«Зима 2025»

"Көшбасшы" танымдық ойыны

Мақсаты:

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.

Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтармен қаруландыруға ниеттерін қалыптастыру. Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабағы.( ХХІ ғасыр көшбасшысы).

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Көшбасшы» Танымдық ойын сабағы

Мақсаты:

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.

Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтармен қаруландыруға ниеттерін қалыптастыру. Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабағы.( ХХІ ғасыр көшбасшысы).

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас

Пәнаралық байланыс: География, математика, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, мемлекет және құқық.

Сабақ барысы:

І. Кіріспе сөзі

І жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді,

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге өрледі,

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып, аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Орыны ағалардың бізбен болсын

Сәбилер ағалардың жолын қусын

Оларды әрқашанда еске алайық.

Әруағы ағалардың риза болсын!

І жүргізуші: Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі- еркіндік. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасындағы « Көшбасшы» атты танымдық ойын сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім: Қарақылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырып өтейік.

Ойын кезеңдері:

1 кезең. «Іріктеу »

2 кезең. «Біліміңді көрсет»

3 кезең: Полиглот

Еліміздің тәуелсіздігі ата-бабаларымыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.


І кезең – Іріктеу

1. Мұсылман болу үшін қандай парыздарды өтеу керек?

(Аллаға сену, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару)

2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қандай еңбектерін білесіндер?

(«Қазақстан-2030», «Қалың елім, Қазағым», Тарих толқында, Әділеттің ақ жолы, Бейбітшілік кіндігі, Сындарлы 10 жыл)

3. Заң шығарушы билік

(парламент)

4. Д/ж қазақтардың І құрылтайы қашан, қай жерде болды?

(Алматы 1992, 30.09)

5.Нүктеден басталатын екі түзуден құралған фигура қалай аталады?

(Бұрыш)

6. Көлемі жағынан ең кіші мұхит?

(Солтүстік мұзды мұхиты)

7. Түрік қағанатындағы ең жоғарғы билеуші қалай аталады?

(Қаған)

8.КСРО тараған жыл?(1991)

9.Қабанбайдың шын аты кім?(Ерасыл)

10. Жеті жарғы қай ханның тұсында шықты?(Тәуке хан)

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер жанартаудай жалында

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата -баба арына!

2 кезең. «Біліміңді көрсет»

1.Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнеленген?

а) Шаңырақ, ұлттық өрнек, күн

б) Шұғылалы күн, қыран құс, пырақ

в) Шаңырақ, пырақ, бес бұрышты жұлдыз

2. Қ.Р Елтаңбасы қашан қабылданды?

а) 1991 жылы 16 желтоқсан

б) 1992 жылы 4 маусым

в) 1997 жылы 13 желтоқсан

3. «Сындарлы он жыл » кітабының авторы кім?

а) М. Шаханов

б) Н. Назарбаев

в) Ә. Кекілбаев

4. 22 қыркүйекте Қ.Р қандай мереке тойланады?

а) Республика күні

б) Қ.Р халықтарының тілдер мерекесі

в) Нашақорлыққа қарсы күрес

5. Ата заң не үшін қызмет етеді?

а) Әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға

б) Дауыс беру құқығын сақтауға

в) Мемлекеттік тілді қорғауға қызмет етеді

6. Президенттің жарлығында ҚР мемлекеттік рәміздері туралы не айтылған?

а) Білу аса қажет

б) Құрметтеуге міндетті

в) Орындауға міндетті

7. Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады?

а) Президентке

б) Жоғарғы сотқа

в) Заңға

8. Қ.Р Президенттігіне кандидат қай тілді білу керек?

а) Мемлекеттік тіл

б) Ағылшын тілі

в) Орыс тілі

9. Абылай ханның лақап аты?

а) Сабалақ

б) Әбілмәмбет

в) Әбілмансұр

10. «Ақтабан шұбырынды , Алқакөл сұлама кезінде шыққан ән?»

а) «Елім-ай»

б) Қайран жерім

в) Отырар

Мұғалім: Тіл –адамзат баласына тән ғажайып құбылыс . Адамзат қоғамының аясында халық , ұлт және оның тілі жүздеген , мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Қай ел болмасын өз тілі арқылы әлемді, дүниені, құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағлым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл- ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра, бүкіл қоғам үшін маңызды тіршілік. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.

3 кезең: Полиглот

1) Отан- Родина- Mother land

2) Республика- Республика- Republic

3)Егеменді ел- Суверенноя страна- Sovereign countvy

4)Тәуелсіз Қазақстан- Незовисимый Казахстан-|Independent

5)Менің елім- Мой народ-|My people

6)Желтоқсан құрбандары- Жертвы востания-the victim of uprising

7)Халық- народ-nation

8) «Ән ұран»- Гимн-anthem

9) «Елтаңба»- Герб- coat of arms

10) «Тәуелсіздік ақ таңы»- Заря незовисимости-dawn of independence

Мұғалім: Дүниеде болады екен қоян мықты,

Жабылып он бес жігіт әрең жықты

Сойып ем соғымға ең семезісін-ай!

Бүйрек майдан басқасы бес қапшықты

Мұғалім:

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз-тәуелсіздік, тілегіміз- тұрақтылық, білегіміз- бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

Алға Қазақстан!,- деген болатын Н.Ә.Назарбаев өз жолдауларының бірінде.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кешке келгендеріңізге шексіз алғысымызды айтамыз! Қатысушыларға да сайысқа белсене ат салысқандарына үшін алғыс айтамыз!

Келесі кездескенше, аман-сау болыныздар!!!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее