«Зима 2025»

«Көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз»

Урок составлен с целью ознакомить учащихся с казахскими народными инструментами. Урок построен интересно.

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп лицейі











Ашық сабақ: «Көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз»













Дайындаған: саз

пәнінің мұғалімі

Базаргалиева С.А













Орал,2017 ж





«Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»

атты музыка пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы:   Көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз.

Сабақтың білімділік мақсаты:

·         әр аспаптың шығу тарихын, жасалу жолдарын, әр қайсысына тән дыбыс ерекшеліктерін ажырату;

·         есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

·         музыка теориясы элементтерін меңгерту;

·         саз сырын ұғындыру;

·         көркемдік білім беру

Тәрбиелік мақсаты:

·         эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі – музыка өнері арқылы

ұлтжандылыққа,

адамгершілікке,

қай халықтың болмасын музыка мәдениетін құрметтеуге,

 сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементтері, би  қимылдары, күй тыңдау, ән айту.

Көрнекілігі:  Слайдтар,  домбыра, үнтаспа, фортепиано аспабы.

Сабақ жоспары:

I.                  Ұйымдастыру

Оқушылардың психологиялық дайындықтары.

Мемлекеттік Әнұранды сыныппен бірге орындау.

II.               Үй тапсырмасы

«Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар»

Өтілген тақырып бойынша, оқушылардың дайындықтарын тексеру.

Ұлттық музыкалық аспаптардың суреттері слайд арқылы көрсетіледі

Бұл  қандай аспаптар, олар туралы қысқаша баяндау.

 Сергіту сәті: «Қара жорға»биіне ырғақтық қимылдар жасау.

Мұғалім: – Қай халықтың музыка аспаптары болмасын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрпына орайласа туындап пайда болған. Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.

Сабақтың өту барысы. 

III. Жаңа сабақ

«Адай» күйі ойналып тұрады.

Слайдтан суреттер көрсетіледі.

Домбыра – көшпелі қазақтың көне көз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек көзі, Атадан балаға мұра боп жатекен киелі аспабы.

Домбыра қағып, шертіп ойнайтын  ішекті музыкалық аспап. Қазақтың орындаушылық дәстүріне байланыстыдомбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, перне саны да әр қилы болып келеді.

Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары көп пайдаланылады.

 (А.Жұбанов)

Екі ішектің бірін қатты бірін сәл – сәл кем бұра

 Қазақ нағыз қазақ емес

Нағыз қазақ – домбыра

(Қ.Мырзалиев)

 Домбыра үйрену әліппесі

а) Домбыраның құрылысы

ә) Аспапты дұрыс ұстау

б) Отыру қалыбы

в) Қағыстың түрлері

Дутар музыкалық аспабы.

 Түркмен музыкалық аспаптарына: шертіп тартатын ішекті  дутар  ысқышпен ойнайтын гиджак; үрмелі тюйдук,гопуз,т.б.

Тәжік музыкалық аспаптары шертпелі дутар, думбрак; үрлемелі най,карнай,сурнай, чанг(әйелдер шертіп тартатын),шертпелі сетор,пангар,ұрмалы даф.

Өзбектің негізгі халық музыкалық аспаптары мыналар: ысқышпен ойналатын гиджак, сато, сетор; шертіп тартатын ішекті дутар,танбур, уд, рураб; ұрмалы чанг; үрлемелі сибизик, сурнай, карнай, буламан,қошнай, най; ұрмалы дойра, нагора, сафаиль,т.б.

Слайдтан суреттері  көрсетіледі, музыка тыңдау

Саз музыкалық аспабы.

Азербайджан музыкалық аспаптарының ең негізгілері мыналар: үрлемелі тутэк, баламан немесе балабан, зурна; шертпелі ішекті тар, саз түрлері уд, канан; ысқышты кеманча, ұрмалы дәп(бубен тәрізді)нагара, гоша-нагара,т.б.

Ән айту бөлімі

 а) Дауысқа жаттығу

Тілді сағат тілімен айналдыру 4 рет.

Тілді сағат тіліне қарама-қарсы бағытта  айналдыру 4рет

Кезек-кезек тілдің ұшымен ұртты түйреу.

Жақты қозғау (оңға солға)

ә)  “Отан ” әнін  қайталап орындау.

Дәптермен жұмыс:

Домбыра – көшпелі қазақтың көне көз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек көзі, Атадан балаға мұра боп жатекен киелі аспабы. Домбыра қағып, шертіп ойнайтын  ішекті музыкалық аспап.

Түркмен музыкалық аспаптарына шертпелі дутар; ысқышпен гиджак; үрлемелі тюйдук,гопуз, дилли-тюйдук,

Тәжік музыкалық аспаптары шертпелі дутар, думбрак; үрлемелі най,карнай,сурнай, чанг(әйелдер шертіп тартатын),шертпелі сетор,пангар,ұрмалы даф.

Азербайджан музыкалық аспаптарының ең негізгілері мыналар: үрлемелі тутэк, баламан немесе балабан, зурна; шертпелі ішекті тар, саз түрлері уд, канан

б) «Бәлдаурен» 

Әннің екпіні: көңілді 

Әнін жазған:  Қ. Сақай.                         Сөзін жазған :Т. Қажыбай.

1. Біз отанның болашағы,

 Құлаш  ұрған биіктерге

 Жастық жалын жігеріміз

Арналады сүйікті елге

Қайырмасы:

Балдаурендей балғын шағым,

Арайланған алтын таңым.

Туған Отан-Қазақстан,

Басымдағы аумас бағым!

2.     Көгілдір ту көкте шалқып,

Әлдилейді саялы арман.

Жасыл көкше алақаны,

Арай таң боп аялаған.

 IV. Қорытынды.

Сөзжұмбақты шеш.

1.Ұзын мойын

  Екі ішекті

 Қатар-қатар текпішек

Басып көрсең бір-бірлеп

Үн шығады күмбірлеп (Домбыра)

2.Түркмен, өзбек халықтарының ішекті аспабы.

3. Сазымнан жасалған,

Өрнектеп қашалған.

Сырнайдың үніндей,

Бұбұлдың біріндей. (Саз сырнай)

4. Бас , құлақ, мойыны бар,

Үп – үлкен шанағы бар.

Ысқышпен ысқанда

Әндетіп шығар тағы әні бар. (Қобыз)

5.  Қазақ халқының ұрмалы аспаптарының  бірі?

6.  Азербайджан халықтарының шертіп ойнайтын, ішекті аспабы?

 «Аспапты тап» ойыны

 Оқушылар аспаптардан күй тыңдап, дыбыс бояуы арқылы қай аспап екенін ажыратады.

«Сазсырнай»

«Жетіген»                                             «Қоңырау»

«Сыбызғы»                                            «Қобыз»

 V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма

Домбыра, дутар, саз музыкалық аспаптары  жайлы материалдар жинақтау.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее