«Зима 2025»

Бізді қоршаған орта

Барлығы: Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату, тыныс белгілерін қолданады;

Көпшілігі: Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды;

Кейбірі: Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратады, тыныс белгілерін қолданады, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қарағанды облысы Балқаш қаласы «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп –гимназиясы» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Кашкынбаева Назгул Шалгынбаевна

Пәні: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем.Табиғат және адам.

Сыныбы: 2 Б

Сабақтың тақырыбы

Лепті сөйлем

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату, тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану.

2.2.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

Жетістік критерийлері

Барлығы: Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату, тыныс белгілерін қолданады;

Көпшілігі: Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды;

Кейбірі: Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратады, тыныс белгілерін қолданады, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

П Пәнаралық байланыс

Белсенді тақтадан суретті қарау арқылы АКТ пәнімен байланыс, музыка желісімен сергіту сәтін орындау арқылы музыка пәнімен байланыс, табиғат, қоршаған ортаны қорғау жаратылыстану пәнімен байланысады.

Алдыңғы меңгерілген білім

«Әңгіме оқуды дамыту» тақырыбы бойынша мәтіндермен жұмыс орындалған.Суретке қарап көріністі әңгімелей алады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында таныстырылым көрсеткенде қолданылады, жаратылыстану, дүниетану пәнімен байланысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Саралау

Сабақтың басы

1 мин



5мин

Бүгінгі сабағымыз ерекше. Қазақ тілінен өтетін ашық сабаққа қош келдіңіздер дей отырып, барлығымызға жақсы көңіл-күй, сәттілік тілеймін!

Ыстық лебіз!

Оқулықтағы өлеңді тыңдату.

Түрткі сұрақтар

-Өлең не туралы?

-Табиғатқа нелер жатады?

- Бізді қоршаған орта не деп аталады?

- Өлеңге ат қояйықшы. «Туған өлкем» .

-Туған жеріміз туралы айтып кетейікші.

-Туған жеріміз қалай аталады? -Қазақстан Р.

-Біз қандай елміз? Тәуелсіз елміз.

-Алдымызда қандай атаулы мерекелер келе жатыр?

Олай болса «Еркін микрофон» әдісі бойынша алдымызда келе жатқан мерекелерге қандай тілек айтар едіңдер?

-Еліміз жайнай берсін!

-Тұңғыш президент күні құтты болсын!

(МК,Ұ) Осы сөйлемдерді қандай көңіл-күймен айттық? Жақсы көңіл-күймен . Көңіл күймен айтылатын сөйлемдер болады. Ол үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады. Ол қандай сөйлем деп ойлайсыңдар? Иа, Лепті сөйлем. Яғни ,бүгін біз Туған өлкем бөлімін бастаймыз.Оның ішінде табиғат және адам бөлімшесіне тоқталамыз. Сөйлемнің тағы бір түрі лепті сөйлемге байланысты тапсырмалар орындаймыз. Өзіміз ереже шығарып көрейікші? (Өздері шығарады)







Тыңдалым

Аудио









Микрофон
















Диалог және қолдау













Қарқын

Сабақ ортасы Жаңа сабақ





2 мин

5 мин







3 мин







1 мин





4 мин





















7 мин

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. Б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді айтамыз. Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

Оқулықтан ережені оқып көрейік.

Дәптермен жұмыс Ұ,МК 4-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Тиісті дауыс ырғағына оқу. Дәптермен жұмыс жасағанда әдемі, таза , түзу отырамыз. Өлең шумағын оқыған кезде көңіл-күйің қандай болды? Өлең не туралы? Күннің қандай пайдасы бар?

Жұппен жұмыс ҚБ К: Хабарлы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырып жазады, тиісті дауыс ырғағымен оқиды.

Бүгін күн жылы. Су өте дәмді.

Судың қандай пайдасы бар? Тіршілігіміздің байлығы. (кері байланыс)

Сергіту сәті Ойын. «Дұрыс, дұрыс емес»

Осы өлең не туралы? Жаңбыр.Табиғат құбылысы.

ӨЖ-Сөйлемнің неше түрі бар? Хабарлы, сұраулы, лепті.

-Семантикалық картамен жұмыс . ҚБ

Бағалау критерийі:

Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратады

Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды

Семантикалық карта


Хабарлы

Сұраулы

Лепті

Орманның ауасы таза

+



Қоршаған ортаны ластауға бола ма


+


Табиғат қандай керемет



+

Дұрыс жауабын тексеру. Ауаның қасиетін айтып жіберейікші. Мөлдір, түссіз, иіссіз. Ауа-өмір нәрі.

Топпен жұмыс. «КОЛЛАЖ» әдісі. Топ ережесін еске түсіру.ҚБ

Білім алушы :

- Лепті сөйлем құрастыра алады;

- Тиісті дауыс ырғағымен оқиды.

Қазір топ болып осы ағашқа тақтадан кез-келген суретті аламыз да жапсырамыз және сол суретке лепті сөйлем құраймыз . Әр топты оқыту. Бас бармақ арқылы бағалау.Мұғалімнің кері байланысы. Сурет туралы не айтасыңдар? Осы суреттерді бір сөзбен айтқанда не дейміз? Қоршаған орта .Табиғат біздің қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы, өсіп өнген мекені, туған өлкесі. ТУған өлкеміз қай қала? Балқаш қаласы несімен көрікті? Көліміз , пайдалы қазбамыз табиғатқа жата ма? . Балқаш қаламызға туралы лепті сөйлем туралы айтып жіберейікші? Сондықтан табиғатымызды қорғау оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу өз қолымызда.

Қорытынды: Сөйлем түрлерін ажырата отырып, атауларын айту.









Слайд

Дәптер



Бағдаршам.











Киылған қағаздар.











Слайд.

























Қарқын

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1423







Қарқын









Дереккөз



























https://imektep.kz/kz/tynys-belgileri

Сабақтың соңы



Кері байланыс Жетістік баспалдағына стикерлерді жапсыру. Жасыл- түсіндім, сары сұрағым бар, қызыл түсінген жоқпын. Мұғалімнің кері байланысы: Сабаққа өте жақсы қатысып отырдыңдар. Әсіресе мына оқушыларды атап өтуге болады.

Жетістік баспалдағы



Үйге тапсырма

Үйге 3-5 тапсырманы беремін. 3 тапсырмада қалақай, гербарий деген таныс емес сөздерді ізденіп, мәлімет жинап келеміз. Кітапханаға, ғаламтордан іздеуге болады.

Оқулық



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар берілген мақалдардың жалғасын бірден тауып, дұрыс айтып, ережелерді жаза алады.

топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау, тақырыпқа сай қажет сөздерді таңдай алу, қажетті сөздерді дұрыс қолдана білуі.

Оқушылармен сергіту сәтін өткізу арқылы денсаулығын қадағалауға және сабақ барысында қауіпсіздік техникасын сақтауларын ескертіп отыру.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее