«Осень 2024»

Коучинг.SMART мақсаттың маңызы.

Коучинг.SMART мақсаттың маңыздылығы туралы.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Мерзімі:4.02.17 жыл Өтілетін орны: «Айнабұлақ орта мектебі»КММ

Өткізетін:І(ілгері)денгей мұғалімі Аманжолова Н.С



Коучинг тақырыбы : SMART мақсаттың маңызы


Коучинг мақсаты: практикалық тәсіл арқылы SMART мақсаттың артықшылығына әріптестердің көзін жеткізу, кез келген жоспарлау әрекетіне SMART мақсат қоюға бағыттау


Коучинг міндеттері:

1.Тыңдаушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды шешудің жолын көрсету;

2. Әріптестерге өздерінің тәжірибесін жақсартуға қолдау көрсету;

3. SMART мақсаттың маңызын ашу.

Күтілетін нәтиже және табыс критерийі:

  • SMART мақсат туралы әріптестердің кәсіби тәжірибелері артады;

  • Тиімді әрі нақты мақсат қоюды үйренеді.

  • Уақыт мөлшері – 25 минут

Тапсырмалар

Коучтің іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

1

Ойсергек

«Сіз кімсіз?»

(2 минут)



Қатысушыларға алдымен өздеріне ұнайтын 5 аң, құстың атын тізбектеп жазу тапсырылады. Жазып болғанда 5 сұрақ қойылады, олар тек жазған аң, құстарын атау арқылы сұраққа жауап береді.

Ынтымақ

тастық атмосфера

сы



2

Топқа бөлу

(1 минут)


Ұқсас ұғымдар бойынша 3 топқа бөлінеді (Қағазға жазылған атаулар таратылады. Мейрамбек Беспаев, Мадина Сәдуақасова, Саят Медеуов, Әйгерім Қалаубаева, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова; Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Ер Қосай, Ер тарғын, Күлтегін; шанышқы, қасық, табақ, қазан, кесе, шөміш )

Қалай ойлайсыздар, топтарыңыз қалай аталады?

Бірлескен топтық жұмыс

2

SMART мақсат деген не? (5 минут)


Қатысушыларға таратпа қағаз тарату


Дәстүрлі мақсат

Зат есім

SMART мақсат

  1. 1. Зат есімді, сұрақтарын, маңызын түсіндіру;

  2. 2. Адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу;

  3. 3. Сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін арттыру


Сұрақ:

Қай мақсат 45 минутта нақты жүзеге асады деп ойлайсыз?


Зат есімнің

белгілерін,

сұрақтарын тану, өзге сөз таптарынан ажырату


Жұптық, топтық жұмыс

Зерттеуші

лік әңгіме

Диалогтік оқыту


3

«Көмек аралы» (10 минут)

Specific- арнайы, нақты;

Measurable-өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;

Attainable-қолжетімділік;

Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.

1.Specific Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты  емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша

уақыт (сағат,тәулік, ай,жыл  немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.

2.Мақсат өлшенетін болу керек.  Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3.Мақсат қолдан келерлік болу керек.  Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.

4.Мақсат шынайы болу керек.  Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт(турист емес) болам» деген мақсат- бұл жаста қол жетпейтін жағдай.

5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.

Мақсат қоюды қарапайым өмірден алынған мысалмен түсіндіріп көрелік. Сыртта аяз, үйдің іші салқын болса, мен «Отынмен үйді жылытуым керек» деген мақсат қоямын. Осы қойылған мақсат дұрыс па? Жоқ, себебі мақсат нақты емес, немен жылытуым керек екенін білмеймін. Ал SMART бойынша жүйелесек:

Мақсат: Ағашпен үйді жылыту.

Міндет:

1. Ағашты кесу.

2. Үйге әкелу.

3. Отты тұтату, жағу.

Нәтиже: Үй жылынды.

Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ.

АКТ

Диалогтік оқыту

СТО


4

«Бумеранг», «Сұрақтар шеңбері»,

10 минут

  1. «Бумеранг» әдісі:

Қатысушылар берілген 1 минут ішінде SMART мақсат туралы маған сұрақ дайындап қояды. Алайда қатысушылардың өздеріне сол сұраққа жауап беруді талап етемін. («Осы сұраққа Сіз өзіңіз қалай жауап берер едіңіз?», «Бұл сұраққа кім жауап бергісі келеді?», «Осы сұраққа Сіз жан-жақты жауап береді дер сенемін!» Осы әдістің «Бумеранг» деп аталатынын таныстырамын)

2. «Сұрақтар шеңбері» әдісі:

Әр топтан екі қатысушыдан ортаға шеңберге шақырамын. SMART мақсат бойынша сұрақтар қоямын. Сұраққа жауап бере алмаса, «Мен өткізіп жіберемін» деуі керектігін ескертемін. Бірақ тек екі рет солай істеуге болатынын, егер екінші рет те жауабын айта алмаса, шеңберден шығарылып, бағасы төмендетілетінін хабарлаймын. (Осы әдістің «Сұрақтар шеңбері» деп аталатынын хабарлаймын)


Миға шабуыл

СТО










Диалогтік оқыту








интервью


Рефлексия

(2 минут)

«Шығу парағын» толтырады

1. Бүгінгі тақырып маңызды ма?

2. Сіз өзіңізге бір жаңалық алдыңыз ба?

3. Бүгін ойыңызға не түйдіңіз?

Кері байланыс


Ойтүйін

(1 минут)

Ұлы Абай:

Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ! деген еді. Бар өмірлік мақсатын төрт ауыз сөзбен түйіндеген  ақынның берер жемісі азайып кеткен жоқ. Қаншама ғасыр өтсе де, сарқылмайтын кенге, таусылмайтын рухани азыққа айналды.

Мақсатты дұрыс қою- адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа деген талап өте күшті болуы керек.



Қорытынды ой



Рефлексия:

Не сәтті өтті?



Не сәтсіз өтті?



Нені өзгерту керек?






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее