«Зима 2025»

Эссе. Ұстаз шапағаты

Ұстаз. Мұндай ардақты атқа ие болу үшін үлкен жауапкершілік керек. Ұстаз білім беруші ғана емес,ол- адамдықтың, мәдениеттіліктің, адалдықтың үлгісі.Ұстаз мәртебесі қашан да биік.Өйткені, ұстаз жүрегі теңізден де терең, тек ұстаз ғана сенің бойыңа жылылық пен ізгілік нұрын себе алады. Мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқу үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Эссе

Ұстаз шапағаты

Ұстаз... Мұндай ардақты атқа ие болу үшін үлкен жауапкершілік керек. Ұстаз білім беруші ғана емес,ол- адамдықтың, мәдениеттіліктің, адалдықтың үлгісі.Ұстаз мәртебесі қашан да биік.Өйткені, ұстаз жүрегі теңізден де терең, тек ұстаз ғана сенің бойыңа жылылық пен ізгілік нұрын себе алады. Мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқу үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алудамыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым- қатынас пайда болды. Қазіргі мұғалім тұлғасының заманға сай өзгеруін талап етеді. Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл –ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан рухани адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл мұғалім қажет.

ХХІ ғасырдың нағыз саналы да білімді ұрпақтарын тәрбиелеп шығару – ұстаздардың борышы, міндеті деп санаймын. Абай атамыз «Ұстазсыз шәкірт- тұл, шәкіртсіз ұстаз- тұл» деп бекер айтпаған. Мұғалім өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы бағалы қасиеттерін өзінің шәкірттеріне береді. Өзінің шәкірті озғанына шын жүректен қуанады. Ұстаздар үшін әр күннің міндеті- «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деген Елбасының сөзіне іспен жауап беру.

Өнегелі ұстаздың ең басты қасиеті - әдіс – тәсілдерді жетік меңгеріп, орынды қолдана білуінде деп ойлаймын. Мектепте әр пәнді өткізудің өзіндік ерекшеліктер мен тәсілдері бар. Әр сыныптың білім деңгейі бір – біріне ұқсамайды. Сондықтан сабақ өткізуде барлығына бірдей әдістерді қолдану дұрыс нәтиже бермейді. Мен тарих пәнінің мұғалімі болғандықтан, басты мақсатым – тарихты оқыта отырып, оқушылардың санасына өткеніміз туралы, тарихи оқиғаларды тек жазылған күйінде қабылдамай, дәлелденген ғылыми тұрғыда дұрыс түсіну қабілетін дамыту. Әрбір өтілген сабақта кездесетін деректер, оқиғалар, жаңа ұғымдарды дұрыс түсіну үшін, ойлау, елестету, ойша қорыту, өз бетінше ізденуіне жағдай жасаймын. Өз тәжірибемде өзіндік жұмыс түрлерін топқа бөліп немесе жеке оқушыға тапсырма беру арқылы жүзеге асырамын. Сабақ барысында оқущылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеріп, оқу, білім, білік нәтижлеріне қойылатын талапарды ескеремін.Оқушылар игерген білімін жадында сақтап қана қоймай, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ойлауға, өзін - өзі іске асыруға қабілеті болуға тиіс.

Бүгінгі блім мен білік бәсекелес заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан – жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай, ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейтінін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.



Тарих пәнінің мұғалімі: З.А. Сапарова

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее