«Зима 2025»

Әдебиет пәнінен тест тапсырмалары

Тест №2

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті

1.Жас балаларды қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылап, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулуды көздеуден туған халық ауыз әдебиетінің түрі.

А) жұмбақтар В) жаңылтпаштар С) өтірік өлеңдер

Д) мақал-мәтелдер Е) өлең-жыр

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тест №2

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті


1.Жас балаларды қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылап, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулуды көздеуден туған халық ауыз әдебиетінің түрі.

А) жұмбақтар В) жаңылтпаштар С) өтірік өлеңдер

Д) мақал-мәтелдер Е) өлең-жыр

2. Бұқар жыраудың қай жерде дүниеге келгендігін табыңыз.

А) Жетісу жерінде В) Жайық бойында С) Сыр бойында

Д) Баянауыл жерінде Е) Еділ бойында

3. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.

А) «Кодекс-Куманикус» В) «Құтадғу біліг» С) «Диуани хикмет»

Д) «Мұхаббат-наме» Е) «Оғыз-нама»

4. Мифологиялық геройлар мен тарихи адамдар жайында айтылған «әңгімелер» қайсы?

А) аңыз әңгімелер В) шешендік сөздер С) тарихи жырлар

Д) батырлар жыры Е) ертегілер

5. Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар:

А) көңіл айту, шілдехана В) тойбастар, жоқтау С) қоштасу, жар-жар Д) бесік жыры, сыңсу Е) көңіл айту, сыңсу

6. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

А) «Ор, ор, ор қоян» В) «Мадақ» С) «Тілек»

Д) «Таза мінсіз асыл тас» Е) «Өзен.

7. «Ер Тарғын» жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған аруды белгілеңіз.

А) Ақжүніс В) Назым С) Құртқа

Д) Гүлбаршын Е) Қаракөзайым

8. «Біржан мен Сара» айтысында сөз болатын Жиенқұл деген кім?

А) Біржанның досы В) Сараның досы С) Сараның інісі Д) Сараға атастырып қойған адам Е) Сараның ағасы

9. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді.

А) 3 В) 4 С) 2 Д) 5 Е) 6

10. Қоңтажыға барғанда суырылған шешендігімен, алғыр да білгір көсемдігімен ел намысын қорғап қалған би?

А) Әйтеке би В) Қазыбек би С) Төле би

Д) Малайсары Е) Сырым

11. VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.

А) А.Яссауи В) С.Сараи С) Қорқыт

Д) М.Қашқари Е) Ж.Баласағұн

12. Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов неше жікке (жанрға) бөлгенін көрсетіңіз.

А) 6 В) 5 С) 4 Д) 3 Е) 2

13. Әдет-ғұрып жырының түрін анықтаңыз.

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.

Өлгеннің соңынан өлмек жоқ,

Өлген қайтіп келмек жоқ...

А) Сыңсу В) Көңіл айту С) Беташар

Д) Қоштасу Е) Тойбастар

14. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.

А) М.Ғабдуллин В) Т.Бигельдинов С) Б.Момышұлы

Д) Қ.Қайсенов Е) Р.Қошқарбаев

15. Еліне жайлы қоныс, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоршысын табыңыз.

А) Жиренше В) Әз Жәнібек С) Асан қайғы

Д) Алдар Көсе Е) Ер Төстік

16. Ертегілер, аңыз әңгімелер, батырлар жыры қай жанрға жатады?

А) драмалық жанрға В) лирикалық жанрға С) эпостық жанрға

Д) дұрыс жауабы жоқ Е) лиро-эпостық

17.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгілеңіз.

А) Танаш В) Көтібар С) Айбас

Д) Тайлақ Е) Тазша

18. «Ер Тарғын» жырында Тарғын Ақжүністі алып қашқанда артынан кім қуады?

А) Бір уәзір В) Хан С) Олалай

Д) Қартқожақ Е) Бұлалай

19. Төмендегі шешендік сөздің авторын белгілеңіз.

Өлмегенде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді.

Ғалымның хаты өлмейді.

А) Асан қайғы В) Қазыбек би С) Төле би

Д) Бұқар жырау Е) Әйтеке би

20. Әйтеке бидің шын есімін белгілеңіз.

А) Сейітқұл В) Айтық С) Сарыбас

Д) Дүйсенбай Е) Ақпан

21. Шешендік сөздің авторын белгілеңіз.

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін!

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін!

А) Жиренше шешен В) Аяз би С) Асан қайғы

Д) Қазтуған жырау Е) Бұхар жырау

22. XVIII ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау?

А) Шалкиіз В) Қазтуған С) Бұқар

Д) Доспамбет Е) Ақтамберді

23. XV ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.

А) Жиембет В) Бұқар С) Дулат

Д) Асан қайғы Е) Ақтамберді

24. Балталы, Бағаналы деген жер аттары қай жырда кездесетіндігін көрсетіңіз.

А) «Ер Тарғын» В) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» С) «Қыз Жібек»

Д) «Қамбар батыр» Е) «Айман-Шолпан»

25. Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс-салт жырының қай түріне жатқызатынымызды белгілеңіз.

А) Жұмбақ В) Қоштасу С) Естірту

Д) Мақал Е) Жоқтау

26. «Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады». Қай жыраудың мұрасы екенін белгілеңіз.

А) Шалкиіз В) Бұқар жырау С) Жанақ

Д) Асан қайғы Е) Жанкісі

27. Ақжүністің бет ажарын, тән сұлулығын:

«Қара жерге қар жауар, қарды көр де, етім көр,

Қар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр», -деп суреттеуде қандай тәсіл қолданылғанын белгілеңіз

28. «Қыз Жібек» жырында ғашықтарға қастандық етуші қай кейіпкер екенін анықтаңыз.

А) Бекежан В) Базарбай С) Сырлыбай

Д) Кәкенай Е) Қодар

29. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігін табыңыз.

А) Аңыз таза қиял-ғажайып дүниеден тұрады.

В) Аңызда қиял элементі мүлде болмайды.

С) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді

Д) Аңыз тек бір нұсқалы болады.

Е) Аңыз тек тарихи шындыққа құрылады.

30. Сорқұдықтың басына

Сорға бола қонды атам

Жалмауызға жалғызын

Жанынан қорқып берді атам...» «Ер Төстік» ертегісіндегі кімнің зары екенін белгілеңіз.

А) Кенжекей В) Бекторы С) Бапы хан

Д) Ерназар Е) Төстік




















Дұрыс жауаптары

Тест №2

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті



Сұрақ

Жауабы

1

А

2

Д

3

С

4

А

5

Е

6

С

7

А

8

Д

9

А

10

В

11

С

12

Д

13

В

14

А

15

С

16

С

17

С

18

Д

19

Д

20

В

21

С

22

С

23

Д

24

В

25

С

26

Д

27

В

28

А

29

С

30

А









































Тест №3

XIX-XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті


1. Қамарды зорлықпен тоқалдыққа алған ұнамсыз бейнені белгілеңіз.

А) Сәрсенбай В) Ахмет С) Жорға Нұрым

Д) Ғани Е) Тұрлығұл

2. Қартқожаның әкесінің атын табыңыз.

А) Жұман В) Шідербай С) Дәрмен

Д) Мұқаш Е) Тұңғышбай

3. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

А) «Сарыарқа» В) «Өмір жыры» С) «Өзен»

Д) «Ертіс» Е) «Сырдария»

4. Нарын деген жерді ел құлағына сіңісті қылған ақынды табыңыз.

А) Алмажан В) Доспамбет С) Дулат

Д) Махамбет Е) Қазтуған

5. «Батыр Баяндағы» Баянның інісінің атын табыңыз.

А) Асқар В) Ноян С) Үсен

Д) Асан Е) Қалижан

6. Абайдың өнер-білім тақырыбындағы өлеңін белгілеңіз.

А) «Көзімнің қарасы» В) «Интернатта оқып жүр» С) «Қыс»

Д) «Бойы бұлғаң» Е) «Ал сенейін, сенейін»

7. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.

А) Байрон В) Гете С) Некрасов

Д) Герцен Е) Михаэлис

8. Семей облысы Аягөз ауданында туған, орыс отаршылдарының зымияндық саясатын әшкерлеген ақынды табыңыз.

А) Ақтанберді В) Махамбет С) Дулат

Д) Шортанбай Е) Доспамбет

9. Жамбыл Жабаев өмір сүрген жылдарды белгілеңіз.

А) 1844-1945 ж.ж. В) 1847-1944 ж.ж. С) 1849-1948 ж.ж.

Д) 1846-1945 ж.ж. Е) 1845-1946 ж.ж.

10. «Қамар сұлу» романының авторын табыңыз.

А) М.Жұмабаев В) С.Торайғыров С) С.Көбеев

Д) М.Дулатов Е) Ж.Аймауытов

11. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңі қай сарында жазылғанын табыңыз.

А) Ғашықтық В) Элегиялық С) Батырлық

Д) Жоқтау Е) Романтикалық

12. Жамбылдың өз баласына арнаған өлеңін табыңыз.

А) «Өмір жыры» В) «Ленинградтық өренім» С) «Шағым»

Д) «Алғадай туралы әрбір ой» Е) «Ақынға»

13. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының шыққан жылын көрсетіңіз.

А) 1926 жыл. В) 1931жыл С) 1930 жыл Д) 1916 жыл Е) 1936 жыл

14. М.Жұмабаевтың алғашқы жинағы қалай аталады?

А) «Қазақ» В) «Уақ-түйек» С) «Оян»

Д ) «Шолпан» Е) «Маса»

15. А.Байтұрсыновтың аудармасын табыңыз.

А) «Әдебиет танытқыш» В) «Әліп-би» С) «Тіл құрал»

Д) «Анама хат» Е) «Ала қойлар»

16. 1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлең жазғанын белгілеңіз.

А) «Өтеген батыр» В) «Зілді бұйрық» С) «Майданға хат»

Д) «Сұраншы батыр» Е) «Алынбас қамал»

17. Абай Құнанбайұлының әжесінің атын белгілеңіз.

А) Ұлжан В) Қамқа С) Нұрғаным

Д) Зере Е) Ділдә

18. Шернияз Жарылғасынұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз.

А) XVI ғ. В) XVII ғ. С) XIXғ. Д) XIV ғ. Е) XVIIIғ.

19. Ы.Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.

А) «Бай баласы мен кедей баласы» В) «Қыпшақ Сейітқұл»

С) «Атымтай Жомарт» Д) «Әке мен бала»

Е) «Талаптың пайдасы»

20. М.Жұмабаевтың поэмасын табыңыз.

А) «Рәбиға» В) «Қазақ» С) «Кім жазықты»

Д) «Батыр Баян» Е) «Айт»

21. Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясын табыңыз.

А) Ел билеушілерінің мінез-құлқын сынау.

В) Табиғат көрінісін суреттеу

С) Әділетсіздікті сынау

Д) Үстем тапқа деген кекті білдіру.

Е) Қараңғы қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі-өнегесін көрсету.

22. «Қырық мысалдың» авторы және кімнен аударғанын белгілеңіз.

А) А.Құнанбаев-Толстой В) С.Көбеев-Ушинский

С) А.Байтұрсынов-Крылов Д) С.Дөнентаев-Крылов

Е) М.Дулатов-Пушкин

23. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан, көзі ашық, мейірімді әкені белгілеңіз.

А) Омар В) Оспан би С) Әжібай

Д) Сәрсенбай Е) Қалтан қажы

24. Аш-жалаңаш, жоқшылық тұрмыстағы кедейдің халін Жамбыл қай өлеңінде бейнелегенін табыңыз.

А) «Кедей күйі» В) «Мәңке туралы» С) «Майданға»

Д) «Шағым» Е) «Замана ағымы»

25. Д.Бабатайұлының поэмасын табыңыз.

А) «Сұраншы батыр» В) «Жетім қыз» С) «Еспембет»

Д) «Өтеген батыр» Е) «Сұлушаш»

26. С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы» қай жанрға жататындығын табыңыз.

А) Очерк В) Повесть С) Әңгіме

Д) Драма Е) Роман

27. С.Торайғыровтың поэмасын табыңыз.

А) «Адасқан өмір» В) «Ескендір» С) «Маса»

Д) «Сұлушаш» Е) «Қырық мысал»

28. «Сөз – жібек, жыр – кесте...» деген тармақ кімдікі екенін табыңыз.

А) Шортанбай В) Асан қайғы С) Шернияз

Д) Дулат Е) Бұқар

29. Романның басында Ақбілекке ғашық болып, сөз сап жүрген жігіт есімін белгілеңіз.

А) Балташ В) Жорғабек С) Бекболат

Д) Доға Е) Мұқаш

30. Абайдың Лермонтовтан аударған аудармасын белгілеңіз.

А) «Бойы бұлғаң» В) «Жазғытұры»

С) «Көлеңке басын ұзартып» Д) «Өлсем, орным қара жер» Е) «Альбомнан»








































Дұрыс жауаптары

Тест №3

XIX-XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті



Сұрақ

Жауабы

1

С

2

А

3

С

4

Д

5

В

6

В

7

Е

8

С

9

Д

10

В

11

В

12

Д

13

А

14

Д

15

Е

16

В

17

Д

18

С

19

В

20

Д

21

Е

22

С

23

А

24

А

25

С

26

Е

27

А

28

Д

29

С

30

Е









































Тест №4

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті


1. «Құлагер» поэмасында кімнің асы суреттеледі?

А) Батыраш В) Ақан С) Сағынай

Д) Абай Е) Көтібар

2. Литота дегеніміздің не екенін анықтаңыз.

А) Құбылысты, екінші құбылысқа балау В) Сөз тастап кету

С) Құбылысты ерекше құбылтып айту Д) Алмастырылып қолданылған сөздер

Е) Құбылысты тым құлдырата айту

3. Ақан сері өміріне жазылған І.Жансүгіров поэмасын табыңыз.

А) «Дала» В) «Күй» С) «Мәйек»

Д) «Құлагер» Е) «Күйші»

4. М.Әуезовтің аудармасын табыңыз

А) «Асауға тұлпар» В) «Хан Кене» С) «Түнгі сарын»

Д) «Абай» Е) «Қилы заман»

5. «Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін...» Кімнің жүрек сыры екенін белгілеңіз.

А) Ш.Иманбаева В) Ж.Аймауытов С) М.Әуезов

Д) М.Дулатов Е) С.Торайғыров

6. Бейнет, бейнет түбі – зейнет» мақалының тақырыбын табыңыз.

А) Бірлік В) Ерлік С) Достық

Д) Адамгершілік Е) Еңбек

7. «Автобиографиялық әңгіменің» авторын табыңыз.

А) С.Мұқанов В) Ғ.Мүсірепов С) М.Әуезов

Д) Б.Майлин Е) С.Сейфуллин

8. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының шыққан жылын көрсетіңіз.

А) 1926 жыл. В) 1931жыл С) 1930 жыл Д) 1916 жыл Е) 1936 жыл

9. М.Әуезовтің Н.В.Гогольден аудармасын белгілеңіз.

А) «Асауға тұлпар» В) «Оттело» С) «Любовь Яровая»

Д) «Қорқыныш» Е) «Ревизор»

10. Б.Майлиннің «Шұғаның белгсі» повесіндегі Шұғаның сүйген жігітін табыңыз.

А) Қауқымбай В) Әбдірахман С) Кәрім

Д) Амантай Е) Адақ

11.«Ақан сері-Ақтоты» трагедиясының авторын табыңыз.

А) М.Дулатов В) А.Құнанбаев С) С.Торайғыров

Д) Ғ.Мүсірепов Е) І.Жансүгіров

12. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

А) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу

В) Табиғат көркін суреттеу

С) Екі адамның өзара кезектесе сөйлесуі

Д) Оқиғаның болған жерін көрсету

Е) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын сипаттау.

13. М.Жұмабаевтың алғашқы жинағы қалай аталады?

А) «Қазақ» В) «Уақ-түйек» С) «Оян»

Д ) «Шолпан» Е) «Маса»

14. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

А) Туған жер, Отан тақырыбы В) Өнер-білім тақырыбы

С) Ынтымақ, бірлік тақырыбы Д) Еңбек тақырыбы

Е) Батырлық, ерлік тақырыбы

15. С.Мұқановтың 1928 жылы жазылған «Сұлушаш» поэмасы қандай шығарма екенін белгілеңіз.

А) Реалистік емес поэма В) Лирикалық поэма

С) Драмалық оқиғағка құрылған поэма Д) Сюжетсіз поэма

Е) Романтикалық поэма

16. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның әкесін табыңыз.

А) Есімбек В) Айтбай С) Кәрім

Д) Амантай Е) Қауқымбай

17. Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақынды табыңыз.

А) Т.Айбергенов В) Қ.Бұғыбаева С) М.Мақатаев

Д) Т.Молдағалиев Е) Қ.Баянбаев

18. М.Жұмабаевтың поэмасын табыңыз.

А) «Рәбиға» В) «Қазақ» С) «Кім жазықты»

Д) «Батыр Баян» Е) «Айт»

19. М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасындағы» Бақтұғылға қамқор болғансып, барымташы ұры жасайтын болыстың атын белгілеңіз.

А) Жарасбай В) Қозыбақ С) Қоқыш

Д) Сәлмен Е) Сәт

20. Ақжүністің бет ажарын, тән сұлулығын:

«Қара жерге қар жауар, қарды көр де, етім көр,

Қар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр», -деп суреттеуде қандай тәсіл қолданылғанын белгілеңіз.

А) Гипербола В) Антитеза С) Литота

Д) Ассонанс Е) Синекдоха

21. С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы» қай жанрға жататындығын табыңыз.

А) Очерк В) Повесть С) Әңгіме

Д) Драма Е) Роман

22. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.

А) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.

В) Оқиға өтетін орынмен таныстыру

С) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін ойы.

Д) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарынынң түйіні

Е) Оқиғалардың мазмұндық байланысы

23. Бейімбет Майлиннің шын есімін табыңыз.

А) Биаға В) Бекмағанбет С) Бимағамбет

Д) Бекмұханбет Е) Бекмахамед

24. Романның басында Ақбілекке ғашық болып, сөз сап жүрген жігіт есімін белгілеңіз.

А) Балташ В) Жорғабек С) Бекболат

Д) Доға Е) Мұқаш

25. М.Әуезовтің өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.

А) 1898-1960жж. В) 1895-1965жж. С) 1897-1961жж.

Д) 1899-1963жж. Е) 1896-1962жж.

26. Мен - тауда ойнаған қарт марал

Табаным тасқа тиер деп,

Сақсынып шыққан қиядан, - деген үзіндіде Махамбет қолданған көркемдік тәсілді табыңыз.

А) Құлдырату В) Метафора С) Эпитет

Д) Теңеу Е) Әсірелеу

27 . Ілияс Жансүгіровтың поэмасын табыңыз.

А) «Қойлыбайдың қобызы» В) «Сұлушаш» С) «Көкшетау»

Д) «Қорқыт» Е) «Күйші»

28. «Киім кисе, жеңі жоқ,

Етегі бар да, белі жоқ...

Ел биледі бір сымпыс

Екі бұты таралған». Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз.

А) М.Мөңкеұлы В) Ә.Шоқанұлы С) М.Дулатов

Д) Ш.Қанайұлы Е) А.Құнанбаев

29. Д.Исабековтың «Дермене» деп аталатын повесі бар, сол сөздің мағынасын анықтаңыз.

А) Дәрінің аты.

В) Жусанның дәрі жасайтын бір түрі

С) Зоршылдық, өктемдік деген сөз

Д) Қурайдың аты

Е) Күркенің төрт бұрышына қағатын ағаш

30. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.

А) Адамның сырт бітімін суреттеу В) Бір адамның ұзақ сөзі

С) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету Д) Оқиға не оқиғалар жиынтығы

Е) Оқиғалар арасындағы байланыс



















Дұрыс жауаптары

Тест №4

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті



Сұрақ

Жауабы

1

С

2

Е

3

Д

4

А

5

С

6

Е

7

В

8

А

9

Е

10

В

11

Д

12

Е

13

Д

14

С

15

С

16

А

17

С

18

Д

19

А

20

В

21

Е

22

Д

23

С

24

С

25

С

26

В

27

Е

28

А

29

В

30

Д













































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее