«Зима 2025»

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті мен өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік:Оқушылардың бойында Отанына, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сынып : 8 .

Сабақ тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті мен өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік:Оқушылардың бойында Отанына, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Әдіс – тәсілдері: Зерттеу, әңгімелеу, дәлелдеу, зерделеу, тест тапсырмалары

Көрнекілігі: Суреттер, тест сұрақтары ,кесте

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу

2. Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ – жауап:

1. М. Мақатаев қандай ақын деп айта аласың?

2. Ақын өлеңдері қандай тақырыптарға жазылған?

3. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы қандай ?

4. Қандай киелі аң – құстарды білесіңдер?

5. Олардың киелігі неде ?

ІІІ Жаңа сабақ өту. Мағынаны ашу

1 . Қ. Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу

Өмірдерек

Шығармалары

Қ. Жұмаділов 24. 04. 1936 жылы ҚХР Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай ауданында туған. Балалық шағы Қытайда өткен.

1956 ж. ҚазақҰУ оқуға түседі

1958 ж. Қытай мемлекеті қайта шақырып алады.

1962ж. Бірталай қазақ жастары шекараны бұзып өтеді де, жазушы оқуын Қазақстанда аяқтайды.

Жұмыс жолын «Қазақ әдебиеті», «Жазушы» баспасында бастайды.

1983 ж. Жазушылар Одағы сыйлығының иегері,

1990ж. Қазақстан сыйлығының иегері,

1998 ж. Қазақстан халық жазушысы атағы беріледі.

Қ.Жұмаділов –қазірігі таңда жазушылық -пен бірге қоғамда түрлі жұмыс атқарып жүрген қоғам қайраткері.

1954 ж. алғашқы өлеңдер жинағы жарық көреді

Жалпы: 1 өлеңдер жинағы,

10 роман, 5 хикаят, әңгіме, мақалалары бар.

2003/2004 ж.ж. 12 томдық жинағы жарық көрді.

«Тағдыр», «Соңғы көш»- «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен тағдырлас туынды.

«Дарабаз» романы – қазақтың атақты батыры Қабанбай батыр өмірін суреттеп жазған туынды

Шығармалары: орыс, украин,

өзбек, белорус, ұйғыр, қырғыз тіліне аударылған.


Бүгін сендермен жазушының алғаш жазылған туындысы, 60- жылдар оқиғасын суреттеп жазған шығармасы «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.

Шығарманы талдаудан алдын, қазақ жерінде 30 -жылдарда болған зобалаң, қазақтың қайғылы да қасіретті күндерін еске түсіріп алайық.

*Қазақ даласында байлардың мал – мүлкін тәркілеу саясаты;

*1 млн. астам қазақтың шетелге ауып кетуі,

*1931-1933 ж.ж ашаршылықтың болуы;

*2,1 млн. қазақтың қырылып, мыңдаған адамдардың көршілес елге, шет елге

қоныс аударуы;

*Көптеген қазақ зиялыларының тұтқындалуы, жазалануы, өлтірілуі

*Қорыта айтқанда, 4 млн. астам қазақтың жойылуы.

Қ. Жұмаділовтің « Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас ақсақал – осындай тағдыр тауқыметімен елін , туған жерін тастап, шет елге кеткен қандастарымыздың бірі.

Қане, келіңдер, әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндап берейік.

( «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнын әңгімелету)


Шығарманың тақырыбы: Туған жерге деген сағыныш

Шығарманың идеясы: Туған жерді , атамекенін сүюге уағыздау

Байтас қарт Қытай жерінде 40 жылдан астам өмір сүрді, бірақ қазақтың салт –дәстүрі мен ұлттық заттарын ұмытпай қолданып жүргенін шығармадан байқаймыз. Олар қандай заттар екенін табайық.

оржын-жолаушы жүргенде әр түрлі нәрсе салу үшін иірген жүннен

тоқылған екі басты қап

*Торсық – Сусын құю үшін ысталған теріден жасалған ыдыс.

*Саптыаяқ –Ағаштан шауып жасалған ыдыс.

*Домбыра- қазақ халқының екі ішекті музыкалық аспабы.

« Дәлелде»

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» дегендей, тақтадағы мақал –мәтелдерде көп мағына бар.Сендер осы нақыл сөзге байланысты шығармадан оқиға үзіндісін әңгімелеп беріңдер

1. «Жол азабы- көр азабы»

2. «Бөрі азығы мен ер азағы жолда»

3. « Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»

4. «Ерден айырылған көмгенше жылайды,

Елден айырылған өлгенше жылайды»

5. «Алла, атам деп жылатсаң да, балам деп жылата көрме»

6. «Өлі тоймай, тірі байымас»


«Зерделе» Байтас қарияның бойындағы қасиеттерді анықтау


Қайсар Мейірімді Қайсар Жомарт


Арманшыл Байтас қарт Өркөкірек


Намысшыл Кеңпейіл Сезімтал Қатыгез

Шығармашылық жұмыс:

1 топ «Туған жер – алтын бесік» шағын шығарма

2 топ «Дүниеден туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ» ойтолғау

3 топ « Отан – алтын ұя» өлең

ІҮ Жаңа сабақты бекіту:

Тест сұрақтары

1.Қабдеш Жұмаділовтің туған жері

С) Қазақстан Т) Қытай У) Монғоли

2. Жазушының қазақтың атақты батыры Қабанбай туралы жазылған тарихи шығармасы

С) «Тағдыр» Т) «Соңғы көш» У) «Дарабоз»

3. «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің тақырыбы

Ғ) Туған жерге деген сүйіспеншілік Д) Табиғатты қорғау Ж) Аңшылық туралы

4. Байтас қарт еліне келер кезде асып өткен тау

А) Тарбағатай Ә) Алатау Б) Тибет

5. Қарттың немересінің қайтыс болу себебі

М) аурудан Н) аштықтан О) соғыста

6. Ақсақалдың тұмарында 40 жылдай сақтап келген зат

Ж) бір уыс топырақ З) Құран сүресі К) өсиет

7. Қарттың 40 жылдай көкірегінде сақтаған арманы

Е) Туған жердің топырағына аяқ басу

Ж) Жасырып кеткен байлықты алу

З) Ата – баба зиратын келіп көру

8. Осы әңгімеге байланысты мақалды көрсет

О) «Өзіңді білуден жеңіс басталады»

Р) «Адамда бір ғана Отан, Бір ғана ана бар»

С) «Отты қозғаған өшіреді,

Қонысты қозғаған көшіреді»

Екерту: Тест сұрақтарын дұрыс тапса, белгілі сөз шығады.

Жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

Т

У

Ғ

А

Н

Ж

Е

Р


Туған жер- киелі де қасиетті мекен. Ата- бабаларымыз туған жерін өз арындай қорғаған. Қайда жүрсе де туған жердің топырағын өз жүректерінің тұсында алып жүрген .Тағдыр тауқыметімен еліне кеткен талай қандастарымызға туған жердің бір уыс топырағы бұйырмаған, еліне деген сағынышы мен сүйіспеншілігі ақтық демі қалғанша кеуделерінде от болып жалындаған.

Атақты ғалым Әбу Насыр әл – Фараби, Сұлтан Бейбарыс, Қарлығаш би атанған Төле би, күй атасы Құрманғазы, кешегі жазықсыз жазаланған, Алаштың ардақты азаматтарына туған жердің топырағы бұйырмаған.

1991 ж. кейін, еліміз Егемендік алғаннан соң, Елбасымыздың Жарлығы бойынша «Ұлы көш» бағдарламасы бойынша жұмыс істелініп келеді. Кезінде шетел асып кеткен қандастарымызды туған жер , атамекеніне қайтып келулеріне көптеген мүмкіндіктер мен материалдық көмектер, жұмысқа, жоғары оқу орнына түсуге жағдай жасалынуда.

Қорытынды: Туған жер – киелі де , қасиетті мекен. Әркім өз туған жерінде өмір сүріп, Отаны үшін, халқы үшін қызмет етсін. Туған жеріміздің қадірі мен қасиетін ардақтайтын , елін сүйетін елжанды азамат болайық.

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Қ. Жұмаділовтің басқа да шығармаларын оқу.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее