«Зима 2025»

"Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам" мақала

Латын әліпбиіне көшу туралы мақала. Жаңа заман талабына көшу.

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

«Ел-бүгіншіл,менікі –ертең үшін »

Ахмет Байтұрсынұлы


Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қозғалған бағыттарды кеңінен таратып,рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін.

Осы орайда, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты түрлі іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараларды қолдау аясында алгебра пәнінің жоғары санатты мұғалімі Адилбекова Айгүл Ажанқызы 11 «А» сынып білім алушыларымен «Рационал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері тақырыбын түсіндіру барысында латын әліпбиін қолдану» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты латын әліпбиінің баламасын ұсына отырып,оқушылардың бойында тегі бір түркі елінің ортақ жазбасы болатын латын әліпбиіне көшу қажеттілігін оқушыларға түсіндіре отырып, бойларына дарыту, оларды болашақта іске асатын үдеріске дайындау.Нәтижесінде тілдік мақсаттарды латын әліпбиімен жазалатындарын Мырзағалы Г.,Тұтқабай Ж.,Елеусізбаева Н., Дауылбаев Р., Исатаева Д. көрсетті. Мұғалім латын әліпбиінің қажеттілігі, болашақта іске асатын осы үрдісті жан-жақты түсіндіре білді. Қорыта келе өз ойын Қасымова Перизат «Латын әліпбиіне көшу-қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне , болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз»,-деп түйіндеді..Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздің дыбыстық жүйелерін нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Сондықтан біз үшін , болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ.



С.Сейфуллин атындағы

7 мектеп-гимназиясының

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қ.Қазкенова



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее