«Зима 2025»

Әдептен озбайық

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру. Сабақтың міндеттері: - қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

  • әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки





















Ашық сабақ







тақырыбы: Әдептен озбайық

(Өзін-өзі тану онкүндігіне орай өткізілген)











Пән мұғалімі: Чайзатов М.С













2018 ж.

Мектеп: №3 Күршім гимназиясы Мерзiмі: 07.02.2018 жыл Мұғалiм: Чайзатов М.С. Сынып: 9 Оқушылар саны: 12 Тақырып: «Әдептен озбайық»

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: әдептілік, мейірімділік, ар-ұят


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері: 
- қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру; 

  • әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту; 

  • әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. 

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)оқулық, дәптер, А4 беттер, маркерлер, қарындаштар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi: Амандасу, Түгендеу, 5 Т ережесін еске түсіру

Тыныштық сәтi.

Ыңғайлы және еркін отырыңдар. Көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп елестетіңдер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырып жүрмін деп ойлаңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сенің жаман көңіл-күйің кетсін. Ішіңізден қуанышты сезін. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын», ... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Көздеріңізді жайлап ашыңыз.

Сұрақ:

1.Осы тыныштық сәтінде қандай күйде болдыңыздар?

2.Айналаңа, жақындарыңа, туыстарыңа, достарыңызға, өзіңізге жақсы тілек тілеудің әсері қандай болды?

Түйін.

-Ендеше әрқашан бір бірімізге жақсы тілектерімізді жалғастыра отырып, бір бірімізге сүйіспеншілікпен қарап, әрқашан қарым -қатынасымызды дұрыс әрекеттер арқылы қиянат жасамай, ішкі тыныштығымызды сақтайық. Ол бізді бақытқа жеткізеді.

Тақырыпқа келу

Балалар суретте не не бейнеленген?

Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?

• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?

• Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Ескерту

2 мин.




5 мин.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбы берілді. Үйге тапсырманы тексеру мақсатында сұрақтар беріледі?

1-сұрақ. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?

2-сұрақ. Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?

3-сұрақ. Адами қарым-қатынастағы ең басты әдептілікке не жатады?

4-сұрақ.Адами қарым-қатынас ізгіліктеріне дәйексөз келтіріңдер?

5-сұрақ.Тіл табысудың басты кілті не болып табылады?

6-сұрақ.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

Оқушылар сұрақтарды слайдтан оқып, кезекпе-кезе жауап береді.

3 мин.

3.Жағымды ой пікір.

Дәйексөз.

«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін».

И.Гете

Осы сөздің мағынасын ашып көрейік.

Сұрақ.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер?


5 мин.

4. Оқиға айту .(Мұғалімнің сыйы.)

Адамның үлкендермен, құрбылармен , жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай — ақ сыртқы сипаты,атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады. Қоғамда адамның жүріс- тұрысына , киінуіне, сөйлеуіне және т. б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар.

Әдеп қағидалары

1. Қоғамдық орындарда, көшеде

  • Біреуді мазалаған немесе қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра

  • Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе

  • Тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама

  • Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды

  • Біреудің бөлмесіне немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме

  • Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады.

2-3. Іс сапарда, театрда

  • Жолға шыққанда соған лайық киін

  • Саяхаттау барысында жалпыға ортақ киім киінген дұрыс

  • Шет елге саяхатқа шыққанда сенің мінез- құлқың бойынша сенің еліңді танитынын ұмытпа.Сол елдің ережесін және әдет — ғұрпын сақтауға тырыс

Театрға 15-20 минут бұрын келіп,спектакль басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып отыруға үлгеру керек. Кешігіп келген адам қолайсыздық тудырады.

Сұрақ.

    1. Әдептілік туралы не айтылды?

    2. Әдептілікті қашан сақтау керек?

    3. Әдептілікті қай жерде сақтау керек?

    4. Әдепті адамды қалай сиаттап бере аласыздар?



Түйін.

Олай болса балалар, Абай атамыздың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады» дегендей әрқашанда ар мен намысымызды жоғары қояйық, ар намысы жоғары болған адам ешқашан қиянатқа бармайды.

10 мин.

Интеграция Тарих пәнімен. Пән мұғаліміне сөз беру.

5.Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды стикерлар арқылы екі топқа бөлу.

  1. Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес. 
    • Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру ушін қалай көмектесуге болады? 
    2. Назым әп-әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп-нәзік, биязы бойжеткен көз алдыүызда біртіндеп, Әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді. 
    • Назымга қандай кеңес берер едіңіз? 



Берілген жағдаяттарды сахналап көрсету

1. Сыныптастардың телефонмен сөйлесу әдебі.

2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының әдептері.

3. Үлкендер мен жастардың дастарқан басында өзін ұстау әдебі.



Бағалау

Шапалақ ұру:

1 рет-жақсы

2 рет-орташа

3 рет-қанағаттанарлық

7 мин.

Топпен ән айту.

«Қыз сыны»

сөзін жазған: Қ.Қазыбеков

Әнін жазған М.Омаров

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп,
Иықтан шашы төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге.
 
Қиылған қасы, қарақат көзі,
Жүректі баурап оятар сезім,
Талбойың нәзік қызғалдақ гүлдей,
Дидарың нұрлы шуақты күндей.
 
Жаңарып қайта, жаңғырып көнем,
Ләззәт алар көрген жан сенен,
Көркіңнен сенің айналдым, еркем,
Қазақтың салтын сақтаған көркем.

3 мин.

Үй тапсырмасы.

Отбасының әдептілік ережесін жазып келу, дәптермен жұмыс. 31 бет, 1 тапсырма. 

1 мин.

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айттылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Енді көздеріңді аша ғойындар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін.

2 мин.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее