«Зима 2025»

Бутербродтар дайындау технологиясы тақырыбына сабақ жоспары. 5 сынып

5-сыныпқа арналған "Бутербродтар дайындау технологиясы" тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспары

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

57 Е.Көшербаев атындағы орта  мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі 
Сагынганова Гулбахыт Жасаганбергеновнаның тізбектелген қысқа мерзімді жоспарлау


Пайымдау

Иә

Жоқ

Бутербродты тікелей дастарқанға ұсынар алдында дайындайды.



Өте майлы және ащы өнімдер қосып дайындалатын ашық бутербродтар үшін батонды пайдаланған дұрыс.



Бутербродты тоңазытқышта 4–6 °С температурада сақтау мерзімі 3 сағат.



Канапені дастарқанға ұсынбас бұрын арнайы кішкентай шанышқылар қадайды.



Бутербродқа арналған нан тілімшелерінің қалыңдығы 2 см болуы керек



Мектебі

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шижаға ауылы

Мектеп: №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектеп

4.1А Бөлімі:

Тамақтану мәдениеті

Мұғалімнің аты-жөні:

Сагынганова Гулбахыт Жасаганбергеновна

Сынып: 5 (қыздар)

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бутербродтар дайындау технологиясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде АКТ қолданып).

5.2.4.4 Салқын тағамдарды әзірлеу технологиясын білу және қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Салқын тағамдарды әзірлеу технологиясымен танысу және практика кезінде жасау

  • Жұмыс жасау кезінде АКТ ақпараттарын қолдану

  • Бутербродтардың зиянды және зиянсыз түрлерін қарастыру/салыстыру.

  • Бутерброд түрлерін дайындау әдіс-тәсілдеріне, жасалу жолдарына сипаттама беру

Жетістік критерийлері

  • Адам денесіне зиянды және зиянсыз тағамдарды айыра алады;

  • АКТ ақпараттарын қолдана алады;

  • Салқын тағамдарды әзірлеу технологиясын біледі және практика кезінде қолданады;

  • Салқын тағамдарды әзірлеу үшін керекті құралдар мен тағамдарды қолданады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

  • өздерінің шығармашылық жұмыстарын орындалу үдерісінің сатылы кезеңдерін түсіндіреді (сөйлеу дағдылары) және сипаттайды;

  • өзінің іс-әрекетіне және дайын жұмыстарды орындау бойынша нәтижелеріне талдау жасап, таныстыра алады;

Пәндік терминология

  • Рационы, жабдықтар/құралдар/құрылғылар, фастфуд, бургер, чипсы, фри, бутерброд т.б;

Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мен … пайдалы қасиеттерін білемін.

  • Мен … өзгертер едім не жақсартар едім.

  • Фастфудтың зияны туралы ...

  • Менің ойымша ... тиімді болады.

  • Бутерброд жасау үшін ...

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасады. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Еңбек және шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, жаратылыстану, химия-тағам өнімдерінің құрамы мен ерекшеліктері, пайдалы және зиянды тағамдарды талқылау

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.

Презентация жасау барысында АКТ құрылғыларына жүгіну және топта/жұпта бөлісу.

Бастапқы білім


Оқушылар жалпы асүй жабдықтарын танысып, материалдар мен құралдарды дұрыс қолданудағы қауіпсіздік техникасымен танысты. Асханалық құрал-саймандармен, құрылғылар жұмыс істеу және оларды қолданудың қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер мен білім алды.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сәлемдесу және алдыңғы сабақта таңдалған суреттері бойынша оқушылар топтарға бірлеседі.

Сабақ басында:

  • Оқушылармен амандасу/ тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.

  • Сабақ барысында керекті құрал жабдықтарын тексеру.













































Сабақ тақырыбы мен танысу:

Оқушыларға олардың сабақта үстіндегі іс-әрекеттеріне мақсаттар мен міндеттерді анықтау.

https://www.youtube.com/watch?v=fkZRMrqVZH8

көрсетіліп оқушыларға фасфудтың зияны туралы бейнеролик көрсетіледі.

  • Фастфуд туралы нені білдік?

  • Сендер үшін не жаңалық болды?

  • Адам денсаулығына фастфуд қалай әсер етеді?

3 топқа мәтін таратылады.

1-топ. Ашық бутерброд туралы

2-топ. Жабық бутерброд туралы

3-топ. Басытқылы бутерброд туралы

Мәтінді оқуға уақыт беру, оқып болған соң


Тапсырма №1


Фастфуд

Бутерброд

Адам ағзасына тиімді/тиімсіз жақтары

+/-



Тапсырма №2













3

Оқушылардың деңгейіне қарап тапсырма беру


Практикалық жұмыс

Практикалық жұмыс басталар алдында мұғалім бутерброд жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар мен құралдар дайындады.

Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері туралы инструктаж өткізеді.

Санитарлық-гигиеналық талап сақталуын қадағалау керек.

Топта сарамандық жұмыс жасау. «5-ші сынып асханасы» бағдарламасы түрінде өткізу

1-топ. Ашық бутерброд жасау керек.

2-топ. Жабық бутерброд жасау керек.

3-топ. Басытқылы бутерброд жасау керек.

Бұл тапсырманы топта оқушылар жеке жасайды.

Жұмыс жасай отырып, оқушылармен сұхбат жүргізу.

Қалыптастырушы бағалау:

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалайды

  • Бутерброд әзірлеу технологиясын біледі және практика кезінде қолданады,

  • Бутерброд әзірлеу үшін керекті құралдар мен тағамдарды қолданады.

  • Берілген уақытты ұтымды пайдаланады

  • Қорытынды жасайды



https://www.youtube.com/watch?v=fkZRMrqVZH8


Ноутбук, интерактивті тақта.






Презентация


Сабақтың соңы


Рефлексия:

Оқушылардан бүгінгі сабақта алған әсері туралы ауызша сұрақтар қою арқылы білу

-Бүгінгі сабақ ұнады ма, несімен ұнады?

-Сабақтан қандай әсер алдың?

-Келесі сабақта не өзгертер едің?



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар Зерттеу жұмысын толық әрі нақты орындайды. Қосымша ақпараттар қолданады.

Қалыптастырушы бағалау

Өзара бағалау

Қауіпсіздік техникасы: Ноутбук немесе компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде өшіру

Сергіту сәті ретінде сабақ ортасында оқушыларға жаттығу жасатуға немесе бір-біріне жақсы тілектер айтқызуға болады


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее