«Зима 2025»

Конспект урока Бақылау тест

Тоқсандық бақылау тест, оқылым, тыңдалым тапсырмалары

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы

«№ 1 ОМ Тайынша қ.» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Шаяхметова Р. С.


6 сынып, 1 тоқсандық бақылау жұмысы

Тест тапсырмалары

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті В)  Әдемі С) Сыпайы D) Мықты Е) Салмақты
2. Буын түрін анықтаңыз.

A) Тұйық В) Жалғау С) Жалаң D) Буын Е) Тасымал
3. — дар, — дер, — тар, — тер, — лар, — лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік В) Жіктік D) Көптік C)  Тәуелдік Е) Етістік
4. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А) Ынтымақ күні В) Конституция күні С) Тәуелсіздік күні D)  Республика күні Е) Жеңіс күні
5. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш В) Кесе, қасық, пышақ С) Кітап, дәптер, қалам D)  Шолпы, білезік, сырға, қапсырма Е) Қару — жарақ, ер — тұрман, қоржын.
6. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.
А) Шахмат В) Дойбы С) Баскетбол D)  Тоғызқұмалақ Е) Лото
7. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта B)  Қыс С) Жаз D) Күз Е) Көктем
8. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A)  Қорқақ В) Әлсіз С) Салмақты D) Батыр Е) Күшті
9. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар B)  Кінәлі, айыпты С) Апару, әкелу D) Жүмысшы, оқушы Е) Мәртебелі, сыйсыз
10. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар В) Көйлектер С) Қонақтар D)  Қайындар Е) Дәптер

11. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар В)  Айман С) Алпыс Б) Азат Е) Аймақ
12. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде В) Жыл құстары С) Жылы D)  Ұшып кетеді Е) Жакқа
13. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.
А) Шалаш В) Кірпіш үй С)  Киіз үй D) Саман үй Е) Коттедж
14. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді В) Заттың дәл нақты санын білдіреді
С) Заттың санын топтап көрсетеді D)  Заттың реттік санын білдіреді
Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді
15. «Бала» сезіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) — шы B) – лық С) — тың В) — лік Е) — ші

Оқылым тапсырмалары.

Мәтінді оқыпастындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Пойызбен сапар шегу қолайлы.

Мен ертең Астана қаласына сапар шегемін. Ауа райы сапар шегуге қолайлы болып тұр. Алматы – Астана бағытында жүретін жүрдек пойызына билет алу үшін кассаға тапсырыс бердім. Пойызбен сапар шегу қолайлы. Пойызда төсек орынға жайғасуға болады. Пойызға отырғанда жолсерік билетті,төлқұжатты тексереді. Сондықтан қажетті төлқұжаттарды,билетті ұмытпау керек. Пойыздың терезесінен даланың сұлу табиғатын көруге болады.Астанаға барғанда қонақ үйге тапсырыс беремін. Астанада тамаша ғимараттар көп. Кешке қаладағы әдемі ғимараттарды тамашалауға болады.

1. Оқыған сөйлемді жалғастырыңыз.

Астанаға сапарға ... .

А) шығады; Ә) шығасыз; Б) шығамын; В) шығасыңдар.

2. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

А) Пойызда газет оқығанды ұнатамын. Ә) Астанаға автобуспен барған қолайлы.

Б) Алматыдан Астанаға пойыз үш тәулік жүреді. В) Билет алу үшін кассаға тапсырыс беруге болады.

3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Мен Астанада тұрамын. Ә) Бүгін мен сапарға шығамын.

Б) Астанаға пойызбен барамын. В) Ертең Астанада күн суық болады.

4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты таңдаңыз.

Пойызға отыру үшін ... қажет.

А) жолсерік пен бекет; Ә) тамақ пен сусындар; Б) газет пен теледидар; В) билет пен төлқұжат.


5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Астанаға сапарға шығу; Ә) Астанада қонақүйге орналасу;

Б) Астанадағы ғимараттарды көру; В) Пойызбен сапарға шығудың қолайлылығы туралы.


Тыңдалым тапсырмалары.

Диалогті тыңдапастындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Төрге шығыңыз!Сыйлы қонақты қазақ халқы төрге шығарып отырғызады.

Оның ұлттық ерекшелігі бар ма? Ол нені білдіреді?

Қонақты жоғары шығару – құрметтеудің белгісі. Асықпаңыз сыбағаңызды жеп кетесіз.

Сыбаға деген не?

Сіз шетелде жүріп, қазақтың дәстүрлерін әбден ұмытыпсыз ғой. Қазақ отбасы сыйлы қонақтың сыбағасын сақтайды. Етті сүрлеп қояды. Сүрленген ет дәмді болады. Дәмін татқасын, бағасын өзіңіз бересіз. О, міне, ет те келді. Алыңыз.

– Шындығында, өте дәмді екен.

Енді сорпа алыңыз. Сорпадан кейін ас қайырамыз.

1.Диалог мазмұнына  сәйкес ақпаратты көрсет.

А) үй иесіне сыбаға беріледі. В)қонақ сыбаға жайлы бұрыннан білетін.

С) сыйлы қонаққа алдымен сорпа беріледі Д) қазақ отбасы қонақты құрметтеп төрге шығарады

2. Диалог мазмұнына сәйкес келмейтін ақпарат.

А) қонақ төрге шығады В) еттен кейін сорпа беріледі

С) сыйлы қонақ төменге отырады Д) сорпадан кейін ас қайырылады

3.Сөйлемді диалог мазмұнына сәйкес толықтырыңыз.

        Қонақты жоғары шығару –

А) салт- дәстүрдің белгісі В) қадірлеудің белгісі

С) құрметеудің белгісі Д) сыйлаудың белгісі

4.Мәтін мазмұнына сәйкес нақты деректі анықтаңыз.

А) қонақ шақырады В) сыйлы қонақтың сыбағасын сақтайды

С) етті тұздайды Д) қазы- қарта беріледі

5.Дилог мазмұнына сәйкес дұрыс жауапты көрсетіңіз.

Қандай ет дәмді болады?

 А) тұздалған ет В)  қуырылған ет С) сүрленген ет Д) кепкен ет




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее