«Зима 2025»

"Маша мен аю" (ертегі)

Мақсаты: Ертегіні сахналай отырып өздеріне айтқызу.Балаларды оқылған ертегілер мазмұнын тәрбиешінің көмегінсіз өз беттерімен жүйелі түрде мәнерлі етіп, мазмұнын өзгертпей, әңгімелей білуге, байланыстыра сөйлеуге, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Кейіпкерлердің мінез – құлқын, іс - әрекетін, жағымды, жағымсыз жақтарын ажырата отырып, әдептілікке, тапқырлыққа, шыншылдыққа, еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

МКҚК «Достық» балабақшасының тәрбиешісі

Бухарбаева Галия Кумаровна



Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Маша мен аю (ертегісі)
Мақсаты: Ертегіні сахналай отырып өздеріне айтқызу.Балаларды оқылған ертегілер мазмұнын тәрбиешінің көмегінсіз өз беттерімен жүйелі түрде мәнерлі етіп, мазмұнын өзгертпей, әңгімелей білуге, байланыстыра сөйлеуге, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Кейіпкерлердің мінез – құлқын, іс - әрекетін, жағымды, жағымсыз жақтарын ажырата отырып, әдептілікке, тапқырлыққа, шыншылдыққа, еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрсету, ойын, мультфильмін көрсету
Оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің ойыншықтары, орман, үйшік, суреттер, тапсырмалардың көрнекіліктері
Мотивациялық қозғаушы:
-Балалар, « Сәлем- сөздің анасы»,- демекші, алдымен біз амандасып алайық

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға

Аақанды берейік,

Сәлемдесіп алайық.

Сәлеметсіңдер ме, достарым!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

-Ой, балалар, қараңдаршы бүгін біздің топқа қандай әдемі шар ұшып келді. Қызық, бұл шарды бізге кім жіберді екен? Қараңдаршы қандай қызық, қандай сиқыр шар.
Ізденуші ұйымдастырушы.
Балалар бұл шарда байланған хат пен таяқша бар екен. Қане, бұл хаттың мазмұнымен таныстырайын.
Бұл хатты бізге ертекші атай жіберіпті. Ал мынау сиқырлы таяқша, осы таяқша арқылы ертекші атай сендерге тапсырмалар және ертегі беріп жіберіпті. Егер де мен сиқырлы таяқшаны сермеп қалсам, сендерге ертегілерден көрініс көрсетеді. Ал сендер соның шешуін тауып ертегінің атын айтасыңдар.
Тәрбиеші: сиқырлы таяқшаны сермеп қалғанда музыка ойналып, бауырсақ домалап келе жатады.
Балалар: Бауырсақ ертегісі екенін айтады.
Тәрбиеші: сиқырлы таяқшаны екі рет сермегенде, Қызыл телпек ертегісінің кейіпкерлері шығады.
Балалар: «Қасқыр мен қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерлері екенін айтады.
Тәрбиеші: сиқырлы таяқшаны үш рет сермегенде алтын жұмыртқа ұстаған тауық шығып музыка ойналады.
Балалар: «Шұбар тауық» ертегісі екенін табады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, бәрің де ертегілердің шешуін дұрыс таптыңдар. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Жақында біз «Бауырсақ» ертегісін сиқырлы тақтадан тамашаладық. Барлығыңда жануарлардың бейнесін көріп жақсы танып шықтыңдар.

Тәрбиеші тағы да сиқырлы таяғын сермеп қалғанда ешкінің дауысы шығып маңырап ешкі 7 лағымен және Қасқыр кіріп келеді.

Балалар: «7 лақ пен қасқыр» ертегісі екенін айтады

Осы кезде үйшіктен бір қыз шығады да жылай бастайды.

Тәрбиеші балаларға мына қыз кім екенін және неге жылағанын сұрайық деп қасына жақындайды

-Балалар, мына қыз бізге таныс сияқты ғой, естеріңе түсіріңдерші қай ертегіден және аты кім екен?

Балалар: «Маша мен аю» ертегісіндегі Машасыз

Маша: иә балалар, мен Машамын, мені Аю ұстап алып әжеме, атама жібермей қойды.

Тәрбиеші: Маша сен жылама, балаларға не болғанын айтып берейік, біз саған көмектесеміз солай ма балалар?

-Машаны неге ұстап алды екен, бұл жағдайға қалай тап болды?

Тәрбиеші: Балалар, бұл қалай болғанын айтып берейін

«Маша мен Аю» ертегісін (мультфилмін)видиодан көрсету.

І-басы: Машаны Аюдың үйіне жібермей қойған жеріне дейін көрсету.

Маша: -«Міне осылай балалар, мені Аю енді ешқашан жібермейтінін айтты»,- деп жылап қоя береді.

Тәрбиеші: -Ой балалар, Машаны неге және не үшін ұстап алғанын түсіндіңдер ме?

(Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Иә, балалар, Маша атасы мен әжесінің айтқанын тыңдамады.Әжесі Машаға орманға барарда не деп айтып еді?

Балалар: «Құрбыларыңнан қалып қойма!»-деп айтты

Тәрбиеші: Бірақ, Маша тыңдамады

Маша: -Балалар, сендер алдағы уақытта үлкен адамдарды тыңдаңдар, жарай ма? Тыңдамағасын мен Аюға ұсталып қалдым.

Енді мен аюдың үйіндемін, қайтайын десем маған күнде тапсырмалар береді.

-Мен аю үшін не істемеді десеңші, күнде тамағын, жақсы көретін бәлішін пісірдім, үйін жинастырдым,пеш жақтым -қараңдаршы деп мультфильмің жартысын көрсетеді

ІІ-ортасы:Машаның үй жинастырып, тамақ пісіріп жүрген жері

-Көрдіңдер ме балалар, мен енді атам мен әжемді қатты сағындым,үйге барғым келеді, достарымды көргім келеді.

Аю қазір орманға кетті, мен оған тамақ дайындап қоюым керек және ол достарымен келетінін айтты, қане маған көмектесесіңдер ме?

Ол маған жұмбақтар берді, егер осы жұмбақты шешсеңдер аюдың бүгінгі түскі асы шығады.

Сендер жұмбақты жақсы шешесіңдер ме?

-Иә!

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні. Бұл не балалар?

Балалар: сәбіз

2. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін? Бұл не?

Балалар: орамжапырақ

3. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. Бұл не?

Балалар: жуа

Маша: жарайсыңдар балалар, жұмбақты жақсы шешесіңдер екен!Бұлардың барлығын көкөністер дейміз.Біз аюға салат жасап бердік.Салатқа не қосқандарыңды ұмытпаңдар, жарай ма?

(турап, моенез қосып салатты жасап болғасын балаларға жеуге береді)

Осы кезде Аю кіріп келеді.

Аю: -Мм, қандай күшті иіс, тамақтың иісі мұрынымды жарып бара жатыр. (дәмін көріп неден жасағанын сұрайды, және не үшін көкөністерден жасағанын сұрайды)

-Жарайсың рахмет саған Маша қызым.

Маша: Аю енді мені әжеме жіберші, мен атам мен әжемді сағындым.

Аю: Жоқ жібере алмаймын. Менің тағы да тапсырмаларым бар, егер соны орындасаң, жіберемін.

Машаға тапсырмалар береді.

Тәрбиеші: Қане, Маша уайымдама, тапсырмаларды орындауға көмектесейік, енді сен біздің досымызсын ғой, солай ма?

Балалар: иә

Аю: жоқ болмайды, (ойланып тұрады да) иә жарайды мына кіп-кішкентай балалар не біледі?Көмектессе көмектесе берсін!

Тапсырмаларын айтады.

1-тапсырма: «Саңырауқұлақтарды жина»

Түрлі-түсті қағаздардан саңырауқұлақ қиып жапсырып Машаға жинап беру.

Сергіту сәті:

Біз орманға барайық,

Жан-жағымызға қарайық.

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап.

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар балалар,

Қарап-қарап алыңдар.

2-тапсырма: «Санамақ» айтып беріңдер

3-тапсырма:

Қазір қандай мезгіл?Неше айы бар?

«Жақсы-жаман» ойынын ойнайық

Шарты: Қыс мезгілінің жақсы жағын айтсам қол соғып шапалақтайсыңдар, ұнамайтын жаман жағын айтсам қол соқпаймыз «жоқ» дейміз жарай ма?

Жақсы: Жаман:

-Жапалақтап қар жауады -Аяз болады, жер тайғақ болады

-Жаңа жылды қарсы аламыз -Мұз жалаймыз

-Қардан аққала жасаймыз -Боран соғады

-Сырғанақ, шана, шаңғы тебеміз -Тоңамыз

-Қар атысып ойындар ойнаймыз

-Достарымыз көп болсын! Үлкендерді тыңдамаймыз

-Тәртіпті, ақылды бала боламыз! Тентек боламыз

Аю:Жарайсыңдар!Балалар сендер менің және Машаның сүйікті асын білесіңдер ме?

Балалар: Сүйікті астарыңыз-каша

Аю: «Өз үйіңді тап» ойыны.

Балаларға үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек суретін таратып беру.Балалар аюды оятады.

Аю, аю тұршы,

Беті-қолыңды жушы.

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Әйәй көйлек киші

Енді бізді қушы.

Аю оянып балаларды қуғанда балалар өздерінің қолындағы ұқсас пішінге барып тығылады. (2-3 рет қайталау)

-Жарайсыңдар, балалар, бірақ мен сонда да Машаны жібергім келмейді.Сендер нағыз күшті доссыңдар.Маша қалсыншы?! (деп балалардан сұрайды)

Балалар: жоқ олай болмайды, Маша мен біз сенің тапсырмаларыңды орындадық, енді жіберуіңіз керек.

Аю: жоқ-жоқ келіспеймін.

Маша: Аа, онда жарайды аю, олай болса сен менің атам мен әжеме бәліш апарып берші.Мен қазір бәліш пісірейін, жарай ма?

Аю: Жақсы Маша, онда бәліштерді пісіре қой, осы тілегіңді орындайын.

Маша: Қане балалар, сендер де тәтті бәліш пісіріп үйренгілерің келе ме?Олай болса маған көмектесіңдер. (тәрбиеші қамыр дайындап қояды, балалар үзіп-үзіп,оқтаумен илеп бәліш жасайды, содан соң Маша балалалрдың бәліштерін пісіруге алып кетіп, пісірілген бәліштерді әкеледі.) Аю жегісі келеді.Бірақ Маша атама, әжеме апарасын деп жегізбейді.Аю келіседі. Сол кезде Маша қулық ойлап:

Аю, сен далаға шығып келші, жаңбыр жауып тұрған жоқпа, соны біліп келші дейді.Аю шығып кеткенде Маша:

-Балалар, мені Аю ешқашанда жібермейді, сондықтан да маған көмектесіңдер.Мен аюдан қалай қашып құтылсам болады?

Балалар ертегіні естеріне түсіреді.

Тәрбиеші: Балалар Маша қалай Аюдан құтылды?

Балалар: Маша үлкен кәрзеңкенің ішіне тығылсын.Ал біз Машаны көрсетпей үстіне бәліштерді толтырып салайық, сол кезде Аю байқамауы мүмкін, жарай ма?

Балалар сендер айтып қоймайсыңдар ма?

-Жоқ.

Қане маған келіп көмектесіңдер, Машаны үлкен кәрзеңкеге отырғызып, үстіне пісірген бәліштерді салады.

Маша: Балалар егерде Аю мені сұраса үй жинап жатыр деп айтыңдар жарай ма?

Осы кезде Аю кіріп келеді: Маша, Маша бәліштерді салдың ба, атаңа әжеңе апара берейін бе?-деп сұрайды.

-Балалар: иә

-Маша қайда өзі?

Балалар: үй жинастырып жатыр

-Аа, жақсы мен онда кеттім.Аю біраз жүріп қарыны ашқанын айтып бәлішті жегісі келетінін айтады.Бірақ Маша не дейді?

-Иә, жеме дейді.Осылай Аю Ата мен әженің үйіне келе бергенде алдарынан не шығады?

-Иттер

Аю, кәрзеңкені тастайды да қашады.Осылай Аю орманға әрең дегенде иттерден қашып құтылып үйіне жетеді.

Бұл кезде Ата мен Әже үйшіктен шығып кәрзеңкені ашып бауырсақтарды көреді, және де Машаны да көреді.Атасы мен әжесі көріп қуанады.

Маша: - Ата, әже енді мен сендерді тыңдайтын боламын.Маған сіздерге жетуіме мына мейірімді, ақылды балалар көмектесті.Мен бүгін көп нәрсені білдім, үйрендім.Рахмет сендерге балалар!

Ата мен әже де балаларға алғысын айтып, Машаның балалармен жасаған бәлішінен ауыз тиіп, балаларға да таратып береді.Осылай қуана тарасады.

-Ал қанекей балалар, бүгін біз қандай ертегінің куәсі болдық?

- «Маша мен аю»

-Жарайсыңдар, балалар, енді осы ертегінің 3-бөлімін қарайық.Мұнда Маша аюдан қалай қашып құтылды екен?

3-бөлімі ( мультфильмнің жалғасы)

-Ал енді балалар мұндай жағдайдан кейін сендер де үлкендердің тілдерін аласыңдар ма?

-Иә.

Жарайды балалар!Ал енді бізде, бізге келіп отырған қонақтармен қоштасайық.

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее