«Зима 2025»

МАД тобы. Сауат ашу. "Е е дыбысы мен әрпі"

«Е» дыбысы мен әрпін оқуды, жазуды меңгерту; Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға тәрбиелеу; Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Е е дыбысы мен әрпі

Сауат ашу. Технологиялық карта . Тақырыбы « Е е » дыбысы мен әрпі

Білім беру салаcы

«Қатынас»

Бөлімі:

Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы:

«Е е» дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

«Е» дыбысы және әрпі жайлы түсініктер қалыптастыру.

«Е» дыбысы мен әрпін оқуды, жазуды меңгерту; Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға тәрбиелеу; Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.

Алдын ала жұмыс:

ойын, сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс:

Емен,ескек

Қажетті құрал –жабдықтар,көрнекіліктер

суреттер, ребус, әр баланың алдында сөз белгісі,кішкене тау тас, дыбыстық талдауға арналған қызыл,көк дөңгелектер.

Іс-әрекет Түрлері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Себепті-оятушы

Балалар сабақты бастамас бұрын, қонақтарға амандасып,бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки,бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәләм сәтсіздер ме апайлар!

Бір-біріне қарап:

Қайырлы күн достым,

Ісің сәтке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген конақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар. Сөздер оқып, дыбыстық талдау жасаймыз.

Жылулық шеңберінде тұрып,өлеңді бірге айтады.

Ұйымдастырылыпнегізделеді

І. Қызығушылықты ояту, ертегі тыңдату.

Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш еді.

-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп жапырағына жармаспақшы болды.

-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ білдім.

-Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямыз ба?

-Ендеше еменге көмектесейік. Өсіп тұрған ағаш қалай аталады екен?

Біліп жүріңдер !

Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді, сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар осы емен ағашының да жаңғақтары болады екен. Оны орысша желудь дейді. Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен ағашына көмектесеміз.

Ойын: « Жаңғақ жинау»Әр жаңғақтың астында сұрақ бар

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз не?

Дауысты дыбыстар деп неге атаймыз?

Дауыссыз дыбыстарға не кедергі келтіреді?

Ал-ма сөзін оқып бер. Неше буын бар?

Аң сөзін оқып,сөйлем ойла

Біз өткен сабақта қандай әріпті өттік? Ң дыбысы қанша элементтен тұрады? 4 элементтен тұрады.

Ң дыбысын тақтаға жазып көрсет Ң дыбысы қандай дыбыс?

Оң,таң,паң оқып бер

Еменге ешкі не деп тіл қатты?

Ал, емен ешкіге не деді?

Ендеше, емен, ешкі сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?.

Міне біз еменге көмектестік.Сендерге үлкен рахмет айтып емен ағашы өз жаңғақтарын сыйлады. Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп жүріңдер!

Білімімізді әрі қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызды ой қозғау тапсырмасы арқылы анықтап, қандай дыбыспен танысатындарыңды білетін боласыңдар. Мына тақтаға назар аударайық! Тақтада сөздер жазылады

( етік, жер, бес, ел, ер, жел, кесе, емен, есен) осы сөздерден қандай дыбысты көп естідіңдер! Тақтадағы сөздердегі «Е» әрпінің астын сызып көрсетемін. Сонымен бүгінгі өтетін «Е» дыбысы мен әрпі.

-Дұрыс, енді е дыбысын айтып көрейік.(айнаға қарап,айтқызу)

Е дыбысын артикуляциясына сай дұрыс дыбыстатып, қайталау.

Сергіту жаттығуы:

Жоғары қарап ай көрдім

Төменге қарап жер көрдім

Оңға,солға қарап

Егеменді ел көрдім

Енді балалар дұрыстап тыңдаңдар!

Е-МЕН, Е-ДЕН, Е-ЛІК, КЕ-СЕ бұл сөздерде Е дыбысы қалай естіледі? Е әндетіп, еш кедергісіз, ұзақ айтылса оны дауысты дыбыс дейміз. Сендер білесіңдер дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

Жуан дауысты дыбыстарға – А, О, Ы, Ұ.

Жіңішке дауысты дыбыстарға бүгінгі өткен Е дыбысын жатқызамыз.

-Е дыбысын қай үйге кіргіземіз?

Жұмбақ

Шаңырақ – күн,

Уықтары-нұр,шашқан.

Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.

Жарқырайды темірқазық жұлдызы,

Жол көрсетіп, алға бас-деп, Қазақстан!

-Дұрыс таптыңдар бұл жұмбақтың шешуі Елтаңба

Елтаңба - сөзін буынға бөлдіреді. Буын санын таспен белгілету.

Елтаңба Сөзін қатыстырып,сөйлем құрату.

Келесі жұмбақты тыңдаңдар

Қанаты жоқ – ұшады,

Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Жел сөзіне дыбыстық талдау жасату. Жетелеуші сұрақтар арқылы сөздегі жалпы дыбыс санын,оның ішіндегі дауысты,дауыссыз дыбыстарды санатады.

Келесі жұмбақты тыңдаңдар

Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)

Ал осы сөздерде е дыбысы қай жерде естіледі?

Басында,ортасында,аяғында.Осы сөздерді буынға бөлейік, қанша буын бар екен! (Е-МЕН, Е-ДЕН, ЕР,ЕЛ, ЖЕР)Дөңгелекшелер арқылы дыбыстық талдау жасау.

Дидактикалық ойын: «Дыбыстың орнын тап.Балаларға қорапшадан графикалық сөзді және бір тау тасты алу ұсынылады.

Қазір мен сөз айтамын,егер сөз е дыбысысынан басталса тасты сөздің бас жағына қоясыңдар.,егер е ортасында естілсе ортасына ,ал е дыбысымен аяқталса, соңғы жағына қоясыңдар.

Сөздер: Елік,жер,мен,ет,етік, төре,сөре,есек.

Оқулықтағы тапсырмаларды тақтада көрсетіліп тұр. (суреттерді атайды) Е әрпі сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен.

Дәптермен жұмыс

Балалар Е дыбысының жазылуына қарайық. Үлкен Е дыбысының бас әрпінің баспа түрі 4 элементтен тұрады, ал кіші е дыбысы 2 элементтен тұрады.

Ауада көрсету

тақтаға жазып көрсету

Ал, балалар қолдарына қалам алып ауаға жазыңдар. Енді оқулығымызға Е әрпін жазыңдар!. 5 мин

Ал енді балалар ой қозғау тапсырмасы арқылы мына ребусты шешейік (кесе, кеше).

Жаңылтпаш жаттайық:

Шеше,шеше!Неше кесе сынды кеше

Сөйлем құрайды (Самат, кесеңді ал). ?

Е дыбысына байланысты «Тез ойла, сөз ойла» ойынын ойнайық. (Жұлдызша беріледі, кім көп жұлдыз жинаса сол жеңіске жетеді І,ІІ.ІІІорын)

-Сабақты қорытындылау: е дыбысынан буындар құрау

-Е дыбысы қандай дыбыс ?

-Е дыбысы жуан дауысты ма, әлде жіңішке дауысты дыбыс ма?

-Е дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

-Е дыбысы бар сөздерді атайықшы?

Қандай мықты ағашпын таныстық

Меңгерген білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар? Алдыларыңда тұрған жасыл, қызыл және сары жапырақтарды мына ағашқа ілесіңдер. Кім бүгінгі сабақты өте жақсы білсе ол жасыл жапырақты іледі, ал кім сабақты ештеңе түсінбедім деген оқушы көк жапырақты іледі. Сөйтіп балалар өздерін бағалайды.

Өлең жолдарымен сабақты аяқтау

Орманға бара жатқандар,

Тіршілік дәмін татқандар.

Орманды қорғаңдар,

Аңдар мен құстарды атпаңдар.

Оларда титтей жүрек бар,

Өмірге деген тілек бар.

Өтінемін түгел бәріңнен,

Орманды өрттен сақтаңдар.

Сұрақтарға жауап береді

-Жоқ , жегізбейміз.

-Емен ағашы

Ойынға қатысып, сұрақтарға жауап береді

-Е-е-е-мен.

-Е-е-еш-кі

-Е дыбысынан басталып тұр.

Е дыбысы жіңішке дауысты дыбыс

Қызыл түспен белгілене

Қызыл үйге

Тәрбиешінің көмегімен жұмбақты шешеді.

- Елтаңба сөзіне сөйлем құрайды..

Жел сөзіне дыбыстық талдау жасайды

Сөзде 3 дыбыс бар. -1 дауысты,2 дауыссыз дыбыс бар.

Сөмке сөзін буынға бөледі

Тәрбиеші айтқандай сөз е дыбысысынан басталса тасты сөздің бас жағына қояды, егер е ортасында естілсе ортасына ,ал е дыбысымен аяқталса, соңғы жағына қояды.

Тақтаға 3-5 бала жазып көрсетеді

Әліппе дәптеріне жазады

Жаңылтпашты қайталайды.

Ойынға қатысады.

Жұлдызша арқылы бағаланады.

Буындарды оқиды

Дауысты

Жіңішке дауысты

Сөздің басында,ортасында,аяғында кездеседі.

(емен)







Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;

Сабақтың көрнектілігі: кеспе әріптер, ешкі, есік, емен, есек суреттері, слайдтар мен мәтін жазылған флипчарттар

Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу

Пән - аралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:дүниетану

Сабақ барысы:

I. Жұмбақ шешу.1-слайд

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. Ешкі)

Мұғалім жұмбақ шешуін оқушылармен талдай отырып, е дыбысына тоқталған кезде, оның әрпін көрсетеді.

Оқулықтың 70-бетіндегі баған буындарын салыстыра, тізбектей оқытып жаттықтыру жұмыстары орындалады.

П. 2-слайд. Жазу дәптерінің 24-бетіндегі е дыбысының кіші әрпі мен сөздерді жазуға арналған жаттығулар жүргізіледі.

III. Оқулықтағы мазмұнды суретпен әңгіме жүргізіліп, оқушылардың ой-пікірі ортаға салынады.

3-слайд. «Лақ» тақырыбындағы мәтін бойынша талдау-жинақтау жұмыстары орындалады. Мұғалім оқушылардың мәтін мазмұнын өз сөзімен айтып беруіне мүмкіндік туғызып, осылайша әңгімелеу үрдісін тұрақты тәжірибеге айналдырады.

4-слайд. Біртіндеп бірінші жақтағы айтылған ойды екінші, үшінші жақта айтуға үйрету жұмыстары басталады. Оның үлгісі оқулық бетінің төменгі жағында берілген.

Менің лағым.

Сенің лағың.

Оның лағы

Осы жұмысты дәптерде орындауға болады.

IV. Жазу дәптеріндегі 25-бетіндегі е дыбысының бас әрпін жазу жаттығулары жүргізіледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Кісі аттары мен сөйлемді бастырып жазады.

5-слайд. Сабақты дамыту ойынымен жалғастыруға болады. Мұғалім оқушының дүниетанымын кеңейту мақсатында ағаш пен гүл сөзінің айырмашылығы мен ұқсастығын тапқызады. Олар ағаштың биік, гүлдің аласа өсетінін, ағашта жапырақ көп болатынын, гүлдің күлтелері (гүлі) көп болатынын, ағаштардың аз, ал гүлдердің көп болатындығы жөнінде әңгіме болуы мүмкін.

Оқулықтың 71-бетіндегі суреттер бойынша түрлі жұмыстар ұйымдастырып, соңындағы тапсырмалар орындалады.

VI. Бағыттаушы сызықтармен берілген ойын бойынша оқушылар сөз құрайды. Одан сөйлем құрайды. Оларға дыбыстық, буындық талдаулар жасайды.

Дәптердің бос жолына сөздік диктант жазу

Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтың 71 - бетіндегі мазмұнды суретке аударып, әңгіме құрауды тапсырады..

Оқушылар құраған сөйлемдерінің жүйелі, мазмұнды болуына баса назар аудару қажет.

Осы беттегі «Кім? кімдер?» деген сұрақтарды пайдаланып,

мұғалімнің басшылығымен шығармашылық жұмыс жүргізіледі.

Сабақты қорытындылау.

─ Бүгін қандай әріппен таныстық?

─ Асқар қайда тұрады ?

─ Оларға қонаққа кім келді?

Асқардың інісі кім?

ІҮ. Сабақты бекіту.

Ү. Бағалау













Сауат ашу




Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі




Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Е е дыбысы мен әрпімен




таныстыру. Ее дыбысының айтылу,жазылу




ерекшеліктерімен таныстыра отырып,Ее дыбысы




бар жаңа сөздермен таныстыру,




түсіндіру.Оларды буынға бөле отырып, оқуын




қадағалау.




2. Сөздерден сөйлем құрауға оқушыларды




дағдыландыру.Оқушылардың тілдерін дамыту.




Ее әрпінің жазылуын көрсету.Сауатты, әдемі




жазуға үйрету.




3. Ойын арқылы білімдерін тянақтау. Сабақты




түсіндіре отырып, оқушыларды




ұқыптылыққа,еңбек сүйгіштікке, анық сөйлеуге




тәрбиелеу.




Сабақтың түрі: Аралас сабақ




Сабақтың әдісі: Түсіндіру,көрнекілік,сұрақ-жауап.




Көрнекіліктер: Ее дыбысының жазба және баспа түрі. Ешкі, себет, кесе суреттері. Жұлдызшалар.




Сабақтың барысы:




I. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Балаларды көңілдендіріп алу.




II. Оқушыларды түгендеу:




1.Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.




2. Зейіндерін сабаққа аудару.




Өткен сабақты пысықтау:




- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?




- «ң» дыбысымен.




- Қане, балалар, ң дыбысы бар сөздер ойлайық!




- аң, таң, жаңа, қалың, жаңғақ, оң, шаңғы.




- Сергіту сәті:




Орнымыздан тұрамыз




Қолды белге қоямыз




Бұрыламыз оңға бір




Бұрыламыз солға бір 1.2.3- отырамыз тып-тыныш!




III. Жаңа сабақ:




Өткен сабақ пен жаңа сабақты жұмбақ шешу арқылы байланыстырамын.




- Ал, балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырамын.




Шаң-да бар, шаш-та жоқ




Жаңа-да бар, жаға-да жоқ




Аң-да бар, ар-да жоқ.




(«ң» дыбысы )




Табаныма байладым




Қос аяқпен айдадым.




(Шаңғы)




Иректеп еденді,




Иреңдеп келеді




Шаң менен тозаңды




Қылғыта береді.




(Шаңсорғыш)




Басында екі таяғы бар




Төрт аяғы бар




Сегіз тұяғы бар




Иегінде сақалы бар




(Ешкі)




- Жарайсыңдар балалар!




- Ешкі деген сөзімізді естіп, сыныбымызға ешкі қонаққа келді.




- Ешкі сендердің сабақтарыңды қадағалаймын деп келіпті.




- Ешкінің себетін көріп тұрмыз ба?




- Егер кімде кім сабаққа жақсы қатысса, себетінің ішіндегі жұлдызшаларды бізге сыйға тартамын дейді.




- Бүгінгі сабақты ерекше етіп өткіземіз бе? Жарайсыңдар!




- Кім айтады, «ешкі» сөзі қандай дыбыстан басталады?




- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ее дыбысымен танысамыз.




Ее дыбысының кеспе, жазба түрлерімен таныстырамын. Ее дыбысын ауада жазып үйренеміз. Дауысты дауыссыз дыбыс екенін ажыратамыз.




Оқулықпен жұмыс: Жаңа сөздермен таныстырамын,түсіндіремін. Оқушылардың барлығын оқытып шығамын




Сергіту сәті:




Отырып – ақ орнымда




Айдын-көлді кешемін




Сен білмесең егерде




Былай ескек есемін.




Дәптермен жұмыс: Ее дыбысын әдемі жазу. Әдемі жазған, жақсы оқыған оқушыларды ешкі себетіндегі жұлдызшалармен марапаттаймын.




Жаңылтпаш




Шеше, кеше неше кесе сынды




Оқуылардан сұраймын. «Кесе» сөзіндегі с дыбысының орнына ш дыбысын қойсақ, «кеше» сөзі шығатынын айту.




Оқушыларды мадақтау:




Сабақты қорытындылау:






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее