«Зима 2025»

"Ғажайып математика"

Математика апталығында 6 сыныптар арасында өткен "Ғажайып математика" атты сайыс сабағын ұсынып отырмын. Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімдерін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзінің шеше білуіне ықпал жасау, оқушыларды патриоттыққа, өз Отанын сүюге, өз күшіне сенімін арттыру.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып математика»

Мақсаты:

Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру,

қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту,

іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, оқушыларды патриоттыққа, өз Отанын сүюге, өз күшіне сенімін арттыру



Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Ғажайып математика» атты өтетін сайысқа қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

Әр команданы ортаға шақырамыз.

6«А» сыныбының командасы- «Жалын» тобы

6 «Б» сыныбының командасы- «Алғырлар» тобы

Білемеймін деп  қысылма,

Талабың  болса бойыңда.

Өнерлінің  ырысы,

Жарқырап  жатыр жолында.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға  бірге  қатысуға

Шақырамыз сіздерді,

— дей  отырып  сайыскерлеріміздің  білім  мен  өнеріне  баға  беретін әділқазылар  алқасын ортаға  шақырамыз.



Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық жоспары:

  1. «Кел танысайық!»

  2. Математикалық эстафета

  3. «Жұмбақтар сайысы»

  4. «Тапқыр болсаң шешіп көр»

  5. «Сергіту сәті»

  6. «Көрермендермен ойын»

  7. «Алтын сандық»

  8. «Мақалды жалғастыр...»

  9. «Көп ойлан, сөз ойла!»



1. «Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу) 

2. «Математикалық эстафета». Бұл сайыста әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

  1. «А» сыныбының командасына қойылатын сұрақтар:

1.Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3. 2 - ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
4. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
5. 1/2 - ге кері сан? (2)
6. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)

  1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
    (диаметр)

  2. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)

  3. 9 - ға қарама қарсы сан (- 9)

  4. - 99, 9 бен 1 қайсысы үлкен? ( 1)

  5. 0 - ден үлкен сандар ( оң сандар )

  1. «Б» сыныбының командасына қойылатын сұрақтар:

  1. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
    2. 2 - ге бөлінетін сандар не деп аталады? (Жұп сандар)
    3. 5. Ең кіші натурал сан, (1)
    4. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0 - ге)
    5. 3 ке кері сан? ( 1/3)

  1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)

  2. Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең? (о)

  3. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус)

  4. Екі санның қатынасы не деп аталады (пропорция)

  5. 0 - ден кіші сандар (теріс сандар)

  6. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)



Жүргізуші:

Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да  өмірдің,

Айыра  біл тапсырмаңды  алдағы – деп  кезекті  «Жұмбақтар»  сайысына  береміз: (Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі)



1-жұмбақ: 6 «а» сыныбына:

«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
2-жұмбақ: 6 «б» сыныбына:

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?    (70 үйрек)

3-жұмбақ: 6 «а» сыныбына:

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

4-жұмбақ: 6 «б» сыныбына:

Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (17)


Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Тапқыр болсаң шешіп көр» деп аталады. Логикалық есептер шешу.
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - деп, логикалық есептер шығаруды бастаймыз.

6 «а» сыныбына:

  1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)

  2. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20, 21, 23, 24, 26, 27, … (29)

  3. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір - бірден).
    Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел
    құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)

  4. Екі ана, екі бала 3 алманы тең бөліп жеуі мүмкін бе? 

  5. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы? (АЖҚТ) 

6 «б» сыныбына:

  1. 1 т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )

  2. екі санның көбейтіндісі де, үлкенінің кішісіне бөліндісі де 24-ке тең .Осы екі санды тап. (24,1) 

  3. Үш таяқтың неше ұшы бар? (6)

  4. Алманың жартысы неге ұқсас? 

  5. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді: 

«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар? 

Жүргізуші: Сайыс қорытындысын шығару үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші: Келесі кезең «Сергіту сәтіне» кезек береміз.

Жүргізуші: Ал қазір көрермендермен ойынға кезек берейік.

Жанкүйерлерге сұрақтар: 
1. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. (қолғап – перчатка, варешки - glove). 
2. Төрт қарны бар, бір ауызы бар. (үй – дом – home). 
3. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап – книга - book). 
4. Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (бас – голова - head). 
5. Егер Т-дан бастасаң санмын, Т-ны алып тастасаң жаумын. (өрт – огонь, пожар - fire).

  1. Он қойым болды өміріме азық, 
    Инемен саламын құдық қазып.

Жатсам да, тұрсам да қасымда, 
Өзімнен көрген емес кейін қалып. (он саусақ – палец - finger). 
8. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (киіз үй – юрта -yurt) 
9. Алды-артымыз шексіз де, 
Жете алмайсың біздерге. 
Сәуле менен кесінді, 
Шыққан тегі білсің де. (түзу – линия - line). 

Жүргізуші: Келесі кезең «Алтын сандық» кезек береміз. Әр топқа сандықтың ішінде зат жасырылады. Сол затты табу керек.

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

  1.  Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады. (циркуль)

  1. Кішкене ғана саусаққа,

Ұқсайды ма білмеймін.

Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені.  (Флэшка)

  1. Ол оқушы құралы, Қатеңді түзеп тұрады. (өшіргіш)

  2. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш)

  1. Он екі ақ парақ-Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,Сызылған тақталап. (дәптер)


Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Сандар сыры» деп аталады.  
Өнерлі балаларға кім жеткен, 
Әр салада небір өнер көрсеткен, 
Төртінші сайысты біз бастайық, 
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге көшейік. 
Мұнда екі топқа мақал-мәтелдердің басы айтылады, мақалдың құрамында сандары бар, екінші жартысын топ айтып жалғастырады. Мақалдың жалғасын дұрыс тапқан топқа 5 ұпай беріледі.  

6 «а» тобына:

  1. Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім іл) 

  2. Білікті бірді жығар (білімді мыңды жығар) 

  3. Екі жақсы қас болмас (екі жаман дос болмас) 

  4. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына) 

  5.  Екі жақсы бас қосса, Бірін-бірі қия алмас.

(Екі жаман бас қосса, Кең орынға сия алмас.)

6 «б» сыныбына:

  1. Бір елі ауызға (екі елі қақпақ) 

  2. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 

  3. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) 

  4. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 

  5. Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді,

(Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді).


Жүргізуші: Соңғы сайысымыз «Көп ойлан, сөз ойла!» деп аталады.

Екі топқа қате жазылған сөздер беріледі, солсөздерден дұрыс сөздер құрау керек.

РНКӨЕ НСА
УБК СЕҮЛ
ӨЕЙТКУБ НБІТҮ

ТВКАРДА ЛӨМБІ
АСАРЛА УҚСО
ЛФАРОУМА ЗЙТАУА

ИРЕТПРЕМ ДНАУА

ШБЕӨКЛ НҚЫДСЫО

Дұрыс жауаптары:

ӨРНЕК САН
КУБ ҮЛЕС
КӨБЕЙТУ БҮТІН
КВАДРАТ БӨЛІМ
АРАЛАС ҚОСУ
ФОРМУЛА АЗАЙТУ
ПЕРИМЕТР АУДАН

БӨЛШЕК ҚОСЫНДЫ

Жүргізуші: 

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары дұрыс шықты?

Екі топтың сайысы кезеңінде

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

Сайыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демейміз «Өнерлерін аяп қалды»,

Жеңімпаз тобымызды анықтадық,

Осылай сөзіміз де аяқталды.

Біз сіздермен қоштаспаймыз,

Алда әлі асулар бар.

Биіктерді бағындырып,

Асулардан асыңыздар!

-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек.( Оқушыларды грамотамен марапаттау.) 
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән 
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән 
Математика-толып жатқан терең сыр 
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. 






8


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее