«Осень 2024»

Ғарышкерлер. Разработка урока.

разработка урока по казахскому языку для 8 класса по теме Ғарышкерлер.

Олимпиады: Викторина "Берегите зрение, чтобы видеть мир" 1 - 11 классы

Содержимое разработки


Сабақтың тақырыбы: Ғарышкерлер
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.
Міндеттері: а) оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру
ә) Оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу;
б) Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбеккер адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Ғарышкерлер суреті, оқулық, Байқоңыр суреті

Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат – анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз

II Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Алматы
- Қане, кім айтады?
- 4 - 5 оқушыдан ауызша сұрау
- Дәптерлерін тексеріп шығу

III Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп алайық
1. Көгі «жүр» дейді 2. Қанаты бар ұшпайды,
Қызылы «тұр» дейді су астында қыстайды.
(бағдаршам) (балық)
3. «Бейбітшілік құсы» деп, 4. Күндіз бәрі қашады
Атайды оны барша жұрт Түнде аспанды басады
(көгершін) (жұлдыз)
5 Құс сияқты, құс емес, 6. Көреді бәрін өзгенің,
Самғап ұшқан биікке. Көре алмайды өздерін.
Қақпайды бір қанатын (көз)
Жүрсе де тым биікте
(ұшақ)
7. Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(түйе)
8. Қиналмай көтеріп,
Өзінен ауырды
Жорғалап кетеді
Жүкшідей кәдімгі
(құмырсқа)

1. б а Ғ д а р ш а м
2. б А л ы қ
к ө г е Р ш і н
ж ұ л д Ы з
5. ұ Ш а қ
6. К ө з
7. т ү й Е
қ ұ м ы Р с қ а

- Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен?
- Ғарышкерлер
Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Өз ойларын сұрау
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?
Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
Қалай аталады?
Байқоңыр.
Жарайсыңдар, балалар.
Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды.
Сонан кейін Ю. Гагарин ұшты. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты. Ғарыш айлағы Байқоңыр туралы айтылып кетеді.
Сергіту сәті:
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.
Дәптермен жұмыс
Ғарыш станциясының суретін салғызу

IV Бекіту
Ойын: «Егер мен ғарышкер болсам......»
Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? 4 - 5 оқушыдан өз ойларын сұрау
Әр оқушыға бекіту сұрақтары таратылады.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер?
2. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?
3. Ғарышкерлер қандай болу керек?
4. Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшты?

V Қорытындылау
Балалар, сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?
VI Бағалау
Әр оқушылардың жұлдызша арқылы бағалаймын.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее