«Зима 2025»

«Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамандығы оқушыларына арналған «Қаржылық есеп» пәнінен курстық жұмыс жазу бойынша Ә Д І С Т Е М Е Л І К Н ҰС Қ А У

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқаушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымының нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыс – «Қаржылық есеп» курсы бағдарламасының құрастырмалы бөлігі. Курстық жұмыстың міндеті болып курстың нақты бір тақырыбы немесе бөлек сұрақтары бойынша өзіндік жұмысы негізінде оқушылардың білімін жетілдіру және кеңейту табылады.

Әдістемелік нұсқау зерттеуді таңдауда, курстық жобаның жоспарын құрастыруға әдебиеттерді, таңдалған тақырып бойынша материалдарды таңдауда, курстық жұмысты безендіруде және зерттеуді жүргізуде белгілі бір мақсаттылық және жүйелілік материалдарды мазмұнын оқушыларға көмек көрсету өзінің мақсаты етіп қояды.

«Қаржылық есеп» пәні бойынша курстық жұмыс студенттердің білімін қосымша тексеруге мүмкіндік береді және жұмысты студенттер курстың соңында өз бетінше орындаулары керек.

Курстық жұмыс мақсаты:

1. Студенттерге әдебиеттік ақпараттық материалдарды қолдана отырып, негізгі экономикалық есептеулерді жасауға, талдау жасауға, оларға қорытынды және ұсыныс жасауға үйрету.

2. «Қаржылық есеп» курсы бойынша негізгі тақырыптарға есептеулер жасауға және негізгі бухгалтерлік көрсеткіштер бойынша студенттердің білімін жетілдіру.

3. Өзіндік жұмысты орындауда студенттердің мүмкіндігін жетілдіру.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Батыс Қазақстан АТИСО академиялық колледжі



«Бекітемін» «Келісілді»


ОЖ жөніндегі директордың ҒПО әдіскері

орынбасары _______ А.Т.Сагитова

_________ Рупс Л.Р. «___»__________2014 ж.

«___»______________2014 ж.

Экономика және құқық

пәндер ПЦК төрайымы

______Шакаева Д.Ж.

«___»__________2014 ж





«Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамандығы

оқушыларына арналған

«Қаржылық есеп» пәнінен курстық жұмыс жазу бойынша


Ә Д І С Т Е М Е Л І К Н ҰС Қ А У

















Құрастырған арнайы экономикалық пәндер оқытушы

Умарова Н.С.







Орал - 2014 жыл

Кіріспе

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқаушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымының нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыс – «Қаржылық есеп» курсы бағдарламасының құрастырмалы бөлігі. Курстық жұмыстың міндеті болып курстың нақты бір тақырыбы немесе бөлек сұрақтары бойынша өзіндік жұмысы негізінде оқушылардың білімін жетілдіру және кеңейту табылады.

Әдістемелік нұсқау зерттеуді таңдауда, курстық жобаның жоспарын құрастыруға әдебиеттерді, таңдалған тақырып бойынша материалдарды таңдауда, курстық жұмысты безендіруде және зерттеуді жүргізуде белгілі бір мақсаттылық және жүйелілік материалдарды мазмұнын оқушыларға көмек көрсету өзінің мақсаты етіп қояды.

«Қаржылық есеп» пәні бойынша курстық жұмыс студенттердің білімін қосымша тексеруге мүмкіндік береді және жұмысты студенттер курстың соңында өз бетінше орындаулары керек.

Курстық жұмыс мақсаты:

1. Студенттерге әдебиеттік ақпараттық материалдарды қолдана отырып, негізгі экономикалық есептеулерді жасауға, талдау жасауға, оларға қорытынды және ұсыныс жасауға үйрету.

2. «Қаржылық есеп» курсы бойынша негізгі тақырыптарға есептеулер жасауға және негізгі бухгалтерлік көрсеткіштер бойынша студенттердің білімін жетілдіру.

3. Өзіндік жұмысты орындауда студенттердің мүмкіндігін жетілдіру.


1. Курстық жұмысты орындаудағы негізгі талаптар

Курстық жұмысты орындауда мынадай талаптар қойылады:

1. Курстық жұмыстың мазмұны жоспар және негізгі сұрақтарға сәйкес болуы керек.

2. Кіріспеде қазіргі уақыттағы бухгалтерлік есептің алатын орны, мәні, маңызы, мақсаты, негізгі түрлері және бухгалтерлік есептің жаңа бағыттары туралы ақпаратты көрсету керек.

3. 1 бөлімде тақырып бойынша теоретикалық сұрақтарды қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы әртүрлі шаруашылық субъектілері мен кәсіпорындарда тәжірибелермен салыстыра отырып, сонымен қатар, бухгалтерлік көрсеткіштерді, ҚР нормативтік-құқықтық актілерімен сәйкес әртүрлі мысалдармен келтіру арқылы көрсету керек. Сонымен қатар кәсіпорын мүліктерін және құрылу көздерін сандық кестелерінде талдау жасау керек.

4. 2 бөлімде тақырып бойынша қазіргі дамыған экономика жағдайындағы жаңашыл даму бағыттары, жолдары және бухгалтерлік есеп жүйесінде алатын орны, қамтитын аясы туралы тереңірек жаңашыл көзқарас бойынша көрсету керек.

5. Қорытындыда курстық жұмыс тақырыбы бойынша қорытынды және ұсыныс жасау керек: қозғайтын мәселелері, кемшіліктері, ерекшеліктері; мамандық бойынша білім жолында курстық жұмыстың алатын орны туралы және т.б.

6. Қолданылған әдебиеттерде материалдарды атауы, шығарылған баспасы, орны, шығарылған жылы және әдебиет беті бойынша көрсету керек

7. Тіркелімде алғашқы құжаттар және тақырып бойынша құжаттар тіркелуі қажет.


2. Курстық жұмыс тақырыптары

Курстық жұмыстың тақырыбы кәсіпорынды жақсарту, шаруашылықтың мамандануы және болашақ дамуы үшін мәселелердің маңыздылығы есебінен оқушылардың өз еркімен таңдалады, сонымен қатар оқушылардың бейімділігін және ықыласына байланысты.

«Қаржылық есеп» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға мынадай тақырыптар ұсынылады.

  1. Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары

  2. Негізгі құралдардың түсуі, шығуы, жалға алу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  3. Негізгі құралдардың тозу және жөндеу есебі, олардың жетілдіру жолдары

  4. Ақша құралдарының есебі және олардың жетілдіру жолдары

  5. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  6. Дебиторлық борыштар есебі және жетілдіру жолдары

  7. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және жетілдіру жолдары

  8. Дайын өнімнің, тауарлардың есебі және олардың жетілдіру жолдары

  9. Кредиторлық борыштар есебі

  10. Еңбекақыны төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  11. Қарыз және несие бойынша есеп айырысу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  12. Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  13. Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыс және шығыс есебі, олардың жетілдіру жолдары

  14. Негізгі өндірістің шығындарының есебі және олардың жетілдіру жолдары

  15. Қосымша өндіріс шығындар есебі және олардың жетілдіру жолдары

  16. Меншік, резервтік, қосымша капиталының есебі және олардың жетілдіру жолдары

  17. Қаржылық нәтижелер есебі

  18. Материалдық емес активтер есебі және олардың жетілдіру жолдары

  19. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары

  20. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары

  21. Сауда және қоғамдық тамақтандыру орындарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары

  22. Сыртқы экономикалық қызмет есебі және оның жетілдіру жолдары

3. Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны

Курстық жұмыстың құрылымы:

- Титульді бет

- Жұмыс жоспары

- Кіріспе

- 1 бөлім, тақырып бойынша теороиялық және тәжірибелік сұрақтар қозғалады

- 2 бөлім, тақырып бойынша жетілдіру жолдары мен бағыттары көрсетіледі

- Қорытынды, курстық жұмыс бойынша қорытынды пікір мен ұсыныс көрсетіледі.

- Қолданылған әдебиеттер тізімі;

- Тіркелім

Кіріспе. Зерттелетін тақырыптың өзекті мәселелері және маңыздылығына сүйене отырып жасалады.

1 Бөлім. Тақырып бойынша сұрақтардың бухгалтерлік есеп жүйесіндегі негізгі теориялық және практикалық мәселелері қаралуы керек. Бөлімде міндетті түрде қаралатын сұрақтар бойынша аналитикалық талдау кестелері, суреттер, диаграммалар, кескіндер көрсету керек. Бухгалтерлік есеп заңдық және жаңашыл авторлар еңбектеріне сүйене отырып тақырыпты мысалдар негізінде кеңірек ашу.(10-12 бет)

2 Бөлім. Курстық жұмыстың таңдап алынған тақырыбы бойынша нарықтық экономика жағдайында және бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ХҚЕС бойынша жетілдіру бағыттары мен даму жолдарын көрсету керек. (10-12 бет)

Қорытынды жұмыстың мазмұнымен сәйкес болуы керек және 2-3 бет негізгі қорытынды жасаумен көрсетілуі керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімінде көрсетілуі керек:

- ҚР заңдық актілері (заңдар, Президент жарлықтары);

- ғалым-экономистердің еңбектері (алфавиттік ретпен) және мамандардың еңбектері аты-жөні, еңбек атауы, баспасы, шығарылған жылы, беті көрсетілуі керек;

- басылымдық материалдар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 25-30 атаудан тұрады.

Тіркелім қосымша және көмекші ақпараттардан тұрады. Мысалы, қаржылық-статистикалық есептер, әртүрлі құжаттар көшірмесі, анықтамалық құжаттар, алғашқы құжаттар және т.б. Түрі бойынша олар кесте, кескін, карта болуы мүмкін


4. Курстық жұмысты рәсімдеу және қорғау

Курстық жұмыстың титульді бетінде оқу орны туралы, мамандық туралы және жұмыстың тақырыбы, оқушының аты-жөні, жетекшінің аты-жөні туралы мағлұмат көрсетіледі. (тіркелім 1)

Жұмыстың мазмұнында әрбір бөлімнің, параграфтың беттерін нұсқауымен көрсетіледі. (тіркелім 2).

Курстық жұмыстың көлемі 20-25 бет компьютерлік теру бойынша. Текст сол жақтан 30мм, оң жақтан 15мм, жоғарыдан 20мм, төменнен 20мм қашықтықпен жазылады. (1,5 интервал, кегль 14 Times New Roman).

Курстық жұмыстың барлық беттері нөмірленеді (титулді бетке қойылмайды). Нөмірлеу беттің төменгі жағының ортасына қойылады.

Әрбір бөлім жаңа беттен басталып жазылады. Бөлімшелер жалғасып жазылады.

Жұмыста кездесетін кестелер атауына сәйкес болуы керек және олар ретімен нөмірленіп отырады, № белгісі қойылмайды (мысалы, кесте 1).

Курстық жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі керек. Оларға монографтар, кітаптар, мақалалар, журналдар, кітапшалар тізімі кірістіріледі. әдебиеттер тізімі алфавит бойынша жазылады. (мысалы, Айманов А.С. Бухгалтерлік есеп Алматы,2011ж. 25-30бет. )

Курстық жұмысқа қосымшалар (бастапқы құжаттар, журнал-ордерлер және т.б) жұмыстың соңында тіркеледі.

Курстық жұмыс соңғы безендірілген түрде белгіленген мерзімде тапсырылады. Жұмысты тексергеннен және қорғауға жіберілгеннен кейін курстық жұмыс оқушылармен қорғалады.

Курстық жұмысты қорғау ПЦК шешімімен құрылған комиссиямен қабылданады.

Курстық жұмысты қорғау уақытында оқушы жұмысқа қысқаша сипаттама беруі, тақырып бойынша қорытынды жасай білуі және курстық жұмыс жетекшісінің сұрақтарына жауап беруі қажет.

Курстық жұмыс мазмұнының және қойылған сұрақтарға оқушының жауаптары есебінен бағаланады.



Бөлек тақырыптар бойынша курстық жұмыстың үлгілі жоспары

Тақырып: «Негізгі құралдардың түсуі, шығуы және жалға алуының есебі және олардың жентілдіру жолдары».

Жоспар:

Кіріспе

  1. Бөлім. Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және олардың есебінің жетілдіру жолдары

    1. Негізгі құралдардың мәні мен мағынасы, түсінігі

    2. Ғалымдар мен тәжірибиешілердің еңбектерінде негізгі құралдардың есебін жетілдіру сұрақтары

  2. Бөлім. Негізгі құралдардың түсуі мен шығуының есебін ұйымдастыру

    1. Негізгі құралдарды бағалау

    2. Негізгі құралдардың түсуінің есебі

    3. Негізгі құралдардың шығуының есебі

    4. Негізгі құралдарды жалға беру есебі

    5. Негізгі құралдардың қозғалысының есебін жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

























Қосымша 1

Титульдік бет


ҚР білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан АТИСО академиялық колледжі













КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Пәні: «Қаржылық есеп»


Тақырыбы: «Негізгі құралдардың түсуі, шығуы және жалға беру есебі»














Орындаған:

3-курс___ топ студенті________________


Тексерген: оқытушы__________________






ОРАЛ -201_ ж.

Қосымша 2


Мазмұны



Кіріспе............................................................................................................2

Бөлім1 (атауы)...............................................................................................4

1.1. (атауы)..........................................................................................4

1.2.........................................................................................................9

Бөлім 2 (атауы)..........................................................................................12

2.1. .....................................................................................................12

2.2. ....................................................................................................16

2.3. ....................................................................................................22

2.4.......................................................................................................25

Қорытынды .................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................32





























Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Әбдіманапов Э.Э. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. - Алматы:, 2001.

  2. Кеулімжаев Қ.К.,Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері, 2009ж. Алматы Экономика

  3. Кеулімжаев К..К., Әжібаева З.Н., Кұдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Каржылык есеп - Алматы: Экономика, 2008.

  4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. — Алматы: Экономика, 2005.

  5. Тасмағанбетов Т.А., Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А., Рабатов О., Байболтаева Н.Э., Радостовец В.К. Қаржы есебі. Алматы: -Дэуір, 2008ж.



Қосымша әдебиеттер:

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» туралы ҚР заңы 28.02.2007ж.№234 – 111.

  2. Кеулимжаев К.К. и др. Финансовый учет на предприятии (Под редакции P.M. Рахимбековой). - Алматы: Экономика, 2005.

  3. Кеулімжаев К..К., Төлегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Кұдайбергенов Н.А. Субъектінің каржы-шаруашылык кызметі бухгалтерлік есеп-шоттарының корреспонденциясы. Алматы: - Экономика, 1998.

  4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Н. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп - Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002.

  5. Рахимбекова Р.М., Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж., Кинху-зова К.К., Сальменова А.Т. Финансовый учет на предприятии. -Алматы: Экономика, 2003.

  6. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы: - Создік-Словарь,1999.















«Қаржылық есеп» пәні бойынша

курстық жұмыс тақырыптары

  1. Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары

  2. Негізгі құралдардың түсуі, шығуы, жалға алу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  3. Негізгі құралдардың тозу және жөндеу есебі, олардың жетілдіру жолдары

  4. Ақша құралдарының есебі және олардың жетілдіру жолдары

  5. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  6. Дебиторлық борыштар есебі және жетілдіру жолдары

  7. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және жетілдіру жолдары

  8. Дайын өнімнің, тауарлардың есебі және олардың жетілдіру жолдары

  9. Кредиторлық борыштар есебі

  10. Еңбекақыны төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  11. Қарыз және несие бойынша есеп айырысу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  12. Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізу есебі және олардың жетілдіру жолдары

  13. Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыс және шығыс есебі, олардың жетілдіру жолдары

  14. Негізгі өндірістің шығындарының есебі және олардың жетілдіру жолдары

  15. Қосымша өндіріс шығындар есебі және олардың жетілдіру жолдары

  16. Меншік, резервтік, қосымша капиталының есебі және олардың жетілдіру жолдары

  17. Қаржылық нәтижелер есебі

  18. Материалдық емес активтер есебі және олардың жетілдіру жолдары

  19. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары

  20. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары

  21. Сауда және қоғамдық тамақтандыру орындарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру жолдары

  22. Сыртқы экономикалық қызмет есебі және оның жетілдіру жолдары

























Құрастырған оқытушы


Умарова Н.С.







Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

Батыс Қазақстан АТИСО академиялық колледжі



«Бекітемін» «Келісілді»

ОЖ жөніндегі директордың экономика және құқық

орынбасары пәндер ПЦК төрайымы

_________ Рупс Л.Р. ______Шакаева Д.Ж.

«___»______________2012 ж. «___»__________2012 ж.









Курстық жұмыс тақырыптары



«Қаржылық есеп» пәнінен

«Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамандығына арналған












Экономика және құқық

пәндер ПЦК отырысында қаралды


__ Бұйрық «___»_______2012 ж.



Орал - 2012 жыл





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее