«Зима 2025»

Махамбет Өтемісұлы "Қызғыш құс"

открытый урок по казахскому языку для 8 класса

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс»


Тотиева С.С қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы

«Переменовка орта мектебі»КММ



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Махамбет Өтемісұлының ақындық шеберлігін таныту,оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.

Дамытушылық:Өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқуға,теориялық ұғымдарды саралай білуге,өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру,ынтымақтастықпен жұмыс істеуге қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды елін,жерін,Отанын шексіз сүюге, Махамбет бойындағы ерлікті,ақындықты оқушы санасына ұялату.

Пән аралық байланыс:тарих,биология.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:ассоциация,топтастыру,бес жол өлең,ой толғау.

Сабақтың көрнекіліктері:потрет,суреттер,кеспелер,слайд.

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Үй жұмысын тексеру:

  1. «Ой шақыру»деп аталады, ассоциация жасау. Махамбет Өтемісұлы туралы білетіндерін сызба бойынша көрсету.

  2. «Өлеңім-қаруым» деп аталады, «Соғыс» өлеңінен үзіндіні жатқа сұрау.

Жаңа сабақ:

1.Тақырыппен таныстыру.

2.Сабақтың мақсатын айту.

3.Кіріспе сөз: «Махамбет –халқын сүйген,халық мұңын жырлаған,елім деп еңіреген ақын.Отанын сүйген патриот,еңбекші шаруалардың жыршысы.Ол асыл сөздің кені көркем тілдің ұстасы,ерлікке үндейтін жал ынды үгітшісі.» З.Қабдоловтың сөзімен бастау.

Өлеңнің шығу тарихын үнтаспадан тыңдау.

«Қызғыш құс» мәнерлеп оқу.

«Қызғыш құс» өлеңінде ақының еліне,халқына деген сүйіспеншілігі,Отанына деген сезімі ерекше өрнектелген. Махамбет ел қорыған қызғыштай елі үшін отқа түседі. Қызғыш құстың жауы-лашын, Махамбеттің жауы-Жәңгір.

Қызғыш құс,лашын құс туралы мәлімет беріп,суреттерін көрсету.

Сөздікпен жұмыс:

Көл қорыған-көлді мекендеген

Лашын құстың тепкіні-көлге жолатпау

Құсалықпен өту-уайым,қайғыға түсу

Бұл кезең «Тарихты білесің бе?»деп аталады,Жәңгір ,Исатай, Махамбет туралы слайд көрсету.

Осыдан кейін «Кім жылдам?»ойыны уйымдастырылады.

Сыныпты екі топқа бөліп,тапсырмалар беру

1-тапсырма.Венн диаграммасымен жұмыс.

Махамбет

Ұқсастығы

Қызғыш құс

Елінен айырылды,

жауы-Жәңгір хан

Екеуі де туған жерлерін қорғайды,зардап

шегеді

Көлден айырылды,жауы-

лашын құс


2-тапсырма.Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз сызбасын толтыру.




Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз ?








1-тапсырма.Махамбет батырға хат жазу.

2-тапсырма.Бес жол өлең жазу, Махамбет батырға арнап.


Сабақты бекіту:Кесте толтыру.

Махамбет өлеңдерінен қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?

Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастардың бойыңда кездеседі?

Батырлық,ерлікті,адалдықты,

Туған елді сүюге,достықты

қадірлеуді

Адалдық,достықты қадірлеу,Отанды сүю


Сабақты қорытындылау: Махамбет-поэзиясы қаһарлы да айбарлы,өр рухы бар жауынгер.Ел қорғау,туған жердің тәуелсіздігі үшін ер азаматтың басын тігуі-мәңгілік дүние.

Оқушылар,көрнекті ақынымыз,мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынова жырлағандай:

Бостандықты аңсаған,

Тәуелсіздікке жол салған

Батыр ақын Махамбет

Ұмытпас сені ұрпағың

Есіңе сақтар өз елің!-деп аяқтағым келеді.Бүгінде Исатай мен Махамбеттің арманы мүлтіксіз орындалды. Өйткені еліміз егеменді,тәуелсіз ел.

Үйге тапсырма: «Егер мен батыр болсам» шағын шығарма жазу,

«Қызғыш құс»өлеңін жаттау.











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее