«Весна — лето 2024»

Ғаламтордың қандай пайдасы мен зияны бар?

ҒАЛАМТОРДЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ БАР? ҒАЛАМТОРДЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

ҒАЛАМТОРДЫҢ КАНДАЙ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ БАР?

Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды.

Интернет – ағылшынша «Internet» – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Көптеген ғаламтор қолданушылар ғаламторды ақпаратты алу жеңіл және де оңай жолы деп келіседі. Ғаламтор қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, біліммен сусындауға, шешілмеген мәселелерді шешіп табуға көмектеседі.

Ғаламтордың тағы бір артықшылығы мен пайдасы – басқа қала жане мемлекеттегі адамдармен танысып сойлесуге мүмкіндік береді. Тіпті ғаламтор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббаттарын тауып жатады.

Ғаламтор арқылы біз сүйікті бағдарламамызды көре аламыз, шет тілін үйрене аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы, жұмысқа орналасып жатады.

Зиянына келетін болсақ, Ғаламтор адамнын денсаулығына зияны аз емес. Таң атпасынан, кешке дейін әлеуметтік желі де отыратын адамдарда есте сақтау қабілеті төмендейді, көзі ауыра бастайды, ұйқысы бөлініп құртылады, жүйке жүйелері тозады.

Ғаламтордың балаларға деген зиянына келетін болсақ порнографиялық сайттар, зорлық-зомбылық ашық түрде көрсететін сайттар, және жағымсыз лексика пайдаланып жатқан сайттарға кіріп кеткен жағдайда, бұндай баланың психикасына «із қалдыруы мүмкін».

Жасөспірімділергеде зияны көп. Жоғары да айтып кеткендей көзге жүктеме жоғарлайды, себебі жасөспірім желіде бір сағат ғана емес одан да көп уақытын жұмсай алады. Көптеген балалар мен қыздар психикалық бұзылыстарды сезеді. Нағыз әлемге назар аудармай, вертуалды нәрсеге қызығады, қарым қатынас дағдысын жоғалтады, интернетке қол жеткізе алмаса жынданады.



Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.  Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее