«Зима 2025»

Поурочный план по информатике "Редактирование текста" 5 класс на казахском языке

Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки


Пәні: Информатика

Мұғалімі: Дәулетова Сабина Серікқызы

5 «а», 5 «ә»

30.01.17ж

Сабақ №17

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету.

Білімділік. Құжаттың құрылымы ,WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер, оқулық, презентация, интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.


ІІ. Өткен материалды еске түсіру
Үй жұмысын сұрау
1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай?
2. WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?

3. Мәтіндік редактордың қандай мүмкіндіктері бар?

III Жаңа түсініктер.

Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттіерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой ? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтінен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.

Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

  1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

  2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қос.

  3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады .

  4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы : жан-жақты, батпе-бет.

  5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады :

  6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын тізбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013ж.,1 қыркүйек, Ш.Уәлиханов.

  7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайдды:

  8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

  9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Мәтін бойынша жылжу

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен Home, End, PageUp, PageDown пернелерімен жылжытуға болады. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады ? Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.


IV Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Wordpad мәтіндік редакторында мақал- мәтел теру және безендіру

1. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл

2. Көре-көре көсем боласың,

Сөйлей-сөйлей шешен боласың

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,

Егін екпесең, жерге өкпелеме

4. Жақсының ашуы-шай орамал кепкенше,

Жаманның ашуы- басы жерге жеткенше.

5. Үлкенді сыйласаң- қадірлі боларсың,

Кішіні сыйласаң- құрметті боларсың.

6. Тазалық-саулық негізі,

Саулық- байлық негізі.

7. Ауру батпандап кіреді,

Мысқылдап шығады.

8. Ағасы бардың - жағасы бар,

Інісі бардың- тынысы бар.

9. Жаздың бір күні

Қыстың мың күнін асырар


V Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Wordpad мәтіндік редакторында бас әріпті қалай енгіземіз?

  • Enter пернесін қай кезде басу керек?

  • Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.

VI Үйгетапсырма: §20.Мәтінді теру және түзету ережелері. Оқу, түсінік айту.Түйінді жаттаңдар

VII. Бағалау.
























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее