«Зима 2025»

Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Тілдік коммуникация барысында оқушыларға «Қызыл кітап» туралы мағлұмат беру.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсім- діктер әлемі


Сабақ тақырыбы:

Жануарлар туралы ертегілер, жұмбақтар.

Білімділік:

Тілдік коммуникация барысында оқушыларға «Қызыл кітап» туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушыларды жан-жануарларға қамқор болуға үйрету.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде «Қызыл кітап», оған енетін өсімдіктер мен жан-жануарларды атап бере алады, олармен таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы

«Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер, жан-жануарларды сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, қосымша мәліметтер береді, жан-жануарлар әлемі жайлы сұхбат құрады.

Жаңа сөздер:

Ерте заман, қорғау, одақ, өсімдіктер, деректер, жойылып кету.

Сабақта қолданылатын матери- алдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Жануарлар әлемі» деректі фильмі, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Қызықты суреттер» тәсілі, топтық жұмыс, кластер, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, сабақта жоқ оқушы- ларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Жануарлар әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер

«Қызыл кітап» туралы білесіңдер ме? Оған қандай өсімдіктер, жануарлар енген?

Сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. 2-3 сөйлем құрап жазады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін

3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. «Қызыл кітап» туралы мәтінді тыңдайды, оқиды.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Б) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тап- сырманы орындатады.

Б)

Жазылым. Айтылым. Тақырыптарды мәтін мазмұны бойынша орналастырады, тірек сөздерді жазады, мәтін мазмұнын айтады.

В) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға ма- шықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Сөздерден сөйлем құрап оқиды.

4. Сергіту сәті. «Қызықты суреттер» тәсілі бойын- ша әр жұпқа жануарлар суреттерінің бөліктерін таратып береді.

Жұптық жұмыс. Әр жұп бөліктерді құрастырады, сипаттайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Сау- атты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машық- тандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Ғаламтордан «Қызыл кітапқа» енген 1 құс пен 1 аң туралы мәлімет та- уып жазады, ақпараттарды ауызша баяндайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орын- датады.

Тілдесім. «Қызыл кітаптың» маңызы туралы досымен әңгімелеседі.

IV. Бекіту

Жеке жұмыс. «Қызыл кітап» тақырыбында кластер құрғызады.

Кластер құрады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойын- ша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқа- ғаздарға жазып, тақтаға іледі.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее