«Зима 2025»

Денелердің жүзу шарттары. 7 - сынып. Физика

Денелердің жүзу шарттары туралы ашық сабақ жоспары

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым

Сынып / Күні

7 «А» 21.02.2018


Тексерген: Оқу ісінің меңгерушісі С.М. Тегимбаева Мұғалім: Ж.С. Байымбетова

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Денелердің жүзу шарттары (5 –бөлім, 10 - бөлімше)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.12 денелердің жүзу шарттарындағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.13 есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: денелердің жүзу шарттарындағы кері итеруші күштің табиғатын түсінеді;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: денелердің жүзу шарттарындағы кері итеруші күштің табиғатын түсінеді және соны сабақта пайдалана алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: есептер шығаруда Архимед заңын қолданады.

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Денеге әсер ететін күштерді сипаттайды

  • Жүзу шарттарын пайдаланып, әр ыдыстағы сұйықтық

тығыздығын тексереді

  • Дененің жүзу шарттарын пайдаланып өмірде кездесетін

құбылыстарды дәлелдейді

  • Архимед заңын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар денеге түсуші күш, дененің тығыздығы, денелердің жүзу шарттары терминдерин пайдаланып денелердің жүзуін, қалқып шығуын және батуын түсіндіреді.

Ауырлық күші кері итеруші күштен үлкен болған жағдайда дене суға ...

Ауырлық күші кері итеруші күштен кіші болған жағдайда дене суға ...

Ауырлық күші кері итеруші күшке тең болған жағдайда дене суда ...

Дененің тығыздығы сұйықтық тығыздығынан көп болса дене сұйықтыққа ...

Дененің тығыздығы сұйықтық тығыздығынан аз болса дене сұйықтыққа ...

Дененің тығыздығы сұйықтық тығыздығына тең болса дене сұйықтықта ...

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Дене

Сұйықтар

Тығыздық

Көлем

Архимед күші

Ауырлық күші

тело

жидкость

плотность

объем

сила Архимеда

сила тяжести

Body

Liquid

Density

Volume

Archimedean force

gravity


Құндылықтарға баулу

«Мәігілік ел» құндылығы. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.

Пəнаралық байланыс

География, математика, ағылшын

Алдыңғы білім

Сұйықтықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғаты, Архимед заңы



Cабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)







1 Ұйымдастыру кезеңі (амандасу,оқушылар ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды, түгендеу, оқушыларға жағымды психологиялық ахуал тудыру)

2 Топқа бөлу: Бізді Архимед Герон патшалығына қонаққа шақырып жатыр. Ол үшін біз кемемен теңізге шығып жүзіп баруымыз керек. Мен сендерге 3 кеме дайындап қойдым. Кемеге 3 топ «жүзу», «бату», «қалқып шығу» топтары арқылы жүзіп шығамыз. «Жүзу», «Қалқу», «Бату» топтары.

- Кемені басқару үшін бізге кім керек?
- Кеме капитанын сайлап алайық.

Ал енді топтармен танысып алайық (Оқушылар топтарының ұранын оқып береді).
1 топ: «Жүзу»
Теңізге, суға түскен соң,
Адам деген жүзген дұрыс
Жүзіп - жүзіп аралап,
Сұйық ішін кезген дұрыс.
2 – топ: «Бату»
Теңізге, суға түскен соң,
Адам деген батқан дұрыс
Гауһар тасты аралап,
Рахаттанып жатқан дұрыс.
3 - топ: «Қалқу»
Көкті де, суды да көру үшін
Су бетінде қалқыған дұрыс
Сұйық бетінде көңілденіп,
Шаттанып ән салған дұрыс.
- Кемеге теңізшілерді қабылдау үшін «Бағалау парағына» менің сұрағыма жауап беру арқылы тіркелейік.
3 Өткен тақырыпты қайталау: Миға шабуыл, «Қазақы үй» әдісі (өткен тақырыптар бойынша, ауызша)

1.Қысым деп нені айтамыз? (Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама)
2.Қысымның өлшем бірлігі?
(Па)
3.Паскаль заңы қалай айтылады? (Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі)
4. 1 мм.сын.бағ қанша Паскаль бар? (10`5Па)

5. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді? (көлем және тығыздық)

6. Манометрдің қандай түрлері бар? (Бурдон, металл манометрлері)

7. Торричелли тәжірибесін түсіндір. (Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі боынша есептеу)

8. Қатты денелердегі қысым қалай беріледі? (тек бір бағытта)

9. Заттың қанша күйі бар? (үш)

10. Қарапайым сорғыларды ата. (щприц)

Оқушылар «Бағалау парағына» өзін - өзі әр тапсырма бойынша бағалап отырады.

Оқушының аты жөні

Үй тапсырмасы

Мәтінмен жұмыс

Тәжірибе

Есептер шығару







(17 -20) – «тамаша», (12-16) – «жақсы», (7-11) – «іздену керек», 7-төмен болса «Сізге дайындық керек».

Құрал-жабдықтар:

Топ аттары жазылған кеспе қағаздар, қазақы үй, қайталау сұрақтары жазылған кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

( 15 мин)








Барлық топқа: (Мәтінмен жұмыс, тәжірибе жасау)

а) Оқушыларға пластилинді кесек күйінде және қайық формасында суға салғызып, денелердің суда жүзу ерекшеліктері туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау, оқушылардың ойын негізге ала отырып толықтыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсатына тоқталу. 

ә) Сұйықтың ішіндегі денеге екі күш – тік төмен бағытталған ауырлық күші және тік жоғары бағытталған Архимед күші әсер етеді. Егер дене бастапқыда тыныштықта болса, онда ол осы екі күштің әсерінен үлкен күш жаққа қарай қозғалады, сонда үш түрлі жағдай болуы мүмкіндігімен таныстыру:

1) егер ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, онда дене сұйықтың түбіне түседі, батады, яғни егер F F(ρдене  ρсұйық ) болса, онда дене батып кетеді;

2)егер ауырлық күші Архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалыпта  тұра алады; яғни егер F = F (ρдене = ρсұйық ) болса, онда дене сұйықтың ішінде жүзіп   жүреді;

3)егер ауырлық күші Архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі, қалқып шығады, яғни егер F A (ρденеρсұйық ) болса, онда дене сұйықтың бетінде жүзіп жүреді.

б) Осы соңғы жағдайды толығырақ қарастыралық.

Қалқып шығатын дене сұйықтың бетіне жетеді, одан әрі жоғары қарай қозғалғанда Архимед күші кеми бастайды. Неліктен? Өйткені дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі азаяды, ал Архимед күші көлемі дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлеміндей сұйықтың салмағына тең.

Архимед күші мен дененің ауырлық күші тең болған кезде дене тоқтайды да, біраз бөлігі сұйыққа батып, оның бетінде жүзіп жүреді.

в)  Бұл қорытындыны тәжірибе жасап тексеру оңай.

Шүмекті ыдысты шүмегінің деңгейіне дейін су құяды. Одан соң ыдыстың ішіне салмағы алдын ала өлшенген жүзетін дене салынады. Ол дене суға түскен соң, көлемі өзінің суға батқан бөлігінің көлеміндей суды ығыстырады. Сол ығыстырылған судың салмағын (Архимед күшін) өлшесек, оның жүзіп жүрген денеге түскен ауырлық күшіне немесе дененің ауадағы салмағына тең екенін табамыз.

г) Әр түрлі сұйықтарда – суда, спиртте, тұз ерітіндісінде жүзе алатын түрліше денелер алып, жоғарыда айтылғандай тәжірибелер жасап, егер дене сұйықта жүзіп жүрген болса, онда ол ығыстырған судың салмағы сол дененің ауадағы салмағына тең болатынына көз жеткізуге болады.

Егер тұтас қатты дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса,  онда мұндай сұйықта дене батып кететінін дәлелдеу оңай екен- дігін түсіндіру. Тығыздығы кем дене бұл сұйықта қалқып  шығады. Тығыз- дығы сұйықтың тығыздығына тең дене сол сұйықтың ішінде тепе-теңдік күйде қалады. Мысалы, кесек темір суға батып кетеді, ал сынаптың бетіне қалқып шығады. Су бетінде   мұз да жүзіп жүреді, өйткені оның тығыздығы судың тығыздығынан кем. Ең тұзды теңіз - Өлі теңіз, оны теңіздегі судың көп булануын туғызатын қатты ыстық шөлейт жер қоршағандықтан қалған су өте тұзды болады. Өлі теңіз суының тұздылығы сонша кәдімгі теңіз суына қарағанда заттарды судың бетінде әлдеқайда жақсы ұстайды. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығына қарағанда неғұрлым аз болса, оның сұйыққа соғұрлым аз бөлігі бататындығын төмендегі мысал бойынша да көрсету: араласпайтын екі сұйық,  мысалы, су мен керосин, бір ыдыста өздерінің тығыздықтарына  сәйкес орналасады: ыдыстың төменгі жағына тығыздығы көбірек су(1000 кг/м3),жоғарғы   жағына жеңілірек керосин (800 кг/м3) орналасады. Суда жасайтын тірі организмдердің тығыздығының судың тығыздығынан айырмасы аз, сондықтан олардың салмағын Архимед күші толық теңгеріп тұрады дерлік.  Сол себепті су хайуанаттарына, жер бетінде тіршілік ететін хайуанаттардыкі сияқты, онша мықты қаңқаның қажеті жоқ. Осы себепті су өсімдіктерінің сабақтары майысқақ болады. Балықтың торсылдағы өзінің көлемін оңай өзгерте алады. Балық бұлшық еттерінің көмегімен аса тереңге түскенде, судың оған түсіретін қысымы артады да, торсылдағы сығылады, денесінің көлемі кішірейеді, сондықтан ол  жоғары итерілмей, судың тереңінде жүзіп жүре береді. Ал жоғары көтерілгенде балықтың торсылдағы және жалпы денесінің көлемі ұлғаяды да, ол судың бетін ала жүзетін болады. Осылайша балық өзінің суда жүзу тереңдігін белгілі шамада реттей алады. Киттер өзінің жүзу тереңдігін өкпесінің кішіреюі және үлкеюі есебінен реттей алады. 

Тапсырма: Дененің сұйықтықта жүзу шарттарын тексеруге арналған демонстрация.

Жұмыртқа, мұз, спирт, су, тұздың судағы ерітіндісі берілген. Схеманы пайдаланып, сұйықтарды анықтау.

Бағалау критерийі: дененің жүзу шарттарын өмірдегі мысал арқылы түсіндіре алады

Дескриптор

Білім алушы:

1) Берілген құрылғылармен тәжірибені жасайды

2) Денелердің жүзу шартын пайдаланып, әр ыдыстағы сұйықтықтың тығыздығын анықтайды.

Құрал-жабдықтар:

Жұмыртқа, мұз, спирт, су, тұздың судағы ерітіндісі















Сабақтың соңы

(15 мин)






Тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар экрандағы видеожазбаны көреді және денелердің жүзу шарттарын есептер шығаруда пайдаланады.

1 – топ. Массасы 100кг, көлемі 0,2м3 дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?

2 – топ. Кеменің суға батқан көлемі 25м3. Кеменің массасы неге тең? Судың тығыздығы 1000кг/м3.

3 – топ. Кеменің салмағы 1000кН. Ол қанша су көлемін ығыстырып шығарады?

Рефлекция. Қорытындылау

Оқушыларға стикер таратамын. Сабақ туралы өз ойларын стикерге жазып, тақтадағы «Білім қоржынына» іледі.

Видеожазба және тақта. (Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.)

Есеп шығарған оқушыларды бір оқушы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Үш тапсырманы орындау барысында тапсырманың деңгейіне қарай оқушылар сараланады, тапсырмалар жеңілден қиынға қарай өзгеруі ретімен берілген

  • «Қазақы үй» әдісі

  • «Теңізге саяхат» әдісі

  • «Білім қоржыны» әдісі»

  • «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі


  • Қауіпсіздік техникасын сақтау.

  • Тазалық гигиенасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия




Сабақ мақсаттары немесе

оқу мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее