«Зима 2025»

Мақта қыздың тапсырмалары

мақта қыздың тапсырмаларын орындау арқылы білімдерін кеңейту

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

КМҚК «Дәншік» балабақшасы













Денсаулықты сақтау технологиясын қолдану арқылы

тіл дамыту пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы:

«Мақта қыздың

тапсырмасы»



«Балбөбек» естияр тобы



Тәрбиеші: Кезенбаева Лаура Жомартқызы



Самар ауылы

2017 оқу жылы



Білім саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері:

«Тіл дамыту».

Тақырыбы; «Мақта қыздың тапсырмасы»

Мақсаты; Балалардың ертегі бойынша танымдық қабілеттерін арттыру,тіл-байлығын,сөздік қорын, көңіл-күйлері ояту,балалармен уақытты көңілді ,әрі қызықты және тартысты өтуіне ықпал жасау.Ойын арқылы бір –біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту,актерлік шеберліктерін қалыптастыру.

Көрнекілігі;

Ертегі кейіпкерлерінің суреттері,хрестоматия.

Қолданған методикалық әдіс-тәсілдер;

Сұрақ-жауап,көрсету, түсіндіру,ойын-жаттығулар,диалог,көркем сөздер,актерлік шеберлік. Мәнерлеп әңгімелеу, тақпақтар және мақал – мәтелдер айту әдістері қолданылады.

Қос тілдік компонент:

Мысық-кошка,күз –осень,ертегі-сказка.

Аймақтық компонент;

Ертегідегі үй жануарлары.сиыр,мысық,ағаштар.




Кіріспе әңгіме:

Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Шаттық шеңбері.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой!

Ал, қанекей, бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге

Топқа пошташы келіп хат береді.Тәрбиеші ашып оқиды.

Тәрбиеші

- Бізге мақта қыз хат жазыпты,ол өзінің мысығының құйрығын жоғалтып алып, соны орманнан тауып беруімізді сұрапты,көмектесейік пе? Олай болса өте жақсы.

Ал енді балалар, біз алыс жолға шығамыз,сондықтан да жолдарды қысқарту үшін сіздермен ойын ойнайық. Ол ойын паравоз деп аталады.

Тук,тук,тук,паравоз,

Жаңбыр жауды қараңыз.

Тарс-тарс-тарс найзағай,

Біз демалдық айнам-ай! (1 рет)


  • Жақсы балалар, біз талай жерлерді басып өттік,қандай көп ағаштар,жол ұзақ,сондықтан да тағы бір ойын ойнап уақытты тиімді пайдаланайық. Ойын: «Ғажайып қорап» деп аталады. Мен қораптан қандай аң алсам,сендер сол аңның жүрісін салып жүреміз және ол аң қандай ертегіде кездесетінін айтуымыз керек. (ойын ойнап келе жатып сиқырлы үйшіктерге кездеседі)

- Балалар қараңдаршы қандай әдемі үйшіктер.Бұл үйшіктердің иесі кім екен,балалар,қызық.

Сол кезде орман күзетшісі шығады;

  • Сәлеметсіңдер ме,балалар,қайдан жүрсіңдер?

  • Біз мақта қыздың тапсырмасымен орманға келдік,онда ол мысығының құйрығын жоғалтып алыпты,соған көмектесуге келдік.

  • Ендеше балалар сендер менің тапсырмамды орындасаңдар мен сендерге жол көрсетемін.Келісесіңдер ме?Маған да пошташы мынандай хат әкеліп беріпті,онда тапсырмалар жазылыпты,бірақ мен ешқайсысын таба алмадым.

  • Қанеки балалар біз күзетші атайға көмектесіп жіберейік.

Бір жылда неше мезгіл бар? – Төрт мезгіл. Күз, қыс, көктем, жаз.

Жылдың қазір қай мезгілі? – Күз мезгілі

Күз мезгілі неше айға бөлінеді? – Үш айға.Қыркүйек,қазан,қараша.

Қазір қандай ай? – Қазан айы

Күз мерзімінің ерекшеліктері қандай? – Күн суық, жел, жаңбыр, адамдар жылы киімдерін киеді.Күзді орыс тілінде - осень деп айтамыз,мысық- кошка.сиыр –корова дейміз.

Күз мезгілі туралы жұмбақ, тақпақтар білеміз бе?

  • Қанеки кім күз туралы тақпақтар айтып береді?

Әдемі;

Қызыл-жасыл,сары,көк

Алуан –алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


-Өте жақсы,көрдіңіз бе біздің балалар сіздің тапсырмаңызды орындап болды.

- Иә,жақсы балалар екен,енді балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр,көрдіңдер ме,менің ауламда қандай көп жапырақтар.Міне осы жапырақтарды үрлеп ауламды тазартайық.Ол үшін терең демалып,сыртқа шығарамыз.(өкпе,тыныс алу жаттығулары) 2-3 рет.

- Ал балалар,өте жақсы біз атамызбен ойнап,біраз серіп қалдық.Енді осы мақта қыздың тапсырмасы қай ертегінің желісі? соны атамызға айтып беріңдерші.

(Балалардың жауабы)

-Балалар,ендеше біз басынан бастап мұқият ертегіні баяндап берейік,ал бүгінгі оқу іс – әрекетімізде Ыбырай Алтынсарин аталарың жазған «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып беремін.

Балалардың зейінін тәрбиешіге аударады.

Ерте, ерте, ертеде «Мақта қыз бен мысық» болыпты. Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп, миіз тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады, келмейді бір кезде мысық келеді. Апа мені неге шақырдың?

Келмегесін мейізді жеп қойдым. Мысық мақта қыздың қатығын төгіп тастайды. Ал мақта қыз болса мысықтың құйрығын жұлып алады. Мысық сиырға келеді. Сиыр, сиыр маған қатық берші? – деді.

- Жоқ, менің қарным ашып тұр дейді. Мысық ағашқа келеді. Ағаш, ағаш маған жапырақ берші.

Ағаш: мен шөлдеп тұрмын, маған су әкеліп бер дейді. Мысық қыздарға барады. Қыздар, қыздар су берші дейді.

Қыздар: бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз. Дүкенші жұмыртқа бер дейді. Тауық жұмыртқа әкеліп берші дейді. Сен маған дән әкеліп бер дейді. Енді мысық не қыламын деп келе жатса ін қазып жатқан тышқанға кездеседі. Жаныңның барында айт – дейді. Тышқан қорыққаннан: үйімде бір уыс қана тарым бар – дейді. Тышқан тарыны тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды қыздарға береді, қыздар су береді, суды ағашқа береді, ағаш жапырақ береді, жапырақты сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты мақта қызға береді, мақта қыз мысыққа құйрығын береді. Мақта қыз бен мысық мұрат – мақсаттарына жетіп дос болыпты.


  • Балалар мен сендерге қандай ертегі оқып бердім?

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

  • Бұл ертегіні кім жазды?

  • Ыбырай Алтынсарин атамыз.

  • Өте жақсы,сонымен қатар біздің аймағымызда да осы сиыр,тауық,мысық деген үй жануарлары өмір сүреді.

Сұрақтарға толық жауап беру керек.

  • Мысық қатықты неге төкті?

  • Мақта қыз мысықтың құйрығын неге жұлып алды?

  • Ағаш не сұрады?

  • Сиыр не сұрады?

  • Қыздар мысықтан не сұрады?

  • Дүкенші мысықтан не сұрады?

  • Тауық мысықтан не сұрады?

  • Мысық тышқаннан не сұрады?

  • Көрдіңдер ме, балалар өз кесірлігінен құйрығынан айрылған мысық, қаншама еңбек етіп жүріп, құйрығын қайтарып алады.Міне бұл ертегімізде еңбектің орны ерекше бейнеленен.Еңбекті бәріміз білеміз,қане кім маған еңбек туралы мақал айтып береді.

Елнұр;

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарын тіленбей.

Еркебұлан;

Еңбек түбі – жеңбек.

  • Жақсы балалар,енді осы ертегімізді қорытындылай келе қонақтарға сахналап берейік. (Ертегіні сахналау)

Аяқталды ертегі,

Ертегі сырды шертеді,

Еңбекті сүй балақай

Дос қадірін біл деді.


.

  • Рахмет балалар,мынау сендерге мақта қыздың бұйымтайы апарып беріңдер,ал мынау менің сендерге берген тәттілерім.Айтпақшы балалар сендер маған өте қатты ұнап қалдыңдар,мен сендерге балабақшаға жылдам жету үшін өзімнің сиқырлы кілемімді берейін.Бірақ ол кілемнің бір шарты бар,оған отырған соң көзді 3 рет ашып жұмып,қайтадан жұмасыңдар.Сонда ол сендерді жылдам,әрі адастырмай алып барады,сауболыңдар, жолдарың болсын!

Балар бақшаға қайтып,сабақты қорытындылайды.

  • Рахмет,атай!

Балалар кілемге отырып,көздерін жұмып-ашады.(көз жаттығулары)

Балабақшаға келіп сабақты қорытындылайды.

Балалар шеңбер боймен тұрып;



Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!



Күтілетін нәтиже; Сабақ ойдағыдай өтті.

Біледі; Ертегінің мазмұнын біледі,күз туралы білімдерін бекітті.

Игерді: Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасау.Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артып,актерлік шеберліктерін көрсете алды. Осы сабақ барысында әр баланың жеке білім деңгейі анықталып,ой- қабілеттері дами отырып,бір-біріне,қоршаған ортаға, үлкендерге деген мәдени қарым-қатынастары,достық сезімдері оянып,ұштала түсті.

Меңгерді: Ертегі желісімен кейіпкерлердің рөліне енеді.Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе біледі.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнай алады.











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее