«Зима 2025»

Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы жалпы түсінік

2 сыныпқа арнған дене пәнінен жаңа үлгідегі сабқ жоспары.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Пән: Дене

Сынып: 2 «в»

Күні: 04.09.2017

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Денсаулық туралы жалпы түсінік

Мектеп: С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Асанова Айымгуль Жолдасбаевна

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді оқу мақсаты

2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды

2.3.1.1 Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылау және сипаттау.

Сабақтың мақсаттар

1.Денсаулықты нығайтуға байланысты жаттығу түрлерімен танысады;

2.Жаттығу түрлерін көрсетеді;

3.Жаттығу жасау барысында жаттығуларды ережелерге сай жасайды.


Бағалау критерилері

1.Жаттығу түрлерін көрсетеді;

2. Қауіпсіздік ережені сақтай отырып ,жаттығуларды дұрыс жасайды.

3.Ойын ережесін сақтайды, жеңіске жетеді.

Сөздік қор

Қимыл қозғалыс, жүгіру, секіру, жүрек, бауыр, бұлшықет, ептілік

Құндылықтарды дарыту

Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Бөлімнің екінші бөлігінде кеңістіктегі қозғалысты, жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ойнатылады

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, математика

АКТ қолдану дағдысы

телефон, аудиожазба

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар денсаулықты нығайту үшін жаттығулар жасау керектігі туралы біледі. 1-сыныптағы қарапайым жалпы дамыту жаттығуларын орындау, жүгіру, секіру, лақтыру тәжірибиелері бар.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

15мин










Сапқа  тұру түзел тік тұр сәлемдесу, оқушыларды  түгендеу,саптық жаттығулар оңға, солға бұрыл кері айнал.

Жалпы  дамыту  жаттығулары: спорт залды   айланып  жайлап  жүру, жүгіру,тізені  биік  көтеріп  жүгіру, оңға  және  солға  қарай  тіркеме  адыммен  жүгіру, артпен  жүгіру, алмен  жүгіру.қаз жүріс терең жүріп демалу. Сапқа тұру. қатармен саналу 1-2-3ке санал

Бір  орыннан  және  қозғалып  жасалатын  жаттығулар:

Б.қ.аяғымыз иық көлемінде қалымыз белде басымызды айналдырамыз 

Б.қ. екі  қолды  алға  және  артқа  айналдыру.

Б.қ оң қол жоғарыда сол қол төменде қолымызды алмастырамыз

Б.қ. екі  қолды  алға  ұстап, оң  аяқты  сол  қолға, сол  аяқты  оң қолға  қарама-қайшы  көтеру.

Б.қ. екі  аяқты иық  тұсында  ұстап, алға  иіліп  тұру.

Б.қ. екі  аяқты  алшақ  ұстап, бір  орыннан  отырып  тұру.

Б.қ.1 қолымыз жоғалыда созыламыз 2 тіземізді бүкпейміз қолымызды аяқтың ұшына тейгіземіз 3 отырамыз 4 тұрамыз

Б.қ қолымыз белде белді оңға 2 рет солға екі рет қозғалтамыз .

Б.қ 1оң аяқтың ұшына қолымызды тейгіземіз 2 жерге тейгіземіз 3 сал аяққа қолымызды тейгіземіз 4 бастапқы қалып 


Ашық сұрақ

1.Дене жаттығулары кезінде біздің жүрегіміз бен өкпеміз неліктен еселеп жұмыс істейтінін айта аласыз ба?

2.Дене жаттығуларынан кейін жүрегіңіз неліктен жылдам соғады? Осындай жаттығулардан кейін сіз өзіңізді қалай сезінесіздер? Қызып терлейсіз бе

3.Жүгіру бойынша көңілді жаттығуларда біз қандай салауатты дағдылар қалыптастырамыз?

4.Секіруге арналған жаттығулар неліктен денеге жақсы ширату болып саналатынын айта аласыз ба?

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, ысқырық



















Сабақтың ортасы

25 мин









Дене шынықтыру туралы негізгі білім. Мұғалім оқушыларды дене шынықтыру туралы ұғыммен, пән мазмұнымен, оның тарихымен, дене шынықтыру бөлімдерімен (жеңіл атлетика, қозғалыс және спорт ойындары, гимнастика, шаңғы, спорт ойындары) таныстырады.

«Құлатпай жеткіз» ойыны. Оқушылар орындықта отырады. Әрбірінің аяғы астында әлдебір зат болады (ойыншық, қарындаш, фломастер). Бір аяқтың башпайларымен затты ұстап алып, оны қалай да болса (бір аяқпен секіріп не төрт тағандап қозғалып), бөлменің қарама-қарсы бұрышына дейін жеткізу керек. Дәл осыны екінші аяқпен істеу керек. Затты құлатпай, тез орындаған адам жеңіске жетеді.

Ойын ағзаның жалпы сау болуына және дұрыс жүру дағдысын тәрбиелеуге себеп болатын табанның бұлшықет-сіңір аппаратын қатайтуға және ептілікті дамытуға берілген.


Кім бірінші

Командада бірінші тұрған ойыншылар бастапқы сызықта тұрып, ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін, қос аяқтап алға қарай секіріп, бастапқы сызықтан 3-4 м. жердегі сызылған шеңбердің ортасына тұра қалып 5 рет отырып-тұрады, одан 3-4 м. жерде тұрған допты баскетбол әдісімен соңғы белгіні айналып, допты орнына қою керек, соңғы 15 метрді тоқтамай жүгіріп өту. Ойын барлық команда мүшелері орындап болғанша жалғасады.


«Қапшық жарыс» ойыны.
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып қапты киіп алып, 10 - 15 метр жердегі арнаулы мәрені айналып қайтады да, шапшаң шешіп өзінен кейінгі ойыншыға береді, тағы сол сияқты қайталайды.(Нұсқау: Қаптың аузың екі қолмен ұстап жүгіруге болады.)








Ойыншықтар, карындаш, фломастер











Доп, ысқырық













Қапшықтар, ысқырық

Сабақтың соңы

5 мин





Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан бұл жаттығуда қандай қателер бар және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

-Сабақты қорытындылау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.

-Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.

-Толық сапқа тұруларын қадағалау

-Сабаққа қатысуына байланысты мадақтау.

-Қоштасу.

-Бір саппен спорт залдан шығару.


Дифференциация- оқушыларға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату.

Шапалақтау әдісімен бағалаймын. Ауызша мадақтаулар айтып, қажет болған жағдайда ұсыныстар айтамын.

Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлекция

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңы. Өз сабағыңыз туралы сол жаұ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/

қиындықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее