретеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Менің жанұямның ұстаздары әкем - Саят, анам - Ирина. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей, әкеміз інім Саят екеуіміздің ұлтжанды,намысты, адами қасиеттерді бойымызға сіңіріп өсуімізге ерекше назар аударады. Үнемі бізге ақылын айтып, білгенін үйретіп жүреді. Ал, анам орыс ұлтынан. Анам орыс ұлтының қызы болса да, қазақ халқының барлық салт-дәстүрін сақтайды. Біздің де өз ұлтымыздың салт- дәстүрін сақтауымызды, қазақша сөйлеуімізді талап етіп отырады. Анам тағамды өте дәмді дайындайды. Бізді үнемі өзінің тәтті-дәмділерімен еркелетіп отырады. Қазақтың ұлттық тағамы бесбармақты өте дәмді дайындайды. Анамыз орыс ұлтының қызы болғандықтан орыстың да ұлттық тағамдарын да дайындап береді.

Біз, әр мерекені, отбасылық туған күндерді үнемі бірге қарсы аламыз. Үнемі әр мерекеде анамыз дастархан дайындайды. Барлық жанұямызбен сол дастархан басында жиналып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейміз.

Інім Расул екеуіміздің еркелігімізді, аяғымызды шалыс басып қателескен кездердегі қателіктерімізді түсініп, ақыл –кеңестерін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке-шешеміз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, отбасында көрген тәлім- тәрбиенің арқасында біз көкірегі ояу, есті болып өсеміз.Осы ата –аналарымызға қарап, бір –бірімізді демеп, сүйеу бола отырып, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан көрінеміз деп ойлаймын. Ата –анамыздың тәрбиесін көрген біз, інім Расул екеуіміз оларды жерге қаратпай, болашақта еліміздің беделді азаматтарының бірі боламыз деген үміттемін. Мен өз отбасымды жақсы көремін, әрі бағалаймын. Менің отбасым - менің қамқоршым. Мен өз отбасыммен мақтанамын



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее