«Зима 2025»

Математика. Жай бөлшектер

  • Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратып оқиды.
  • Дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымының мәнін түсіндіреді.

Негізгі сөздер мен ұғымдар: бөлшек, жай бөлшек,бөлшектің бөлімі,бөлшектің алымы, бөлшек сызығы

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1C Жай бөлшектер

Мектеп: № 156 орта мектеп

Күні: 2017

Мұғалімнің аты-жөні: Мәтжанова Раушан Серғалиқызы

СЫНЫП: 5

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.10

дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • бөлшектің алымын бөлімінен ажыратады, алымы мен бөлімін салыстырады

Оқушылардың басым бөлігі:

- бөлшек дұрыс және бұрыс болатындай айнымалының мәнін жаза алады

Кейбір оқушылар:

  • қиындығы жоғары есептеулерде дұрыс және бұрыс бөлшектер құрастыра алады

Бағалау критерийі

Оқушылар дұрыс және бұрыс бөлшектерді анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратып оқиды.

  • Дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымының мәнін түсіндіреді.

Негізгі сөздер мен ұғымдар: бөлшек, жай бөлшек,бөлшектің бөлімі,бөлшектің алымы, бөлшек сызығы



Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы (еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу)

Пәнаралық байланыс

География 5 сынып § 2.Заттардың түзілуі

Алдыңғы оқу

Жай бөлшек.Жай бөлшектерді жазу және оқу.Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурс

Сабақтың басы

1 мин

2 мин










3 мин



2 мин


І.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу, түгелдеу.

Оқушылардың сабаққа ынтасымен қызығушылығын ояту үшін

« Тілек тізбегі » әдісі арқылы оқушыларды көңіл күйін арттыра отырып талаптары әртүрлі оқушыларды жіктеу арқылы топқа бөлемін.

Оқушылардың қолдарына берілген сандар арқылы өз жұптарын тауып бір топ болып құралады.

1 топ. Жай бөлшек

2 топ. Дұрыс жай бөлшек

3 топ. Бұрыс жай бөлшек

4 топ. ЕҮОБ

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Есептерді дайын жауаптарымен тексеру.

Шығармашылық тапсырма (жеке ойлануға беріледі)

Топқа ребус беріледі.Әр білім алушы жұмысты жеке орындайды,топта ойласады. Жауабы дұрыс және бұрыс бөлшек екенін табады. Жаңа тақырыпты ашады.

ІІІ. Зейін шоғырландыру

Есеп: Әсем мен Зарина 7 құлпынайды тең бөлуі керек. Әр құлпынайды тең екі бөлікке бөлуге болады.Әр бөлік құлпынайдың бөлігін құрайды.Сонда Әсем мен Заринаның әрқайсысына жеті жарты құлпынайдан келді, яғни құлпынайдың алды. Демек, 7:2

Балалар біз бүгін дұрыс және бұрыс бөлшектермен танысамыз. Дұрыс бөлшектерді және бұрыс бөлшектерді ажыратуды үйренеміз.

Оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырамын.




























оқулық


Сабақтың ортасы

35 мин

ІV. Жаңа сабақ ( топтық жұмыс). Джигсо әдісі

Топтарға мәтінді оқуға уақыт беріледі, әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып, топ ішінде талдайды. Жетелеуші сұрақтар бере отырып бүгінгі сабақ тақырыбын оқушылардың өздеріне аштырамын.

Берілген бөлшектердің ішінен қандай айырмашылықтарды байқадың?

Бұл айырмашылықтар бүгінгі біздің сабағымыз тақырыбы болатын «Дұрыс және бұрыс бөлшектер».

Жаңағы мысалға қайтадан оралу. Осы берілген бөлшектерді өздеріңнің қалауларың бойынша топтаңдар.

(Мақсат бұл бөлшектерден алымы бөлімінен кіші бөлшектерді бір жолға; алымы бөлімінен үлкен бөлшектерді бір жолға жаздыру.)

Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.

Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1-ден үлкен немесе 1-ге тең.

Бағалау: Өзара түзету-өзара бағалау. ҚБ

«Ойлы болсаң озарсың!» әдісі арқылы ауызша есеп шығару

329

1)Алымы 7 болатын барлық бұрыс бөлшектерді ата

2) Бөлімі 11 болатын барлық дұрыс бөлшектерді ата

Мадақтаулар айтылып бағаланады. ҚБ

Топтық жұмыс «Ойлан!Жұптас!Бөліс!»

335

1,3,17 натурал сандарын бөлімі

1)1 , 2) 10, 3)100, болатын бөлшектер түрінде жаз.Жазылған бөлшектің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін анықта

.№339 есеп

n-нің қандай натурал мәнінде

1) жай бөлшек дұрыс,


2) жай бөлшегі бұрыс болады.

«Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағаланады.ҚБ

Жеке жұмыс « Ой тапқырлық деңгейіңді бағалай біл!»

326. жай бөлшектерінің қайсысы

1) дұрыс, 2) бұрыс бөлшектер екенін анықтаңдар

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Берілген бөлшектерді пайдаланып дұрыс және бұрыс бөлшектерді анықтайды .

Дұрыс бөлшектің анықтамасын біледі.

Дұрыс бөлшектерді анықтайды .

Бұрыс бөлшектің анықтамасын біледі.

Бұрыс бөлшектерді анықтайды

334

  1. Алымы бөлімінен 4-ке артық.

  2. Бөлімі алымынан 3 есе артық үш бөлшекті жазыңдар. Шыққан бөлшектердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс бөлшек болады?

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Анықтаманы пайдаланып дұрыс, бұрыс бөлшектерді табады, ажыратады.

Алымы бөлімінен 4-ке артық үш бөлшек жазады

, ,


-Бөлімі алымынан 3 есе артық үш бөлшек жазады

, ,

Дұрыс бөлшектер ажыратады.

, ,

Бұрыс бөлшектер ажыратады.

, ,

Жоғары деңгейлі оқушыларға арналған сараланған тапсырма:

341. Алымы ЕҮОБ(34;85) , ал бөлімдері 3 санына еселіктер болатын барлық бұрыс бөлшекті жазыңдар.

V. Рефлексия « Табыс сатысы » кестесін толтыру .

Кері байланыс: «Табыс сатысы» БББ әдісінің қорытындысы бойынша жазылады.

3


2


1




1-ші баспалдағы Мен .........білдім,

2-ші баспалдағы Мен...........түсіндім,

3-ші баспалдағы Мен .........жасай аламын

Электрондық оқулық (оқу жоспарында көрсетілген сайт




5-сынып Математика оқулығы


Таратпалар










5-сынып Математика оқулығы





























5-сынып Математика оқулығы














5-сынып Математика оқулығы


Сабақтың соңы

2 мин

VI. Үйге тапсырма: №333,337,340 есептер



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Оқушылардың деңгейі, қабілеті бойынша сабақ мақсаты сараланды.

2.«Тілек тізбегі » әдісінде жіктеу әдісі арқылы талаптары әртүрлі оқушыларды топтарға біріктіру жүргізіледі.

3.Қабілеті (деңгейі) жоғары оқушылардың қажеттілігі бойынша № 341 есептегі тапсырма жоспарланған.

Оқушының жаңа тақырыпты меңгеруін топтық жұмыста «ДЖИГСО» әдісімен , яғни кері байланыс орнату арқылы, жеке жұмыстар өзін өзі бағалау дескриптор критерийі арқылы , топтық жұмыстар « Екі жұлдыз бір ұсыныс » әдісі жақсы жақтары мен сыни пікірлер ұсыну арқылы бағалау, топтық жұмыс «Мадақтау» арқылы бағалау іске асырылады.

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, «Тілек тізбегі» әдісін ұйымдастыру; сабақ алдында бөлмені желдетіп алу

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее