«Зима 2025»

Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу

Сабақтың мақсаты

Мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып, мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат беру.

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын үйрету. Жұппен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып, мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат алатын болады.

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын үйренеді. Жұппен жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар

Мәтінге кескіндерді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

  1. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферінен мәтінге кірістіру).
  2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру-Кескін);
  3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint-те салу (кірістіру- Paint суреті).
Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки



«Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі-Мергазина Назым Кадыржановна

Сынып: 5


Күн:_________________

Сабақ: 26

Пән: Информатика

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:15

Тақырыбы

§25. Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу.

Сабақтың мақсаты

Мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып, мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат беру.

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын үйрету. Жұппен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып, мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат  алатын болады.

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын үйренеді. Жұппен жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар

Мәтінге кескіндерді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

  1. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферінен мәтінге кірістіру).

  2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру-Кескін);

  3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint-те салу (кірістіру- Paint суреті).

Тапсырмалар 

Топтық жұмыс: Мәтінмен жұмыс

Жеке жұмыс: Тәжірибелік жұмыстар орындау.(АВ деңгейлі тапсырмаларды орындау).

Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексе.

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізу.

Сыныпты топқа бөлу.

Оқушыларды компьютердің құрылғысы арқылы топқа бөлу (қоржынға компьютердің құрылғысын жазып қоямын, оқушылар бір-бірден таңдап алған компьютердің құрылғысына байланысты, сол топқа отырады)

Оқушылар бір-бірлерінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.


Топ басшыларын сайлау, (топ ішінде спикер, тайм спикер, хатшы рөлдерін бөлу)



Ережені тақтадан оқып, естеріне түсіреді

ІІ. Үй жұмысын тексеру

6 мин

Өткен тақырыптар бойынша түсініктерін сұрау.
* Word мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
* word редакторын қалай іске қосамыз?
* word мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
* Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?
* Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин


http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16331-matindeu_zhane_grafikalyq_aqparattardy_ongdeu_quramdastyrylhan - сілтемесі бойынша “Мәтіндік және графикалық ақпараттарды өңдеу: құрамдастырылған құжаттарды құру” видеосы көрсетіледі.

Сендер енді – суреттерді құруды және өзгертуді, мәтін теруді, оны түзетуді және безендіруді білесіңдер.

Оқулықтың мәтініне назар аударыңдар. Ол көптеген безендірулермен толықтырылған. Осындай әдемі безендірілген кітапты оқу қызықты емес пе, келісесіңдер ғой? Енді сендердің мәтіндеріңді суреттермен безендірейік!

WordPad- суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мүмкіндігі бар.

1-тәсіл

Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.

2-тәсіл

Егер сендер иллюстрациялар дайындап, оларды файлдарда сақтасаңдар, онда Кірістіру →Кескін бұйрығын пайдаланыңдар.

Сурет мәтннің символы сияқты болады:

Мынау мәтіндегі сурет.

Бұл «машина және кеме» деп аталады. Сондықтан оған мәтіннің ерекшеленген фрагментімен орындалатын жылжыту, көшіру, жою сияқты амалдарды қолдануға болады.

Бірақ, сурет – ол символ емес ! Оны тышқанмен жай шерту арқылы ерекшелеуге.

ал мөлшерін ерекшелеу маркерін тышқанмен жылжыту арқылы өзгертуге болады.

3-тәсіл

Егер сендер мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене сурет қосуды шешсеңдер, онда Кірістіру →Paintсуреті (батырмасы) бұйрығын пайдаланыңдар. Графикалық редактордың терезесі ашылады. Сендер суретті саып болып, Paint- ті жапқанда – сурет мәтіннің ішінде болады!

Мына сұраққа жауап беріп көріңдерші: құжатқа осындай тәсілмен қосылған суретті түзетуге бола ма?

IV. Компьютердегі

тәжірибелік жұмыс

8 мин

Жеке жұмыс: Таңдалған деңгейлік тапсырма бойынша компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау және  жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, оларға жауап беру.

1 тапсырма: 1) Paint-ті іске қосыңдар.

2) Жұлдызшаның суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа “Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.

3) WordPad- ті іске қосыңдар.

4) «Мен мәтінге файлдан сурет кірісітіремін» мәтінін теріңдер.

5) Кескін батырмасын шертіңдер.

6) Жұлдызша файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.

7) Paint-ке ауысып, суретке найзағай бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.

8) WordPad-ке ауысыңдар. Мәтіндік сурет өзгерген жоқ.

2 тапсырма: 1) Графикалық редакторда «Жалау» өлеңіне сурет салыңдар.

2) Мәтіндік редакторда өлеңнің мәтінін теріңдер. Сызғыштың көмегімен өлеңнің екінші бөлігін оның бірінші бөлігінен 5 см оңға қарай жылжытып орналастырыңдар.

3) Өз суреттеріңді графикалық редактордан мәтінге көшіріңдер.

Жалау

Жалғыз жалау желбіреп

Тұманды теңіз төрінде

Жат жерде жүр не тыңдап?

Несі бар бөтен жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,

Майысар діңгек сықырлап.

Ол жүрген жоқ бақ іздеп,

Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

(М.Ю. Лермонтовтан)

Кім қанша өмір сүреді?

Ұзақ жасаудың  рекордшылары- тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз-олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр-15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан – 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні –есек -50 жылға дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқаларынан көп қмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.     (В.Песков)

V. Сергіту сәті

2 мин

Жаттығуды орындарында отырып орындау.


Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту

10 мин

  1. Мәтіндік құжаттарды құру үшін қолданылатын қандай стандарттық программаларды білесіңдер? Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?

  2. Мәтіндегі суреттің мөлшерін қалай өзгертуге болады?

3.Қалй ойлайсыңдар, мәтінге түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек.

VII. Кері байланыс

3 мин

Кері байланыс пікірлерін жинап алу.

Оқушылар тақырыптағы түсінген, түсінбеген сұрақтарын кері байланыс парағына жазып кетеді.

VIІI. Оқушыларды бағалау

2 мин

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау арқылы бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

ІХ. Үй жұмысы

2 мин

§25. Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу. Бақылау сұрақтарына жауап беру.  184-188  бет оқу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее