«Весна — лето 2024»

Математика, информатика және физика кеші

Мақсаты: Оқушылардың математика, информатика және физика пәндеріне қызығушылығын арттыру. Алға ұмтылыс қасиетін қолдап, жоғарыда айтылған пәндерді оқып үйрену ниетін қалыптастыру.

Базарбек Әсем: Мектепке дейін жаяу жүріп келген,

Бүкен Жалғас: Бір қызықтың боларын біліп келген.

Базарбек Әсем: Ай, бүгін бір сергіп қалайыншы – деп,

Бүкен Жалғас: Женің қолтығына дейін түріп келген. Ағайын бүгінгі кешке қош келдіңіздер.

Базарбек Әсем: Сәлем бердік жиылған қауым, оқушылар, ұстаздар!

Бүкен Жалғас: Бүгінгі біздің «Миф» атты.

Базарбек Әсем: Математика, информтика және физика кешіне қош келіпсіздер!

Бүкен Жалғас: Бүгінгі кеш 5-айналымнан тұрады. Оның бағдарлмасы төмендегідей:

Базарбек Әсем: 1-айналым «Таныстыру»

Бүкен Жалғас: 2-айналым «Викториналық сұрақтар»

Базарбек Әсем: 3-айналым «Қызықты тапсырмалар»

Бүкен Жалғас: 4-айналым «Физикадан тәжірбие көрсету»

Базарбек Әсем: 5-айналым «Астана геометриясы» атты геометриялық фигуралардан макет жасау

..........

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Мақсаты: Оқушылардың математика, информатика және физика пәндеріне қызығушылығын арттыру. Алға ұмтылыс қасиетін қолдап, жоғарыда айтылған пәндерді оқып үйрену ниетін қалыптастыру.



Базарбек Әсем: Мектепке дейін жаяу жүріп келген,

Бүкен Жалғас: Бір қызықтың боларын біліп келген.

Базарбек Әсем: Ай, бүгін бір сергіп қалайыншы – деп,

Бүкен Жалғас: Женің қолтығына дейін түріп келген. Ағайын бүгінгі кешке қош келдіңіздер.

Базарбек Әсем: Сәлем бердік жиылған қауым, оқушылар, ұстаздар!

Бүкен Жалғас: Бүгінгі біздің «Миф» атты ...

Базарбек Әсем: Математика, информтика және физика кешіне қош келіпсіздер!

Бүкен Жалғас: Бүгінгі кеш 5-айналымнан тұрады. Оның бағдарлмасы төмендегідей:

Базарбек Әсем: 1-айналым «Таныстыру»

Бүкен Жалғас: 2-айналым «Викториналық сұрақтар»

Базарбек Әсем: 3-айналым «Қызықты тапсырмалар»

Бүкен Жалғас: 4-айналым «Физикадан тәжірбие көрсету»

Базарбек Әсем: 5-айналым «Астана геометриясы» атты геометриялық фигуралардан макет жасау



Алдымен әділ-қазылармен таныс болайық.

___________________________________________________________________________________________________________________



Бүкен Жалғас: Әсем қалай дайынсын ба?

Базарбек Әсем: Дайынмын!

Бүкен Жалғас: Онда біз бастаймыз.



І Базарбек Әсем: Алғашқы айналым «Таныстыру», әр топ өздерін таныстырады. 5 балдық жүйемен бағаланады.

Бүкен Жалғас: Ендеше ортаға «  » тобын шақырамыз.

Базарбек Әсем: «  » тобы ортаға.

Бүкен Жалғас: Келесі кезек...

Базарбек Әсем: « » тобы ортаға шақырмыз ба?

Бүкен Жалғас: Иә, әрине.

Базарбек Әсем: «  » ортаға

Бүкен Жалғас: Соңғы топтың таныстыруын естісек.

Базарбек Әсем: «  » тобы ортаға.

Базарбек Әсем: Бірінші айналымда бітті, енді келесі айнлымға

жол берсек.



ІІ Бүкен Жалғас: Келесі айналым «Викториналық сұрақтар»

Базарбек Әсем: Оқушылардың барлығы ортаға шақырамыз.

Бүкен Жалғас: (ережені түсіндіру) Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады

Базарбек Әсем: Бастаймыз

Бүкен Жалғас: Сұрақтар:

  1. Алғаш адамдар нелерді және қалай санап үйренді?

Адамдар әуелі заттарды жекелеп, топтап, түстеп санады.

  1. Санау тарихында қандай санау жүйелері қолданылды?

Екілік, бестік, ондық, он екілік, жиырмалық, алпыстық.

  1. Ертедегі сандар ішіндегі қандай сандар осы күнге дейін қолданылып келеді?

Рим цифрлары

4) Артығын тап: 2. 34. 444. 233. 56. 68

233.

5) Мен бір санды квадраттадым, сол санды қайтадан алу үшін мен не істеуім керек, яғни қандай амал қолднуым керек.

Түбірді қолдану керек

6) Синус нөл грдус неге тең?

Нөлге

7) Санның жүзден бір бөлігі?

Процент

8) Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі неге тең?

Жүз сексенге

9) Математик, астроном, философ әрі ақын, оң коэфицентті теңдеулерді қарастырған, 1048-1131 аралығында өмір сүрген.

Омар Хайям

10) Қазіргі ондық санау жүйесі қай елден шыққан және жер жүзіне қалай тарады?

Үндістанда шығып, әл-Хорезмидің еңбегі арқасында ХІІ ғасырдан бастап Еуропалық барлық елге тарады.

11) Натурал сандар қатары шексіз екенін кім дәлелдеді?

Евклид дәлелдеді.

Бүкен Жалғас: 12) Адам үшін зиянды компьютер бөлігі. Монитор

Базарбек Әсем: 13) Жұмыс үстелінде, төменгі шеткі бөлігінде ораналасқан түрлі түсті батырма. Жіберу(пуск)

Бүкен Жалғас: 14) Ғаламаторға кіру үшін қолданылатын апарат. Модем

Базарбек Әсем: 15) Кез келген компьютерде болатын интернет браузер. Интернет эксплорер

Бүкен Жалғас: 16) Белгілеу үшін пернетақтада басылатын команда. Контрол шифт

Базарбек Әсем: 17) Абзац батырмасы. Тэйп

18) Ньютонның үшінші заңы.

Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады.

Бүкен Жалғас:19) Формулалар: Кинетиклық энергия формуласы:
Ек=mv²/2

Базарбек Әсем: 20) Есептер. Лифт 1.5 м/с² үдеумен вертикаль жоғары қарай көтеріледі. Лифтідегі жүктің массасы 50 кг. Жүктің лифт еденіне түсіретін қысым күшін анықтандар.

Р=тд+та 575 Н





Базарбек Әсем: Осымен екінші айналым да аяқталды.

Бүкен Жалғас: Онда көп созбай кезекті үшінші айналымға береміз.



ІІІ Базарбек Әсем: Үшінші айналым «Қызықты тапсырмалар»

Бүкен Жалғас: Дұрыс шешімін тапқандарға 10 ұпайдан берілсін.

Сіздердің тапсырмаларыңыз:



Жұмбақтарды шешейік.


1. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)
2. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
3. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
4. Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы.
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
5. Жануарға ұқсасатым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын. (тышқан)
6. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Біркүн барда, біркүн жоқ.
Оны есепке алсаң,
Ұзын саны 107 (пернелік тақта)
7. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның.
Бар екен12 ағайынды,
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің,
Тек қана F (эф) әрпінен басталады (функционалдық пернелер)
8. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылға жатады.
Қозғала салса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
9. Төрбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
10. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)





ІV Базарбек Әсем: Төртінші айналым: Физикадан тәжірбие жасау.

Бүкен Жалғас: (ережесін түсіндіру) Әр сынып тәжірибесін ортаға шығып көрсетеді, және оның мағынасын түсіндіруі керек. Ең жақсы тәжірибе 10 балмен бағаланады.

Базарбек Әсем: Бастаймыз!

Бүкен Жалғас: « » тобының тәжірбиесі

Базарбек Әсем: « » тобының тәжірбиесі.

Бүкен Жалғас : « » тобының тәжірбиесі

Базарбек Әсем: Керемет барлығы керемет істелді.

Бүкен Жалғас: Міне төртінші айналымда өз мәресіне жетті.



V Базарбек Әсем: Кезекті бесінші айналымға береміз.

Бүкен Жалғас: Бесінші айналым «Астана геометриясы» геометриялық фигуралардан макет жасау. 10 балмен бағаланады.

Базарбек Әсем: Бұл айналымда әр топ жасаған геометриялық фигуралар макетін ортаға әкеліп , таныстырып өтсін.

Бүкен Жалғас: «  » тобы

Базарбек Әсем : «  » тобы

Бүкен Жалғас: « » тобының макеті.

VІІ Базарбек Әсем: Соңғы айналым қоштасу

Бүкен Жалғас: «  » тобын шақырамыз

Базарбек Әсем: «  » тобы



Бүкен Жалғас: «  » тобы





Бүкен Жалғас: Осымен сайысымыз аяқталды. Кезекті қорытындылауға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

Базарбек Әсем: Осымен бітті, қош сау болыңыздар!

Бүкен Жалғас: Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее