«Зима 2025»

"Күз патшалығы" мерекесінің сценарийі

"Күз патшалығы"тақырыбында өткізілген Күз мерекесіне арналған іс-шараның жоспары

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Күз патшалығы»
1-жүр  Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар!   « Күз патшалығы » атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. 

2-жүр Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы.   Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

1-жүр Ағашта жапырақ сарғайып, жерге түсіп, айналаны қоңыр-сары кілем басатын мезгіл алтын күз де жетіпті.

2-жүр Күз өте ерке мезгіл сәл нәрсеге қабағын түйіп, ренжіп, көз жасын жаңбыр қылып төгіп-төгіп алады. Дегенмен, жомарттығы үшін бәріміз ұнататынымыз анық.

1-жүр Құрметті көрермендер « Арайлы алтын күз » атты мерекелік кешімізге қатысатын топтарды ортаға шақырамыз .

2-жүр

1) 1-8 сыныптар _________________________

2) 2- 6 сыныптар _________________________

3) 3-5 сыныптар __________________________

4) 4- 7 сыныптар __________________________
1-жүр Бүгінгі мерекелік сайысқа қатысатын топтарға әділ баға берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-жүр Мерекелік сайыстың шарттарымен таныс болыныздар!

1) Топтың аты, ұраны, эмблемасы, бірыңғай топтың киімі болу керек.

2) Топты таныстыру (сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен).

3) «Алтын күз», «Алтын жапырақтар» тақырыбында өз шығармашылықтары. (Әр топтан 1-оқушы оқиды, 4- шумақтан кем болмау керек, өлеңді жатқа оқу, әділқазыларға шығармашылықтарын қағазбен өткізу)

4) «Қосылшы менің әніме» (күз тақырыбында ұстазымен ән шырқау).

2-жүр

5) «Күз әшекейі» қолөнер бұйымдарын жасап өткізу (табиғи материалдан жасаған бұйымдар икебана, панно, жапсырма жұмыстары т.б 2-заттан кем болмау керек, жасаған оқушы таныстырады)

6) Үй тапсырмасы «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан 1-салат дайындап әкелу, салатқа ат қою, таныстыру).

7) «Күз байлық, күз-береке» тақырыбында газет шығару (газеттің мазмұны бойынша қорғау).

1-жүр Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын

 2-жүр Білім- теңіз,   мектепті -  кеме   дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз?

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

1-жүр Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп,  жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

2-жүр Мерекелік кешімізді бастамас бұрын кезекті тамаша әнге берcек ______.

1-жүр ____________ жақсы ортаға «Ақ гүлдер» әні мен Марат Майраны ортаға шақырайық.

(Оқушылар сахнада тұра береді)

2-жүр Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді -деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай,

1-жүр Кезекті жарыстың 1-кезеңіне берсек топтың аты, ұраны, эмблемасы, бірыңғай топтың киімі.

2-жүр Құрметті әділ қазы алқасы әр топтың бағасын берсеніздер! (Сандарды үстелге қою )

1-жүр Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

2-жүр Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені.

1-жүр Кезекті топты таныстыру сыныптың жетістіктері жайлы өлең шумақтарымен.

2-жүр Сөз кезегі әділ қазы алқасы сіздерде әр топтың бағасын берсеніздер!

1-жүр Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күздің алатын орны ерекше. Күз мезгілі адамның ішкі  жан дүниесін  оятып,   сағыныш әлемінде  тербейді.

2-жүр Үшінші кезең «Алтын күз», «Алтын жапырақтар» тақырыбында өз шығармашылықтары. Әр топтан 1-оқушы оқиды, 4- шумақтан кем болмау керек, өлеңді жатқа оқу, әділқазыларға шығармашылықтарын қағазбен өткізу.

1-жүр Құрметті әділ қазы алқасы әр топтың бағасын берсеніздер!

2-жүр ___________ бүгінгі мерекелік кешке өз өнерлерін алып келген кішкентай бүлдіршіндерімізді білесің бе?

1-жүр ____________ әрине білем Мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндері ме?

2-жүр Иә, ортаға Мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерін

шақырамыз.

1-жүр __________ алтын күз мерекесінің ең қызықты шартың көрермендерге хабарлайық.

2-жүр 4-кезең «Қосылшы менің әніме» күз тақырыбында ұстазымен ән шырқау.

(Барлық топ сахнада тұрады)

1-жүр Сөз кезегі әділ қазы алқасы сіздерде әр топтың бағасын берсеніздер!

2-жүр Алтын сары, қызыл көк.

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады жапырлап.

1-жүр «Күз әшекейі» қолөнер бұйымдарын жасап өткізу табиғи материалдан жасаған бұйымдар икебана, панно, жапсырма жұмыстары т.б 2-заттан кем болмау керек, жасаған оқушы бұйымды таныстырады.

2-жүр Кезекті әділ қазы алқасы сіздерде.



1-жүр Астық жеміс жиылды.

Қоймамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс.

Алдық өнім сыйыңды.

2-жүр 6-кезең үй тапсырмасы «Күзгі дәм» күз байлықтарынан 1-салат дайындап әкелу, салатқа ат қою, таныстыру.

1-жүр Құрметті әділқазылар алқасы үй тпсырмасы яғни салаттың бағасын берсеніздер!

2-жүр Күз мезгілінде күн қысқарып, түн ұзарады,аспанды бұлт қаптап, күн сирек көрінеді.

1-жүр Құстарда жылы жаққа ұшып жатыр.Ағаш жапырақтарыда сарғайып түсіп, шөптерде қураған кез.

2-жүр Ендеше осы бір табиғат құбылысын әр топ қалай бейнеледі екен.

1-жүр Кештің соңғы бөлімі «Күз байлық, күз-береке» тақырыбында газет шығару ,газеттің мазмұны бойынша қорғау.

2-жүр Сөз кезегі әділ қазы алқасы сіздерде әр топтың бағасын берсеніздер!

2-жүр Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,

-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен.

1-жүр Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер кезекті әнге берсек ________________________________________________________________

2-жүр Құрметті бүгінгі алтын күз мерекесіне жиналған көрермендер және әр сыныптың намсысын қорғап шыққан топ мүшелері.

1-жүр Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шеберліктерін білдірсе, шығармашылығымен танылса,  арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз Сөз кезегі әділқазы мүшелерінде.

2-жүр Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

1-жүр Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі « Күз пашалығы » атты кешімізді аяқтаймыз.

1-2 жүргізуші :Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее