Математика
| Сабақ тақырыбы: | Амалдар реті | Мектеп: Шаған ЖОББМ | |||||
| Күні : | 3.10.17 | Мұғалімнің есімі: Муратова К.О. | |||||
| СЫНЫП: 2-сынып | Қатысқандар саны: 19 | Қатыспағандар саны:0 | |||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу | ||||||
| Оқумақсаты: | Барлық оқушылар:екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін біледі | ||||||
| Оқушылардың басым бөлігі:екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін қолданып, өрнектерді салыстырады | |||||||
| Кейбір оқушылар: Өрнектердегі амалдардың орындалу ретімен байланысты логикалық тапсырмаларды орындайды. | |||||||
| Жетістік критерийлері | Бірнеше арифметикалық амалдан тұратын жақшасыз өрнектің мәнін табады. Әрекеттің орындалу тәртібін анықтайды. | ||||||
| Тілдік мақсат | Оқушылар игереді: Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектерді дауыстап оқу. Пəндік лексика жəне терминология: Амалдар реті, жақшалар, өрнек. | ||||||
| Құндылықтардыдарыту | - құрмет; - ынтымақтастық; -өмір бойы білім алу | ||||||
| Пәнаралықбайланыстар |
| ||||||
| АКТ қолдану дағдылары | слайд | ||||||
| Бастапқы білім | ауызша қосу және азайтуды орындау | ||||||
| Сабақтың барысы | |||||||
| Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
| Ресурстар | |||||
| Сабақтың басы
| Психологиялық дайындық Біз бақытты баламыз (П) Оқушылар жағдайды өрнектің көмегімен жазады. Бумада 15м мата болды.бірінші тұтынушы 5м мата, екіншісі 3 м алды. Бумада қанша метр мата қалды? 15-(5+3) ОМ таныстыру | Шаттық шебері слайд | |||||
| Сабақтың ортасы
| (Ұ) Жақшасы бар амалдармен жасалатын өрнектерде алдымен жақшада, жақша жоқ болса, белгілі бір тәртіппен орындау керек. Әрбір топқа деңгейіне сай тапсырмалар беріледі. -Балалар бұлар қандай өрнектер? (жақшасыз өрнектер) -Өрнектер неше амалмен берілген? (оқушылар жауабы тыңдалады) -Неліктен екі өрнектің мәні әр түрлі? - Ойланып, шешімін табыңыздар? Тұжырымдама арқылы дәледе. Тапсырма: -Неліктен өрнектің мәні әр түрлі? Асты сызылған өрнекке ереже құрастырыңыз. 1-топ: 2-топ: 3-топ: 15+5-3=17 5+6-3+6=14 8-2+5+4-2=13 15+(5-3)=13 5+6-(3+6)= 28-(2+5)+4-2= Есте сақта! Бірнеше амалмен берілген жақшасыз өрнектерде амалдар солдан оңға қарай бағыт бойынша ретімен орындалады. (Ж) Амалдардың орындалу ретін жаз. Өрнектің мәнін тал. Мақсаты: бірнеше амалмен берілген жақшасыз өрнектердің мәтін табуға дағдылану. 16+4-2= 32-8+2-3= 2+10+6-3= (Мұғалім тақтадан дұрыс жасапты көрсетеді. Оқушылар келесі жұппен тапсырмаларын ауыстыра отырып тексереді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Жоғарғы балл – 3 балл). (Ұ) «Кім тапқыр?» Мақсаты: жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табу.Тақтаға екі өрнек жазылады. -Балалар, тақтада нені көріп тұрмыз? (өрнектер) -Бұл өрнектердің ұқсастығы неде? -Айырмашылығы қандай? -Өрнектердің мәндері бірдей болады деп ойлайсыздар ма? Неліктен? 6+4-3-2= 6+4-(3-2)= (Оқушы жауабы тыңдалады). (Ө,Қ,Ұ) Дәптермен жұмыс. Мақсаты: Бірнеше амалмен берілген жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табу. (15+23)-8-3=27 36+4-40+15=15 16+5+8-20=9 26+ (8+4)-18=20 (Ұжыммен тексеріледі. Бір оқушы оқиды, түсіндіреді, басқа оқушылар тексеріп, өз қателіктерін түзетеді, «Смайликтер» арқылы өзіндік бағалайды.) 4 жауап дұрыс болса –күлімдеген бейнегі 2 жауап дұрыс болса- орташа бейнедегі 1 жауап дұрыс болса- мұңайған смайликті салады/. |
Слайд Қима қағаз
| |||||
| Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау. -Бүгін қандай тақырыппен таныстық? -Сабақта не істедік? -Қандай тапсырма қиын болды? | Жетістіктер жолағы | |||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техника сының сақталуы | |||||
| Топтық жұмыста мотивациясы төмен оқушыларға есепке сәйкес тірек сөздерді беріп, қолдау жасап отыру | Жұптық жұмыстың нәтижелері арқылы, смайликтер арқылы өзіндік бағалау. | Сергіту сәттерін өткізу | |||||




