«Весна — лето 2024»

МАД тобы. Сауат ашу. Ұ ұ дыбысы мен әрпі.

Ой қозғау.

Жұмбақ шешу.

Құстай ұшар

Қанатты тұлпар.(ұшақ)

Ұ дыбысының бас әріпімен таныстыру.

-Ұ дыбысы дауысты жуан дыбыс.

-Балалар, бүгін біз ұшақпен еліміздің түкпір-түкпіріне саяхатқа шығамыз.

-Біз қай облыста тұрамыз?

-Батыс Қазақстан облысы.

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:Ұ ұ дыбысы мен әріпі.

Сабақтың мақсаты: а\БілімділігіҰ ұ дыбысы мен әрпін таныту.Берілген сөздерді түсініп, дұрыс буынға бөле білдіру.Әр сөзге дыбыстық талдау

жасап, дауысты, дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету, оқу дағдысын қалыптастыру.

ә\Тәрбиелілігі:Имандылыққа, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

б\Дамытушылығы:Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын кеңейту.

Пән аралық байланыс: дүниетану

Әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын.

Түрі: ашық сабақ

Көрнекілігі: слайдтар,мазмұнды суреттер,қима әріптер,буындар, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

«Жүректен жүрекке» жылулық шеңбері.

Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызамын.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1.Дидактикалық материалдар мен суреттерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрау.

-Ұзақ шөлдеді.

-Құмырадағы суды ішкісі келді.

-Суға тұмсығы жетпеді.

-Құмыраға тастарды салды.

-Құмырадағы су жоғары көтерілді.

-Ұзақ суды ішіп шөлін басты.

2. Ұ дыбысы бар сөздер айту.

Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, сызба түрінде көрсету.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ой қозғау.

Жұмбақ шешу.

Құстай ұшар

Қанатты тұлпар.(ұшақ)

Ұ дыбысының бас әріпімен таныстыру.

-Ұ дыбысы дауысты жуан дыбыс.

-Балалар, бүгін біз ұшақпен еліміздің түкпір-түкпіріне саяхатқа шығамыз.

-Біз қай облыста тұрамыз?

-Батыс Қазақстан облысы.

-Батыс Қазақстан облысы өте кенге бай өлке.Ол үшін біз Батыс Қазақстанда қандай қалалар бар екендігін картадан қарап көрелік. Міне, оқушылар, Орал,Атырау, Ақтөбе,Ақтау. Бұлар-Батыс Қазақстан облысындағы қалалар.Әсіресе, Атырау мен Ақтау қалаларында мұнайдың қоры өте мол екен.

Мұнай туралы ой қозғау.

Мұнай-майлы,қоймалжың сұйық зат.Ол жақсы жанады,көп жылу бөледі және соңынан күл қалдырмайды.

3.Оқулықпен жұмыс

Бағандағы сөздерді хормен,топпен оқыту.

Буындық, дыбыстық талдау жасау.

мұнай құбыр ұлан бұршақ

мұнара бұрғы ұран бұлбұл

Мәтінді оқу.

Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын айтқызу, мәтінді талдау.

4. Буыннан сөз құра.

бұ лақ құ лақ ұ ран ұ лан

ұ шақ бұ рыш құ лын т.б.

5.Тіл ұстарту.

Ұлан біздің ұқыпты

Ұстаз сөзін ұғыпты

Ұлар, ұзақ, торғайдың

Ұяларын қорғайды.

6. Дәптермен жұмыс.

Дәптермен қаламды дұрыс пайдалану ережесін сақтау.

Әріптердің дұрыс тұлғасын өрнектеу үшін қол саусақтарын жаттықтыру.

Ұ ұ әріпін жазу үшін оның элементін құрайтын сызықтарды жазу арқылы әріптің толық тұлғасын өрнектеу.( тақтада көрсету)

7. Сергіту сәті.

-Ұшты-ұшты, ұзақ ұшты. ( ұшады )

-Ұшты-ұшты, тұзақ ұшты. ( ұшпайды )

-Ұшты-ұшты, дөңгелек ұшты. ( ұшпайды )

-Ұшты-ұшты, көбелек ұшты. ( ұшады )

-Ұшты-ұшты, қаздар ұшты ( ұшады )

-Ұшты-ұшты, қыздар ұшты ( ұшпайды ).

8. «Шашылған әріптер» дидактикалық ойындар

1-топқа: мұнай

2-топқа: ұшқыш

3-топқа: бұрыш

IV.Сабақты бекіту.

«Кім жылдам» ойыны арқылы сабақты бекіту.

Жоқ әріпті табу.Сызба арқылы жазу.

1. Қ ...лын жүгірді.

2. Б...лақ ақты.

3. Қ...стар ұшты.

V. Қорытынды.

-Қандай әріппен таныстық?

- Ұ дыбысы қандай дыбыс?

Сөз ойла,тез ойла.

-Ұ дыбысына байланысты сөздер айтқызу.

VI. Мадақтау.

-Барлық оқушыларға жұлдызша үлестіру.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее