«Зима 2025»

"Керқұла атты Кендебай"

Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміне арналған

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ : № 2

Мектеп:«С.Сейфуллин атындағы №7мектеп -гимназиясы» КММ

Мұғалім: Қазкенова Айнаш Қазкенқызы

Күні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 21

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

I тарау. «Таза мінсіз асыл сөз»

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж 4Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Т/Ж 1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

Т/Ж 2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

Негізгі оқиғалар желісін айту;

Мәтіннің композициялық ретінің біразын қою;

Ертегідегі өзекті мәселені талдау.

Оқушылардың көпшілігі:

Бірнеше детальмен баяндау;

Композициялық ретімен біршамасын қою;

Ертегідегі өзекті мәселені талдайды, идеясын біршама анықтау;

Оқушылардың кейбірі:

Толық детальді баяндау;

Мәтінді толық композициялық ретімен қою;

Ертегідегі өзекті мәселесіні талдап, идеясын анықтау.


Құндылықтарды игерту:

Ашықтық.Құрмет. Академиялық шындық.

Пәнаралық байланыс:

АКТ-аудио кітап

АКТ-ны қолдану дағдылары:

АКТ-аудио кітап, интерактивті тақта

Тілдік мақсаттар:

Әдебиет теориясы ұғымдары

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қиял-ғажайыпертегілер»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин


Қызығушылықты ояту

Сәлеметсіздер ме, оқушылар?! Біз бүгін әдебиеттен өтетін тақырыбымызды суретті болжау арқылы анықтап көрейік.

Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі




Сабақтың мақсатымен таныстырып өтейін

Мәтінді толық композициялық ретімен қою;

Ертегінің мазмұнын толық детальді баяндау;

Ертегідегі өзекті мәселесіні талдап, идеясын анықтау.


Сабақ барысында кездесетін әдеби терминдар:

«Кір жаятын жіп» әдісі бойынша алдарыңызда ілініп тұрады. Тапсырмаларды орындау кезінде қосымша ақпарат алуларыңызға болады.

Жанр, Фабула, Сюжет, Образ, Мазмұны,Экспозиция 






«Кір жаятын жіп»

Сабақ ортасы

2мин
















10 мин







10 мин
































3мин




5мин











5мин

II Мағынаны тану

1-тапсырма

«Сөз қоржын» cыныптан 4 оқушы шығып, 1-топ сөздерді айтады. 2-топ қоржын ішіндегі сөздерден анықтама береді

Құлан

Жылқытұқымдасынажататынтүсісарғыштау,жотасындақарақошқылжолағыбар,құйрығыныңұшықаражабайыжылқы.

Арғымақ

Сымбаттыдажүрдек,асылтұқымдыжылқы.

Дат

Сөйлеугерұқсатсұрау.

Шоқпар

Ырғай,тобылғы, қайың сияқты қатты ағаштардан жасалатын бір басыдөңкиіп жұмыркелген, кейде басына темір немесе қорғасын құйылатын сойылдан қысқа қол қаруы.

2-тапсырма

Оқушыларға ертегінің тұтас құрылымы бөлім-бөлімге бөлініп таратылады. «Пазл әңгімесі» әдісі бойынша оқушылар композициялық құрылымын ескере отырып, мәтіндерді ретімен құрастырады. (топтар топта талқылап мәтіннің жалғысын басқа топтардан іздейді.)

Құрастырған мәтінді мұқият оқиды.

3-тапсырма«Шығарма ізімен» әдісімен

Ертегінің компазициялық құрылымын, сюжеттік дамуы бойынша сипаттап жазыңыз, оқырманға әсерін өз ойыңызбен бөлісіңіз.

Композициялық құрылымы

Мәтін бөлімдер

Оқырманға әсері

Оқиғаның экспозиция 

Кендебайдың дүниеге келуі. Кендебайдың Керқұла атты таңдауы.


Оқиғаның басталуы

Жетім баланың тағдырымен танысуы.


Оқиғаның дамуы

Кендебайдың елін қорғау үшін жорыққа аттануы.


Оқиғаның шиеленісі

Кендебайдың дұшпандар елінде сынақ сапарға жіберілуі.


Оқуғаның шарықтау шегі

Кендебайдың сынақтардан өтуі.


Оқиғаның шешімі

Ханның Кендебайға сый-сияпат беруі

Ел-жұртының қуанышы



«Композициялық құрылымы»

Ертегінің композициялық құрылымын, сюжеттік дамуы аудио жазба арқылы интербелсенді тақтадан тыңдау. Жауаптарымен салыстырады.

4-тапсырма

«Шежіре ағашы» әдісі

Ертегідегі көтерілген басты мәселені және себеп-салдарын айқындап, ойыңызды «Шежіре ағашы» сызбасы түрінде ұсыныңыз.

Тәртібі:

-«Тамырларына» алынған мәселенің негізгі себебі жазылады.

-«Діңгегіне»-көтерілген (өзекті мәселе);

-«Бұтақтарына»-салдар жазылады.

Жоғарыда жасаған талдауыңыз бойынша ертегінің басты идеясын бір сөйлем арқылы түйіндеңіз.

5-тапсырма

http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B0%D0%B9&lesson=15250

Оқушылардың электронды почталарына жоғарыдағы сілтеме жіберіледі. Оқушылар сайтқа кіріп, онлайн-тест орындайды.


Сабақ мақсаты

Бағалау критерийлері

Жоғары

Орта

Төмен

Ертегінің бөліктерін оқып, баяндау.

Ертегінің үзінділерін оқу, баяндау.

Толық детальді баяндайды.


Бірнеше детальмен баяндайды

Негізгі оқиғалар желісін айтады.


Ертегінің бөліктерін біріктіріп, композициялық құрылымын құрастыру.


Ертегінің бөліктерін біріктіріп, композициялық құрылымын құрастыру.


Мәтінді толық композициялық ретімен қояды.

Композициялық ретімен біршамасын қояды.

Мәтіннің композициялық ретінің біразын қояды.

Ертегідегі өзекті мәселесіні талдап, идеясын анықтау.


Ертегідегі өзекті мәселені талдау, идеяны анықтау.


Ертегідегі өзекті мәселесіні талдап, идеясын анықтайды.

Ертегідегі өзекті мәселені талдайды, идеясын біршама анықтайды.

Ертегідегі өзекті мәселені талдайды.






















Кесте жауап кілтіслайд2







http://ikitap.kz/audiobook/5189-kerqula_atty_kendebaj/5189-kerqula_atty_kendebaj

аудиокітап

Алты томдық «Қазақ ертегілері» жинағы, «Жазушы» баспасы, 2000







«Шежіре ағашы»






http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B0%D0%B9&lesson=15250

(Аудиокітап»












Сабақтың соңы

5 мин


Рефлексия.


«3-2-1» әдісі


Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;


Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;


Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.













Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

а)«Кір жаятын жіп» әдісі бойынша тақырыпқа байланысты әдеби терминдер ұсынылды. Мысалы:Фабула, Сюжет т.б.

ә) «Сөз қоржын» әдісі арқылы түсініксіз сөздерді жұпта талқылау тапсырмасы беріледі. Мысалы: құлан,дат, арғымақ т.б.


Оқушылар дескрипторлар арқылы өздерін тексереді.

Bilimland.kz/сайтынан онлайн-тест орындайды.



Ойлану


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ оқу мақсатына жетті. Нәтижеге қол жеткізгенін білу үшін дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалайды.


Оқушылар нақты сұрақ бойынша жауап беруді, өз көзқарасын мысал арқылы дәлелдеуді үйренді, сөздік қоры молайды. Сабақ басында ынтымақтастық орта орын алды.


Қолымнан келді. Дескрипторлар оқушылардың тапсырманы жетілдіруіне мүмкіндігін береді


Тапсырмалар уақытында орындалды.



Бағалаудың объективті өлшемдері қарастырылады. Нәтижесінде қандай жұмыс алынуы керектігі көрсетіледі.

Тапсырманың реттілігін өзерттім. Смарт мақсатына негіздедім.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Әлсіз оқушылар жаңа сөздерді алдын ала дайындап келгендіктен, сабаққа уәждері мен өздеріне сенімдері, көңіл-күйлері көтерілді.

2. Деңгейі жоғары оқушыларға жұмыс аяқталған соң бірін-бірі тексеруге мүмкіндік берілді. Ең үздік үндеу сыныпта оқылды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.Сабақта тапсырмалардың уақытын қадағалап, оқушылардың жұмыс жылдамдығын қадағалау. Нәтижесінде барлық оқушыларға бірін-бірі бағалауды сабақта жүзеге асырту.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Жұптық жұмыстың темпін жеделдету, себебі оқушылар қарым-қатынас барысында жылдамығын бәсеңдетеді. Сондықтан оқушылардың назарын таймерге аудартып отыру. Немесе сабақта уақытты үнемдеу үшін сөздерді сәйкестендіру жұмысын үйге беріп, сабақта оның дұрыс жасалғанын ғана тексеруге болады.


































Керқұла атты Кендебай

Ертегі

Кендебайдың дүниеге келуі

  Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты.

Кендебайдың Керқұла аты

Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты.Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты. Кендебай осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты.

Мергенбай батырдың баласы

Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі. Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай жетіп келіп:

-        Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? - деп сұрапты.

Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен.

-        Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын! - деп қоя беріпті бала.

-        Не болды? Жөндеп айтшы? - деп сұрапты Кендебай. Бала көзінің жасын көл қылып, ауыр бір күрсініп алып, былай деп жауап беріпті:

-        Мен Мергенбай деген батырдың жалғыз баласы едім. Қазір алтыға шықтым. Биыл төртінші жыл, елімізге жау тиіп, жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуылдан келгенде алты күн қатарынан ұйықтайтын. Осы ұйқыда жатқанда әкемді жау әскері байлап әкетті. Әкемді арашаламақшы болып жетіп барған шешемді қайырымсыз жау алдына өңгеріп жөнеп берді. Мен жетім қалдым. Ішерге асым, киерге киімім болмаған соң, амалсыздан Тасқара байдың қозысын бағып жүрмін. Арыдым, тоздым. Ернім жалақ, басым таз болды. Содан бері көзімде жас, көңілімде қайғы. Мен әке-шешеме жылаймын, бай жылқысына жылайды.

-        Олай болса, жылама. Мен әке-шешеңді іздеп тауып берейін, - дейді Кендебай. Бала қуанып кетеді.

-        Ағай, онда біздің қойшылардың қасына екі-үш күн жатып тынығыңыз, содан кейін жүрерсіз, - деп өтінеді. Кендебей «мақұл» деп, қойшылардың касына барып түседі. Атып алған құландарын асып, тамақ пісіреді. Кешке басқа қойшылар келеді де, манағы бала қозышы келмейді, әрі күтеді, бері күтеді. Кендебайдың көзі ұйқыға бара бергенде уһілеп-аһылап қозышы келеді.

-        Неге кешіктің? - деп сұрайды Кендебай.

-        Жәй, ішім ауырып қалды, - дейді бала. Бала таңертең ойнап-күліп қозысын өріске айдап кетеді. Кешке басқа қойшылар келгенде, манағы қозышы тағы да келмейді. Кендебай іздеп барып, талып жатқан баланы тауып алады. Бала есін жинағаннан кейін Кендебай мән-жайды сұрайды. Бала жөнін айтпайды. Содан кейін Кендебай балаға ашуланады. Сонда қозышы бала айтады:

-        Кешеден бері күн батқан кезде алты аққу төбемнен айналып ұшады да:

Кендебай сал мұнда ма?

Керқұла аты қолда ма?

Бауда нұры балқи ма?

Балақ жүні шалқи ма? -

деп сұрайды. Мен тұрып:

Кендебай сал мен едім,

Керқұла атым қолда еді.

Бауда нұрым балқиды,

Балақ жүнім шалқиды, - деп жауап беремін. Олар мені қанаттарымен қағып, жығып кетеді. Мен талып түсем, - деп жауап береді. Үшінші күні қозышы баланың киімін киіп, қозыны бағуға Кендебай өзі шығады. Күн батып, қас қарайған кезде баяғы алты аққу Кендебайдың төбесінен алты айналып ұшып, жақындап келеді де:

Кендебай сал мұнда ма?

Керқұла аты қолда ма?

Бауда нұры балқи ма?

Балақ жүні шалқи ма? - деп сұрайды.

Керқүла атты Кендебай қозышы бала болып:

Бауда нұрым балқиды,

Балақ жүнім шалқиды, - деп жауап береді.

Сонда аққулар ашуланып, Кендебайды қанаттарымен қағып, сабай бастайды. Кендебай біреуінің аяғынан шап беріп ұстай алады. Аққулар ұша жөнеледі. Кендебайдың қолында біреуінің алтын кебісі қалып қояды. Байқап қараса, кебістің бетінде жазу бар екен. Кендебай басқа аққуларды бірнеше күн күтеді. Бірақ олар келмейді. Содан кейін Кендебай қойшылармен қоштасып, үйіне қайтады



Керқұла атқа тіл бітуі

Ата-анасына бір жылдық азық дайындап беріп, сауыт-сайманын киініп, жау-жарағын асынып, азығына алпыс құлынның қазысын алып, баяғы жетім баланың әке-шешесін іздеуге шығады. Керқүла ат құстай ұшып, құйғытып барады, айлық жерді алты-ақ аттайды. Көз ұшындағы құс қанатын жазып, жерден көтерілгенше Керқұла ат үстінен аттап өтіп кетеді. Теңізді көл, дарияны шалшық, тауды қырат құрлы көрмейді. Сонымен, Кендебай күн жүреді, түн жүреді, ай жүреді, апта жүреді, бір жерлерге келгенде аспанмен тірескен бір биік тау көрінеді. Таудың етегіне келгенде Керқұла атқа тіл бітіп сөйлейді: «Достым Кендебай, іздеген жоғың алыста емес. Біреуі емес, екеуі де осыдан табылады. Мына таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көресің. Өзеннің ортасында бір арал бар. Ол аралда адам перісінің ханы тұрады. Сенің қолтығыңдағы алтын кебіс осы хан қызының кебісі. Баяғы қойшы баланың әке-шешесі де осы ханның қолында. Олар терең зынданда жатыр. Зынданның аузықұлыпты. Оның кілті қолға түспейді. Ол кілт алпыс өзен құйылған терең дарияның түбінде жатыр. Адам баласы оның түбіне жете алмайды. Таудың арғы беткейінде сиыр бағып жүрген зор денелі бір адам бар. Ол жорықта қолға түскен адам, қазір ханның құлы. Сен сол адамға бар да жолына жетерлік пұл бер. Оның киімін өзің ки де, өзіңнің киіміңді оған кигіз. Сөйтіп, әлгі адамды азат ет те, өзің сиырды бағып қал. Қазір құйрығымнан бір тал қыл ал да, мені қоя бер, сауыт-сайман, құрал-жабдықтарыңды менің үстіме сал. Әзірге саған менің де, құралдың да керегі жоқ. Егер керек бола қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат. Сонда мен дайын боламын. Ендігі әңгімені барған соң көрерсің», - дейді. Кендебай Керқұла аттың құйрығынан бір тал қыл жұлып алды да, қоя берді. Оның айтқанының барлығын істеді. Малшыны азат етеді. Жолына пұл береді. Оның киімін киіп, сиырды өзі бағып қалады. Кешке жақын өзеннен айдап өткізейін десе, сиырлар суға түспейді. Кендебай, ашуланып кетіп, сиырларды сирағынан ұстап алып, бір-бірлеп лақтыра бастайды. Лақтырған сиырлар өзеннің ортасындағы аралға томпылдап  түсіп жатады. Сол кезде ханның кіші қызы судың арғы жиегінде көріп тұр екен.

-        Ой, оңбаған-ау, кырасың ғой малды. Неге күндегідей: «Айрылғырдың суы айрыл!» деп айтпайсың? - деп айғай салады. Кендебай: «Айырылғырдың суы айырыл» - деп еді, өзеннің суы екіге айырылып, ортадан жол ашылады. Сөйтіп, Кендебай мал бағып жүре береді. Күндерде бір күн хан өзінің екі баласын шақырып алып:


Хан ауылынан келген Кендебай


-       
Бүгін қара бие құлындайды. Бұл тоғызыншы құлындауы. Құлындаған күні түнде құлын жоқ боп кетеді. Бүгін осы биені өздерің күзетіңдер. Не болғанын көздеріңмен көріңдер, - дейді. Мұны Кендебай естіп тұрады. Кешке ханның екі баласы биені күзетуге барғанда, Кендебай да жасырынып барып отырады. Біраздан кейін ханның екі баласы қорылдап ұйықтап қалады. Кендебай ұйықтамай отыра береді. Таң біліне берген кезде, бие алтын құйрықты, құндыз жүнді арғымақ құлын туады. Бір кезде аспаннан бір бұлт түйіліп келеді де, құлынды көтеріп ап жөнеледі. Кендебай шап беріп құйрықтан ала түседі. Кендебайдың қолында алтын құйрық жұлынып қала береді. Кендебай алтын құйрықты қойнына тығып, ұйықтап қалады. Ертеңіне таңсәріден хан екі баласын

шақырып алып, не көргендерін сұрады. Балалары тұрып:

- Бие құлындаған да жоқ, ешнәрсе болған да жоқ, - деп жауап береді.

Хантағыдатаңқалыпотырғанда, Кендебайесіктенкіріпкеліп:

- Дат, тақсыр! - дейді.

- Датыңболса, айт! - дейдіханақырып.

-        Менайтсам, бұлардыңайтыпотырғаныөтірік. Бұларғакөрінбеймендекүзеттім. Түнортасыкезіндеекібалаңызұйықтапқалды. Таңалдындабиебіралтынқұйрықты, құндызжүндіқұлынтуды. Аспаннанбірбұлттүйіліпкелдіде, оныкөтеріпалажөнелді. Менқұйрықтаншапберіпұстайалдым. Бұлтпенараласқанүлкенқұсқұлындыалыпкеттіде, құйрықменіңқолымдақалаберді, - дегенде, сөздіңаяғынкүтпей:

-        Құйрыққайда? - дедіхан.

-        Тақсыр, сабыретіңіз. Меналтынқұйрықтыпайдақылғымкелсе, сізгеайтпаймынғой, міне, құйрық, - депКендебайқұйрықтықойнынансуырыпалғанда, үйдіңішіжап-жарықболыпкетеді. Ханныңбалаларыұялыпжергеқарайды.


Теңселіп кел жатқан тау


-        Қазір үшеуің іздеп шығып, құсты да, құлынды да тауып келіңдер. Таба алмасаңдар, менің маңымды көрмеңдер! - дейді хан. Кендебай өзеннен өтіп алып, құйрықтың қылын тұтатқан кезде Керқұла ат жетіп келеді. Құла атты мініп алып, қару-жарақты іліп алып, сауыт-саймандарды киіп алып, Кендебай жөнеп береді. Бір жерлерге келгенде ат тағы тоқтайды да, Кендебайға: «Анау жалыны аспанға шығып жатқан от дариясы. Сенің баратын жерің сол дарияның ар жағында. Қазір көзіңді жұм. Мен аш дегенше ашпа. Көзіңді ашсаң, екеуміз де өлеміз», - дейді. Кендебай көзін жұмады. Сонымен ұша береді, ұша береді. Бір кезде ең әуелі ыстық лепті, одан кейін ысылдаған желді сезді. Талай уақыт өткеннен кейін: «Аш көзіңді!» - дейді Керқұла ат. Кендебай көзін ашып жіберсе, үлкен дарияның ортасындағы аралға келіп түскен екен. Аралда алтын құйрықты сегіз құлын, құйрығы жоқ бір құлын алтын науадан су ішіп тұр екен. Керқұла атқа тағы да тіл бітіп: «Аспанмен тірескен анау бәйтеректің басында самұрық құстың ұясы бар. Ол алты айда бір рет азық іздеп кетеді де, он бес күнде кері айналады. Қазір ол азық іздеуге кетіпті, оның қайтып келуіне әлі алты күн бар. Біз оның қолына түспес үшін алты сағатта алты айлық жол алуыңыз керек. Менің үстіме мін де, алтын науаны алдыңа өңгер. Құлындар, алтын науадан қалмай, біздің соңымызға ереді де отырады. Біз құлындарды соңымыздан ертіп отырып манағы от дариясынан тікелей өте алмаймыз, айналып жүруіміз керек. Біздің келердегі қысқа жолымыздың кетерде алыс болып отырғаны да сол. Бұл жолымызда үш бөгет бар. Ең әуелі жеті басты дәу кездеседі, ақырған арыстанға жолығамыз, содан кейін жәдігөй кемпір байланысады. Ал, уақыт оздырмай жүрейік», - дейді. Кендебай алтын науаны Керқұла атқа өңгеріп алып,жөнеліп береді. Барлық құлын оның соңынан ереді. Бір уақытта алдарынан бір үлкен тау көрінеді. Тау теңселіп, қозғалып бұларға қарай жақындап келеді. Бұл жеті басты дәу еді. Кендебай алтын науаны жерге қояды. Құлындар науаға иіріліп тұра қалады.Кендебай қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың барлық шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша ағып өтіп бара жатып, салып кетеді. Дәудің бір басы ұшып түседі. Кейін қарай шауып, тағы соғып өткенде, екінші басы ұшып кетеді. Осылай ерсілі-қарсылы жеті өтіп, жеті рет соққанда жеті басы бірдей ұшып кетіп, дәу төңкеріле құлайды. Кендебай дәудің көзін ойып, қоржынға салып алады. 

Ақырған арыстанды жеңуі


Кендебай қайтып келіп, алтын науаны өңгеріп, құлындарын ертіп, жүріп кетеді. Екпініне шаң ілеспей, әйт дегенде, алты қырдан бір-ақ асып, Керқұла ат зымырап келеді. Бір кезде алыстан арыстанның ақырған дауысы естіледі. Кендебай бұл жолы Керқұла атты құлындардың қасына қаңтарып тастап, дауыс шыққан жаққа жаяу жүре береді. Ілгері екі-үш аттағанда, бір леп Кендебайды тартып ала жөнеледі. Бір уақытта Кендебай арыстанның апандай аузын көреді. Кендебайды тартып жатқан соның лебі екен. Кендебай алты құлаш алмас қылышын көлденең ұстай қояды. Алмас қылыш арыстанды екі бөліп, Кендебайды ар жағына бір-ақ түсіреді. Кендебай арыстанның азуын қағып алып, тағы жүріп кетеді. талай белестер, талай таулар бұлдырап артта қалып барады. Бір кезде жер дүниені қап-қара тұман басып кеп кетеді.



Жәдігөй кемпірді жеңуі

Тек алтын құйрықтардың сәулесі ғана бұлардың жолын жарық қылып көрсетіп тұрады. Сол екі арада қараңғылық серпіліп жүре бергенде, сылаңдаған бір сұлу қыз шыға келеді. Кендебай атынан түсіп қызға қарсы жүреді. Қыз мұның бетіне ұзақ қарайды да:

-        Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз, - дейді. Жәдігөй кемпірдің қыз болып қарсы алатынын, оның ордасына кірген кісі кері шықпайтынын Керқұла ат айтқан болатын.

-        Шаршағаным рас. Демалуға қарсы емеспін, бастаңыз, - дейді Кендебай. Қыз алға түсіп аяңдай бергенде, Кендебай алмасын сермеп кеп қалады, алмас қылыштан от жарқ ете түседі де, дүниені тағы да тұман басып кеп кетеді. Тұман ашылғанда қыздың орнында екі бөлінген кемпір жатады. Кендебай кемпірдің басын кесіп қоржынға салып алады. «Бұл кемпірдің қарамағындағы жерден ұшқан құс, жүгірген аң өте алмайтын. Кемпірдің өлгенін қазір ешкім білмейді. Сондықтан бұл жерге самұрық келмейді. Осыжерде бір үш-төрт күн демалайық», - дейді Керқұла ат. Кендебай сол арада үш-төрт күн тынығып, кемпірдің асыл казынасын жинап алып, Керқұла аттың алдына алтын науаны өңгеріп, алтын құйрықты құлындарды ертіп, аман-есен ханның үйіне жетеді. Хан қуанып үлкен той жасайды. Той үстінде түк таба алмай, сандалып мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып, азып-тозып, ханның екі баласы келеді. Хан Кендебайды төрге отырғызып, оның аты-жөнін сұрайды.

Ханның сынағы

-        Мен хан баласы емеспін, адам баласымын. Өз атым - Кендебай, ел мені Керқұла атты Кендебай деп атайды. Сіздің еліңізге ерігіп келгенім жоқ, жұмыспен келдім. Екі бірдей жоқ іздеп жүрмін... Намыс іздеп жүрмін, рұқсат болса айтайын, - дейді Кендебай.

-        Айт, айт, балам! - дейді хан.

-        Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. Екінші жоғым мынау: бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты аққудың алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны табыс еткелі келдім, - деп, Кендебай алтын кебісті ханға ұсынады. Хан: - Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда жатқан Мергенбай батырға: «Маған қызмет етсең босатам», - деп елші жіберіп едім, қарысқан батыр екен. «Жауыма қызмет істемеймін. Бірақ, қол-аяғымды босатсаң, содан кейін сөйлесем», - деп, қарысып жатып алды. Босатуға корықтық. Ондағы мақсат: сені қолға түсіру еді. Сенің атағың бізге де мәлім еді. Сені алдыртып, құлынымды қоймайтын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған сон, намысы болса, іздеп келер деп елінді шаптырып, батырыңды байлатып алдыртқан едім. Одан кейін де екі жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қоятын тағы бір шартым бар. Ол мынау: дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар, жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатып, беремін, малыңды өзіңе қайтарамын. Кіші қызымды беріп күйеу етемін, - деді. Кендебай Керқұла аттың қанжығасындағы қоржынын алып келіп, арыстанның азуын, кемпірдің басын, жеті басты дәудің көздерін ханның алдына төгіп тастайды.

Ел қуанышы

Хан разы болып, зынданда жатқан Мергенбай батырды, оның әйелін, қолға түскен басқа адамдарды азат етеді. Шауып алған малын қайтарып береді. Кіші қызын Кендебайға қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, көп сыйлықтар беріп, Кендебайды еліне аттандырады. Кендебай елдің малын айдап келіп, иелеріне табыс етеді. Ата-анасына қосылып, бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Ұлы думан, үлкен той істейді. Кендебай тұрғанда елге батып ешбір жау тие алмайды. Сөйтіп, бұл ел Керқұла атты Кендебай батырдың елі болып атаныпты.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее