«Зима 2025»

"Кіші Отан неден басталады?" шығарма

Шығарма

Кіші Отан неден басталады?

Мен өзімнің шығармамда кіші Отаным Мамлют қаласы жайлы әңгімелегім келеді.Әр адам баласы үшін өзінің туған жері өте ыстық болатыны сөзсіз. Мен үшін де осы менің туған жерім Мамлют қаласы өте ыстық.Әрбір жанға өзінің отбасы ыстық болса,Отаныда адам баласына сондай ыстық –деп ойлаймын. Отан үшін отқа түс күймейсің-деген мақал бар. Шынымен де Отан үшін жаныңды берсең, ол үлкен абырой.Өзі құрбан болса да, аты мәңгілік болашақ ұрпақтың есінде және тарихта қалады.

Туған жер деген- сенің туып өскең,кіндік қаның тамған жер.Менің ойымша, туған жерге деген сүйіспеншілік анаға деген махаббатпен тең.Сондықтан Туған жер деген сөзде қанша мағына жатыр. Отан дегеніміз- 75жыл Кеңес Одағының құрамында болып,дербестік пен тәуелсіздікті мүлдем жоғалтқан қазақ тарихы, ел бірлігін,бостандығын,халқының бастан кешкен жерін қайтсекте сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміз адам баласының жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс ұясыз болмайтындай,адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным қасиетті өлке -Қазақстан.

Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді. Осыған менің туған жерім Мамлют қаласы да кіреді.

Мамлют қаласында дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Осындай туған жерім болғанына мақтанамын. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді.Біздің қалада да көп ұлттар бірлікте, тату –тәтті тұрып жатыр.Осыдан Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігімен, ынтымағымен жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Сондықтанда оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол 1993 жылы 15 қарашада «теңге» болып қабылданды. Мен өз қаламның өзінің мемлекетіне деген көзқарастарына өте ризамын. Себебі біздің қаланың тұрғындары елбасымызға өздерінің ризашылығын айтып жатады, рәміздерімізге, әдеп-ғұрыптарымызға үлкен құрметпен қарайды.

Туған жерімнің адамдарынан біздің еліміз біртіндеп дамыған мемлекеттер қатарына кіріп жатыр. Соңғы он жылдың ішінде адам танымастай болып өзгерді. Мұнай, газ, химиялық өнеркәсібіне өте бай ел. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Әрине осы жетістіктеріміздің бәрі елбасымыздың арқасында деген сөздерді жиі естимін.Сондықтан патриоттық сезім әр азаматта болу керек деп ойлаймын. Менің туған жерімнің азаматтары өз елінің дамына үлкен үлес қосуда.Менің ұғымымдағы патриоттыққа келер болсақ, мен өзімді өз елімнің патриотымын деп есептеймін.Менің бұған дәлелім кез келген жерде, әр уақытта қазақша сөйлеймін. Менің бұл өз тіліме деген үлкен құрметім.Патриоттық ұғымымызда еліне,туған жеріне деген ғана сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды,ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады. Халқымыздың өткен тарихы мені өте қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалықпаймын. Бұнын барлығы менің ұлтыма,халқыма деген сүйіспеншілігім –деп ойлаймын.Бұны сөзбен айтып жеткізу қиын және мүмкін емес. Сондықтан қазіргі уақытта өзіміз сияқты жастар бойындаөзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін.

Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не?! Еліміздің көрмеді десеңізші басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы.

Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Біздің Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер…еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар.Менің де туған жерімде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Туған жерім! Мен өзімнің туған жерім Мамлют қаласын мақтан етемін. Менің Туған жерімде жаңа қазақ мектеп -интернаты, №2 орта мектеп ашылды. Бұнда заман талабына сай заманауи технологияларымен жабдықталған. Бұл үшін мен өте қуаныштымын,себебі біз жақсы білім ала аламыз. Біздің мектеп мұғалімдері туған жер тақырыбына сынып сағаттарын және іс –шаралар жиі өткізеді. Туған жерімнің әкімі Бекшенов Е.М қала тұрғындарының жағдайына көп көңіл бөледі. Қаламыздың ардагерлерін құрметтейді. Жеңіс көшесінде ардагерлерге арнап ескерткіштер орнатылды. Қала жылдан –жылға көркейуде. Биылғы жылы Достық көшесіне жол салып қаланың басқа да жерлерінде көптеген жаңартылулар енгізілуде.Жас болашақтарға білім алуға барлық жағдай жасалған. Спорт кешені де жұмыс жасайды. Биылғы жылы Ақбидай өтті. Ақбидайға қаншама халық жиналып, әдемі ән-күй концертерін тамашап, спорттық жарыстарға қатысты.Қаланың тұрғындарының жағдайы жақсарды. Мен биылдан бастап музыкалық мектепке барып жүрмін, осында барып жүрген балалар еліміздің төп –түпкіріне барып өз өнерлерін көрсетіп жүр екен, мен де өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.Сонымен қатар менің туған жерімнің табиғаты өте тамаша.Мен туған жерімді мақтан етемін,осындай жерде тұрғаныма өзімді бақытты санаймын. Өзімнің туған жерім Мамлют қаласынан артық жер жоқ деп ойлаймын.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Шығарма

Кіші Отан неден басталады?

Мен өзімнің шығармамда кіші Отаным Мамлют қаласы жайлы әңгімелегім келеді.Әр адам баласы үшін өзінің туған жері өте ыстық болатыны сөзсіз. Мен үшін де осы менің туған жерім Мамлют қаласы өте ыстық.Әрбір жанға өзінің отбасы ыстық болса,Отаныда адам баласына сондай ыстық –деп ойлаймын. Отан үшін отқа түс күймейсің-деген мақал бар. Шынымен де Отан үшін жаныңды берсең, ол үлкен абырой.Өзі құрбан болса да, аты мәңгілік болашақ ұрпақтың есінде және тарихта қалады.

Туған жер деген- сенің туып өскең,кіндік қаның тамған жер.Менің ойымша, туған жерге деген сүйіспеншілік анаға деген махаббатпен тең.Сондықтан Туған жер деген сөзде қанша мағына жатыр. Отан дегеніміз- 75жыл Кеңес Одағының құрамында болып,дербестік пен тәуелсіздікті мүлдем жоғалтқан қазақ тарихы, ел бірлігін ,бостандығын,халқының бастан кешкен жерін қайтсекте сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміз адам баласының жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс ұясыз болмайтындай,адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным қасиетті өлке -Қазақстан.

Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді. Осыған менің туған жерім Мамлют қаласы да кіреді.

Мамлют қаласында дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Осындай туған жерім болғанына мақтанамын. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді.Біздің қалада да көп ұлттар бірлікте , тату –тәтті тұрып жатыр.Осыдан Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігімен, ынтымағымен жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Сондықтанда оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол 1993 жылы 15 қарашада «теңге» болып қабылданды. Мен өз қаламның өзінің мемлекетіне деген көзқарастарына өте ризамын. Себебі біздің қаланың тұрғындары елбасымызға өздерінің ризашылығын айтып жатады, рәміздерімізге, әдеп-ғұрыптарымызға үлкен құрметпен қарайды.

Туған жерімнің адамдарынан біздің еліміз біртіндеп дамыған мемлекеттер қатарына кіріп жатыр. Соңғы он жылдың ішінде адам танымастай болып өзгерді. Мұнай, газ, химиялық өнеркәсібіне өте бай ел. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Әрине осы жетістіктеріміздің бәрі елбасымыздың арқасында деген сөздерді жиі естимін.Сондықтан патриоттық сезім әр азаматта болу керек деп ойлаймын. Менің туған жерімнің азаматтары өз елінің дамына үлкен үлес қосуда.Менің ұғымымдағы патриоттыққа келер болсақ, мен өзімді өз елімнің патриотымын деп есептеймін.Менің бұған дәлелім кез келген жерде, әр уақытта қазақша сөйлеймін. Менің бұл өз тіліме деген үлкен құрметім.Патриоттық ұғымымызда еліне,туған жеріне деген ғана сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды,ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады. Халқымыздың өткен тарихы мені өте қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалықпаймын. Бұнын барлығы менің ұлтыма ,халқыма деген сүйіспеншілігім –деп ойлаймын.Бұны сөзбен айтып жеткізу қиын және мүмкін емес. Сондықтан қазіргі уақытта өзіміз сияқты жастар бойындаөзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін.

Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не?! Еліміздің көрмеді десеңізші басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе,  XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы.

Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер…еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік,  ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар.Менің де туған жерімде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың тағдырын, өмір тарихын  тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған.  Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады  деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Туған жерім! Мен өзімнің туған жерім Мамлют қаласын мақтан етемін. Менің Туған жерімде жаңа қазақ мектеп -интернаты, №2 орта мектеп ашылды. Бұнда заман талабына сай заманауи технологияларымен жабдықталған. Бұл үшін мен өте қуаныштымын,себебі біз жақсы білім ала аламыз. Біздің мектеп мұғалімдері туған жер тақырыбына сынып сағаттарын және іс –шаралар жиі өткізеді. Туған жерімнің әкімі Бекшенов Е.М қала тұрғындарының жағдайына көп көңіл бөледі. Қаламыздың ардагерлерін құрметтейді. Жеңіс көшесінде ардагерлерге арнап ескерткіштер орнатылды. Қала жылдан –жылға көркейуде. Биылғы жылы Достық көшесіне жол салып қаланың басқа да жерлерінде көптеген жаңартылулар енгізілуде.Жас болашақтарға білім алуға барлық жағдай жасалған. Спорт кешені де жұмыс жасайды. Биылғы жылы Ақбидай өтті. Ақбидайға қаншама халық жиналып, әдемі ән-күй концертерін тамашап, спорттық жарыстарға қатысты.Қаланың тұрғындарының жағдайы жақсарды. Мен биылдан бастап музыкалық мектепке барып жүрмін, осында барып жүрген балалар еліміздің төп –түпкіріне барып өз өнерлерін көрсетіп жүр екен, мен де өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.Сонымен қатар менің туған жерімнің табиғаты өте тамаша.Мен туған жерімді мақтан етемін ,осындай жерде тұрғаныма өзімді бақытты санаймын . Өзімнің туған жерім Мамлют қаласынан артық жер жоқ деп ойлаймын.











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее