«Весна — лето 2024»

"Ең үздік оқырман отбасы" сайыс

Ең үздік оқырман отбасын анықтау мақсатында дайындалған әдістемелік әзірлеме. Сайыс кезеңдері қамтылған.

Олимпиады: Викторина "По стране искусства" 1 - 11 классы

Содержимое разработки


«№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі»КММ








Ең үздік

оқырман отбасы











Өткізген: Кусаинова М.М









2019 жыл



Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән, би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ –бірлік туралы мақал-мәтелдер, әр отбасына арналған слайд-шоу.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «балалы үй-базар» дейді. Өйткені бала –өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы- бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің ұйымдастырылып отырған «Ең үздік оқырман отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана.

Көркіне ақылы да сай келетін,

Сапаровтар отбасы ортамызда.

Қуантады білімімен бәрімізді,

Қол соғып қарсы алайық енді оны.

Рашитовтар отбасы келіп қалды,

Татулықты ту еткен бұл отбасы.

Жігітке ақыл, білім жарасады,

Нағыз ер халқыменен санасады.

Сайысқа бар күшімді саламын деп,

Айқын отбасы таласады.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру.


«Ең үздік оқырман отбасы» сайысының кезеңдері


  1. Үй тапсырмасы. «Біздің сүйікті кітабымыз» отбасымен бірге кітап оқу, оқып отырған кітапты фотаға, видеоға түсіру.

  2. «Кім тапқыр?» оқылған үзіндінің атын, авторын табу

  3. «Әдебиет кино әлемінде» кинолардан көрініс көре отырып, қай шығарма желісі бойынша түсірілгенін табу

  4. «Егерде мен.....» шығармашылық жұмыс


1-бөлім. «Қанеки, танысайық». Отбасылық командалардың өзін-өзі таныстыруы. Таныстыру әркімнің қалауы бойынша әр түрлі форматта жүргізілуі мүмкін. Мысалы: жанұяның өмірі туралы слайд көрсете отырып тақпақпен, өлеңмен (музыкалық) немесе қара сөзбен мәнерлеп оқу арқылы. Таныстыруда әрбір отбасы мүшелерінің өмір ұстанымдары, атқаратын қызметі, жанұяның жетістіктері туралы баяндалуы тиіс.

2-бөлім. Кім тапқыр?

Әдеби кітаптардағы әңгімелерден үзінді оқылады, қатысушы кітаптың атауын және авторларын табады.

Еламан бұл түнді ұйқысыз отырды. Ақбала да теріс қарап жатқан күйінен тырп еткен жоқ, түнімен көз ілмеген Елеман тек таң алдында талықсып кеткен-ді, жел тұрыпты. Көзін ашқанда жағалаудың әдеттегі жынды желі шырт ұйқыда жатқан ауылдың үстінен аса соғып әупіріп тұр екен.(Әбдіжамал Нүрпейсов. «Қан мен тер).

Артықбай батырдың қызы деймісің? –деді Есеней.

-Ойбай, аға сұлтан пірім-ау! Соның қызы-Ұлпан. Мінер жақ артқы аяғы ақ бақай, маңдайында төбелі бар, су төгілмейтін қара жорға тұр ғой, міне!..

. (Ғабит Мүсірепов Ұлпан)

3. Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... Ол да бір дәурен... иа... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұры авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де Шұғаның белгісі атанды, Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су... Ол уақытта жердің берекесі қандай. (Б.Майлин» «Шұғаның белгісі»)

5. Менің атым....

Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атынан сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат.

6.Елден ертерек жырақтап кеткен Айекен біраз жылдан кейін аулына келсе, бұрынғы кластастастары абыр да сабыр. «Жақсы келдің, бүгін Серік үйленгелі жатыр» дейді олар.

-Қай Серік?

-Кәдімгі өзіміздің кластас Серік ше?

-Шүмекбаев па?

-Жоқ, ол кейін Қоқымбаев болып кетті емес пе?...

Барса баяғыда өзімен бірге оқыған, көптен көрмеген ешкінің асығындай досы зіңгіттей азамат болыпты. (Жұмағазы Игісін. «Қоңыр қоржын»)

7. Сағыныш кеше ғана ауылға жазғы дамалысқа келген. Студенттердің асыға да қауіптене күтетін үшінші курсын жақсыға аяқталды. Кешке автобусқа әрең үлгеріп, ауылына жеткенде, мал өрістен қайтып, ауыл іші азаң-қазаң болып, мөңіреген сиыр, маңыраған қой үнінен бөлініп тұр екен. (Болат Абаған. «Сағыныш»).

3 бөлім. Әдебиет кино әлемінде.

4 бөлім. Шығармашылық жұмыс



















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее