«Зима 2025»

Қасым Аманжолов: «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы

Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу

жасау арқылы жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына

қызығушылықты ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, рухани танымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларды ерлікке, батырлыққа, табандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки



Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:

Босалова Алтынгүл Қилыбайқызы



11- сынып Қазақ әдебиеті

Қасым Аманжолов: «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы

 Сабақтыңмақсаты:

Білімділік: Қасым  Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу

жасау арқылы жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына

қызығушылықты ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, рухани танымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларды ерлікке,  батырлыққа, табандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

Сабақтыңтипі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтыңтүрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтыңәдістері: түсіндірмелі-көрнекілік,  репродуктивті, топтастыру, сын тұрғысынанойлаустратегиялары, сатылайкешендіталдау.

Көрнекілігі: Ақынпортреті,  шығармаларжинағы,  слайдтар.

Видео:1) «АбдоллаЖұмағалиевтуралы»,  2) Ән: Жасдәурен

Техникалыққұрал-жабдық: интербелсендітақта

Пәнаралықбайланыс: тарих, география

Сабақтыңбарысы:

І. Ұйымдастырукезеңі

ІІ. Үйтапсырмасынсұрау

Үйге берілген сыныптан тыс оқу бойынша «Маңызды мәлімет» арқылы сұраймын

«Ғ.Мұстафин шығармаларынан маңызды мәлімет» оқушылар жазып келген мәліметтерін айтып, ортаға салады. Қатысқан оқушылар жетон жинап, көп ұпай алуға тырысады

(Қасым шежіресімен таныстыру)

 Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын, -деп ақын өзі жырлағандай алдымен ақын шежіресімен танысып алайық. 
 (слайд)

 Хронологиялық  кесте

1911 ж 10 қазан Қарағандыоблысы Қарқаралыауданы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Жастай жетім қалады.
1924 — 1947 Семей қаласында интерната оқиды.
1927 — 1930 Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды.
1930 — 1932 Орал қаласында, Ленинград қаласында оқып, бірақ аяқтамайды.
1932 — 1933 Орал қаласының “Екпіндіқұрылыс”,  Алматыда “Лениншілжас” газеттерінде істейді, өлеңдері көптеп жарияланады.
1933 — 1935 Орал қаласында әскери міндетін өтейді.
1935 — 1936 Оралдыңтеатрындажұмысістейді, ақындық, әншілік,
артистік таланты ашылады.
1936 — 1941 Алматыдагазеттерде, ЖазушыларОдағындақызметістейді.
1938 “Өмірсыры”аттытұңғышөлеңдержинағышығады.
1941 — 1945 ҰлыОтансоғысынақатысады.
1946  ӘйеліСақыпжамалғаүйленеді.
1947  ҚызыДариғадүниегекеледі, өзісырқаттаныпжатыпқалады.
1946 – 1952  “Балбөбек”, “Нұрлыдүние”, ”Таңдамалышығармалар” жинағыбасылды.
1954ж  Қазақстанжазушыларының ІІІ съезініңашылуынақатысады.
Қазіргітаңдақаратанитынкез-келгенадамнақылретіндепайдаланатын «Мектеп – кеме, білім – теңіз», «Балалар – біздіңболашақ» дегенқанаттысөздереңалғашретҚасымныңдуалыаузынаншыққанынбіреубілсе, біреубілмейді.

Қасымның орда бұзар шағы соғыспен  тұспа-тұскелді де, майданға аттанды. Шығысты да,  батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті.  Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапылсоғыста да өлең жазды. Ол  жансерігі  қаламын қолынан тастамай,  жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді.

Қасымның шынайы ақындық болмысы соғыс жылдары көрінді. Ол қазақ ақындарынан тұңғыш қаһармандықтың, қайсарлықтың тамаша үлгісін көрсеткен Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдайды. «Ақын өлімі туралы аңызды» ауырып емханада жатқанда жазған.

Поэма небәрі 220 жол. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылық, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай тас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес.

Поэма – белгілі бір оқиғаны өлеңмен  баяндап айтатын,  

жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма

Жаңа сабақ

1.Абдолла Жұмағалиев туралы видео

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау «Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз» деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ  Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.

Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: «Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады», – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады.

Поэзия минуты

Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын талдау

Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік. Поэманы мәнерлеп оқу.

Сөздікпен жұмыс 
1. Нұх-пайғамбар аты.
2. Прометей — от құдайы.
3. Қызойнақ-жастардың бас қосқан ойыны.
4. Гүрзі – соғыс қаруының аты.

1-топ

Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.

Өмір гүлін жаншып, таптап,
Шаштан сүйреп махаббатты,
Жерімізде жындай каптап,
Найзаға іліп ар-ұятты,
Келе жатты сұм жендеттер.

Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар – барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер. Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді.

Қасиет күші ұлы Отанның,
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!

Күллі әлемнің ашу кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жаужолынаатамсені,
Бомба бол да, жарылжүрек!
 – деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жанашуына айналады. «Намысты ұлан аласұрып» жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:

Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар.
Мәңгі мекен көл жағасын
Тастап, суға сүңгіді жар.

Кең даланы жүнше түтіп,

Орман шашын талдап жұлып,

Көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.

2-топ

Ала алмайсың! – деді ер ұлан,
Алмай қойман! – деді жауы.
Қысты келіп жан-жағынан
Темір торлы жау кұрсауы.

 Бұл – кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.

Қызыл жасыл киінген өрт
Көрінді оған боп қыз ойнақ боп,
Толқып торғын, жайнап букет,
Тым сиқырлы билеп, ойнап.
Ашып отқа омырауын,
Естісін, – деп, – қырсық жауым,
Айтты ол шырқап өрт ішінде
Сүйген әні «Қарғам-ауын».
Қайсар батыр от киінген
Күш-қайратын тіске жиып.
Жаңағы ақшыл ер жүзінен
Жалын тілі тұрды сүйіп…

Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:

Шұғыла шашқан кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап.
Өрт топанып кешіп Нұхтай,
Жалғыз өзі тұрды бойлап.

Бұл – екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл – трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады. Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған (1943) бұл поэма сол кездің өзінде-ақ, жұртшылық назарын бірден өзіне аударды.

Мұғалім

Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты», – деп жазды

Поэмадан қандай әсер алдық?

Осы бір өлім мен өмір күресін ақын қалай суреттейді?

-Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайтын жерді оқиық.

-Ақын Абдолланың отқа жанып тұрған шағын қалай суреттеген?

-Осы суреттенбатырғақандаймінездемеберугеболады?

Поэманыңтақырыбы мен идеясынашу.

Поэманыңтақырыбы не?

Идеясықандай?

Поэма тақырыбы-ерлік, батырлықтуралы.

Идеясы-азаматтыңелгедегенборышынөтеу, туғанеліне, жерінедегенсүйіспеншілігі.

Шығармашешімі: Абдоллаөлімі.

Оқулықпенжұмыс. Аялдапоқуәдісіменпоэманыталдап, композициялық  жоспарынқұру.

Шығарманыңбасталуы: сұрапылсоғыстыңсуреттелуі.

Шығарманыңдамуы: қаһарманныңішкітолғанысы, қаһарлы кекке,  жанашуынаайналуы.

Шығарманыңшарықтаушегі: жауәскерлерініңөртқоюы.

Дәптерменжұмыс.

1-топ тапсырма.

А) Мәтіндіпайдаланаотырып, Абдоллағамінездеме беру.





2-топ тапсырмасы

А) Қасымға мінездеме бер



өр рухты аудармашы

майдангер ақын

Қасым Аманжолов

журналист сыншы



драматург әнші, сазгер





А) Венн диаграммасы.

Қасым                   Ұқсастығы                Абдолла

ПОПС формуласы

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлеледей аламын..»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынандай қорытынды шешімге келдім...»

Ү. Білемін    Білгім келеді   Үйрендім 
Жастайынан жетім қалғандығын, бірнеше өлеңдерінің тақырыбы туған жерге,  Отанды сүюге,  құрметтеуге арналғандығын білемін. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Абдолла Жұмағалиев туралы екендігін білемін. Ақын Абдолла Жұмағалиев пен Қасым Аманжоловтың достығы туралы терең білгім келеді. Ақындардың қазіргі таңда ұрпақтары қалай жалғасуда, соны білігім келеді. Абдолла секілді батырды елі әрқашан құрметтейді. Ерлігі ешқашан да ұмтылмайды. Абдолла секілді ержүрек, батыл қайтпас, қайсар болуды үйрендім.

1)Поэма неге “Ақын өлімі туралы аңыз”

деп аталады?

2) Абдолла өлімі – өмірді жеңген өлім бе, өлімді жеңген өмір ме?

3) Ерлікті тек соғыста ғана жасау керек пе?

Бейбіт күндегі Отан үшін жасалатын

ерлік деп нені атар едің?

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен  қорытындылап өтсек «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып,  сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды  майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады.(өмірмен байланыстыру)

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйгетапсырма: ҚасымАманжолов «Ақынөлімітуралыаңыз» оқуталдау, үзіндіжаттау.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее