«Зима 2025»

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер §1. Түрік қағанаты

7 сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан Орта ғасырлардағы Түрік қағанаты тақырыбы. Сабаққа қолданылғн сабақ жоспары.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақ жоспары


Пән: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сынып: 7 А

Күні:


Тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

§1. Түрік қағанаты


Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық –Қазақ жеріндегі ерте ортағасырлық мемелкет – түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түркі өркениетінің қалыптасуын көрсету.

Тәрбиелік –Оқушыларды түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстара отырып, өздігінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Дамытушылық – Түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мәлімет бере отырып, оқушылардың отансүйгіштік, адамгершілік қасиетерін қалыптастыру.

Сабақ түрі: дәстүрлі.

Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог).

Көрнекілік: Түрік қағанатының картасы, кестелер, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А) Түрік қағанатының құрыулы.

Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Қағанат оңтсүтік-шығысында Қытаймен, оңтсүтік-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізді. Түрік қағанаты жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі болды. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтардан тұрды. Олардың ішінде басым көпшілігін теле тайпалары құрады. Теле – түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. 542 жыл – түрік этнонимінің алғаш кездесуі, 552 жылы – Түрік қағанатының құрылуы, 603 жыл – Батыс және Шығыс болып ыдырауы.

В) Шаруашылығы. Мәдениеті.

Қағанат халқы негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыстаулары Іле, Шу, талас, Ертіс, Сырдария сияқты ірі өзен бойларындағы тоғайлы жерлерде немесе тау бөктеріндегі күнгейлі шатқалдарда орналасты. Өйткені ондай жерлердің от-суы мол, қысы жайлы еді. Төрт түлік мал өсірген. Мал өнімдері жесе азық, кисе киімі болған.

Түріктердің жерлеу рәсімінен ең алғашқы кезеңдерде мәйітті отқа өртеп, оның күлін қойғаны байқалды. Кейінгі дәуірлерде бұл рәсім жойылған. Бұл екі түрлі жерлеуде адамның тірі кезінде қолданған заттарын бірге көмген. Ғылыми пікірге қарағанда, алғашқы кехдегі мәйітті өртеп жерлеу отқа табынушылықтан туған. Ал заттарды бірге қою – о дүниеде өмір бар, заттар сонда керек болады деген нанымның нышаны.

С) Түрік қағанытының ыдырауы. Қаған әулетінің арасында билік үшін талас-тартыс басталады. Басқа халықтар өз тәуелсіздігі үшін бас көтеріп, қағанатқа қарсы күрес жүргізеді. 581 жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар басталады. Ақыр аяғында 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бқлініп тынады.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?

В) Түрік қағанаты қашан құрылды?

С) Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?

Д) Түрік халқы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?

V. Қорытындылау. Сонымен біз бүгін Қазақстан территориясындағы алғашқы ортағасырлық мемлекет Түрік қағанатын өттік. Түріктер туралы алғашқы деректер, Түрік қағанатының құрылуы, оның алғашқы қағандары, дамуы мен құлдырау тарихымен таныстық.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау. Кестені толтыру:


Мемлекет атауы

Өмір сүрген уақыты

Орналасқан аумағы

Әлеуметтік этникалық құрылымы

Қоғамдық басқару жүйесі

Шаруашылығы


















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее