«Зима 2025»

"Әдептілік-әдемілік" тәрбие сағаты

3-сыныпта өткізілген "Әдептілік-әдемілік" тақырыбындағы тәрбие сағатының жоспары

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»

Мақсаты:

Оқушыларға әдептілік, ізеттілік жайлы әңгімелете отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал ету. Әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.


Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Әдептен озбайық» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.

1. Би.

2. Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре-сарсаң әлегің.


3. Атам маған әмәнда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамада.

Жасы үлкенге жол берем,


Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.


Атам маған әмәнда

Кішіпейіл бол деген

Атам сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.


Атам маған әмәнда

Әділеттті бол деген

Ата сөзі санамда

Жүрем тура жолменен.


Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.


Апаның тілін алса егер

Тамақ ішсе іш десе

Демал десе демалса

Суға түссе, түс десе.


Қолынан мұндай баланың

Күш болады күш десе

Іс келеді, іс десе

Шынығып өсіп толады

Үлкен жігіт болады.


Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.


Ата-ананың тілегі

Адам болып өскені

Адамдықтың белгісі

Адам болып өскенің.


- Балалар біздің сыныбымызда өзіміз айтқан ұрлықшы, әдепсіз, өтірікші балалар жоқ.. Тек бізде біраз сабаққа жалқау, таза жүрмейтін балалар кездесіп қалады. Сол туралы айтысып көрелік.


Ұлдарға да тағатын мініміз бар

Көңілге ап жүрмесінші ұлдар оны

Әрине кемшілік те сыналады

Қыздарымыз өкпелемей ұғар оны.


Ұлдар біздің салақ па

Қарамайды қабаққа

Бірде болса бірде жоқ

Қатыспайды сабаққа.


Санның басы бір екі

Сөйлемейді екен ер екі

Ұлдар жаман дейсіңдер

Қыздар да бар дөрекі.


Ұлдар біздің тамаша

Алысып жүр балаша

Олпы-солпы киінген

Ұят екен қараса


Үлкен айтса көнбеген

Құлағына ілмеген

Қыздар да бар әлі

Ата салтын білмеген.


Ерді еңбек шыңдар-ай

Ұғар адам тыңдар ай

Жамандыққа жаны қас

Өршіл болшы ұлдар-ай.


Бұл қыздардың көркем-ай

Жамандыққа жат болып

Жарқын болсын ертеңі-ай

Білімді боп бәрінің

Өсе берсін ертеңі-ай.


Көрініс: «Сәлемдесу»


«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көрегенділік болады.

Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады.


Көршілерді көргенде

Сыйлап сәлем беремін

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.


Көрініс: «Әке мен бала»


Ән: «Анаға сәлем»


Би: «Қыздар»


Көрініс: «Орын беру»


Болашақ алды ұрпаққа,

Сілтеген түзу жолдарын.

Балалар түсін оны – ойла,

Қарттар асқар тауларың.


Шыңына шығып биіктің,

Мансапқа жетер қолдарың.

Ұмытпа сонда қадірін,

Қарттар асқар тауларың.


Қағыл естіп қылтыңдайды баладай,

Ниеті ақ пейіл кең даладай.

Кімге болсын қарттық жетер алаңдап,

Мәпелеңдер қарт біткенді аямай.


Атамыз біздің панамыз

Атамыз біздің данамыз

Атадан ақыл аламыз

Атадан адам боламыз.


Тұра тұршы есейгенше ұл-қызың

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің

Маған бақыт неге керек ақ әже-ау

Өзің бірге көре алмасаң қызығын.


Би: «Өзбек биі»


Бүгін ұстаздар да мерекесі. Біз ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймыз.


Әр бір сөзің мағыналы

Ұрпақ үшін бағалы

Жайсаң ізгі жаныңа

Тек мақтаныш жағады.


Келген жетіп дәл бүгін

Таси берсін берекең

Құттықтайды ел бүгін

Құтты болсын мерекең.


Кім ұғады оқушының тілегін

Кім ұғады оқушының жүрегін

Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң

Ұғатын ол ұстаздар деп білемін.


Оқушыға мейірімі мол анадай

Ол қуанса қуанады баладай

Түсе қалса қабағы

Жұбатады жылы сөйлеп аялай.


Балалар біз бойымыздан жаман қасиеттерді алып тастадық.. Әдептілікті, жақсы қасиеттерді неге теңеуге болады? (күнге, ашық аспанға)

  • Аспан ашылған соң не шығады?

  • Кемпірқосақ

Кемпірқосақтарға жазылған сөздер бар (кешіріңіз, рахмет, рұхсат па?, жарайды, саламатсыз ба?)


Ән: «Недеу керек?»


Күн: (жаттау)


Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее