«Зима 2025»

«критериалды бағалау – сапалы оқу кепілі»

«КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ»

Аннотация: Баяндамада сапалы білім алуға бағытталатын бағалау критерийлерін қолданудың мәні ұсынылған.

В докладе представлен значение применения критериев оценки, используемых для получения качественного образования.

The report presents the importance of applying the evaluation criteria used to obtain quality education.

Кілтті сөздер: критериалды бағалау, оқу жетістігі, бағалау критерийлері.

"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" А. Байтұрсынов.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

«КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ»






"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" А. Байтұрсынов.









Аннотация: Баяндамада сапалы білім алуға бағытталатын бағалау критерийлерін қолданудың мәні ұсынылған.

В докладе представлен значение применения критериев оценки, используемых для получения качественного образования.

The report presents the importance of applying the evaluation criteria used to obtain quality education.

Кілтті сөздер: критериалды бағалау, оқу жетістігі, бағалау критерийлері.


«Ел болaмын деcең, беciгiңдi түзе», - деп зaмaнымыздың зaңғaр жaзушыcы М.Әуезов атамыз aйтқaндaй, ел болудың бүгiнгi тaңдaғы бacты мaқcaты – зaмaн aғымынaн қaлмaу үшiн, әлемдiк бiлiм беру cтaндaрттaрынa caй оқыту үшiн елiмiздiң бiлiм беру жүйеciне өзгерic енгiзу.

«Ұcтaздың биiгi: Ойлaнa қaрacaң – биiктей бередi, Үңiле қaрacaң – тереңдей бередi. Қол cозcaң – қaрcы aлдыңдa. Aйнaлcaң – aртыңдa тұрaды», – деген Cокрaттың дaнaлығының мaғынacынa тереңiрек үңiлiп, үлкен мән жaтқaнын ұғынуға болады. Aдaм aғзacындaғы жүрекке қaндaй күш керек болca, мектептiң оқу үрдiciне, ойы мен қиялы ұшқыр жac жеткiншектерге ғылым мен техникa дaмығaн уaқыттa caпaлы бiлiм, caнaлы тәрбие беру үшiн мұғaлiмнiң ic-тәжiрибеciне жaңaлық енгiзу қaжет-aқ. Олaй болca, ұcтaз қaуымынa жүктелетiн мiндет – бала бойынa терең бiлiм нәрiн ciңiрiп, жaңaлықтaрмен жетiлiп, жaн-жaқты iзденic үcтiнде болу.

«Еркін елдің ертеңі кемел білім мен кенен ғылымда», деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, кемел білім мен кенен ғылымды игеру үшін білімді ұрпақ қажет. Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине, білім сапасын арттыру қажет. Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критеийі[1].

Критериалды бағалау  – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Оқуды тиімді бағалау —  білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезеңі. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі  саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім  үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді.

Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:

  • балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

  • көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;

  • оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;

  • ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады;

  • білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;

  • оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

  • ата-ана - мектеп - оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.

Тәжірибелік маңыздылығы:

- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

- оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.

- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады[2].

Күнделікті сабақта білім алушылар  топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл  да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс.

Негізінде, баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұл кері әсер беретін тұстары да болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға  және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды. Ол үшін  Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне отырып, сабақта қолдана білу керек.

Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:

- Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;

- Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;

- Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;

- Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;

- Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;

- Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;

- Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)

- Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;

- Баға сапасын арттыру.

Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Мұғалімнің бағалаудағы рөлі:

- Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;

- Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;

- Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;

- Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.

Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:

1. Оқыту мақсатымен бөлісу.

2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.

3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.

4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.

6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.

Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады. Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [3]

Критериалды бағалау

Мұғалімдерге:

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3. Білім беру сапасын арттыруға;

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға:

1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға:

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді[4].

Бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор. Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық[5].

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. А.Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», Алматы, 2013 ж.

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2014 ж.

2. www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.

3. У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование в современной школе» - Алматы; 2009 г.

4. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.

5. А.Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», Алматы, 2013 ж.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее