«Зима 2025»

Мен анаммен барамын

1 сынып қазақ тілі пәні. Қысқа мерзімді жоспар. Мен анаммен барамын.

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы:Мен анаммен барамын

Мектебі: № 4 ЖОББМ

Күні, айы: 21.01.19


Мұғалімнің аты-жөні: С.М.Толеубаева

Сынып: 1 «В», «Г», «Д»


Сабаққа қатысқан

Оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаты







1.1.4.1.Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді және оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:Отбасы мүшелерін атай алады, өзінің қандай да бір жерге (дүкенге, саябаққа, мектепке, үйге, тауға) кіммен баратынын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:Өзінің мектепке/үйге кіммен баратынын айта алады, мұғалімнің көмегімен көмектес септігінің жалғауын дұрыс қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)


(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6-40минут)





























(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша мұғалім балалардың мектепке кіммен баратынын түсіндіреді. Оқушылар ата, әже, ана деген сөздерді қайталайды, балалардың қайда баратынын айта алуға жаттығады.

(МК,Ұ) 2-тапсырма арқылы қайда? сұрағы қайталанады. «Сен қайда барасың?» деген сұраққа оқушылар кесте бойынша жауап береді ( Мен мектепке( тауға, дүкенге, саябаққа) барамын). Мұғалім суреттер бойынша оқушылардың есіне мектеп, тау, саябақ, дүкен сөздерін түсіреді. Сондай-ақ екінші кесте бойынша мұғалім кіммен? деген сұрақты түсіндіреді. Бұл сұраққа да кесте бойынша жауап беру үлгілерін көрсетеді. Мысалы: Мен анаммен (әкеммен, атаммен, әжеммен) барамын. Осы тапсырма арқылы оқушылар қайда баратынын және кіммен баратынын айта алуға жаттығады.

(Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Бірінші оқушы сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. Екінші бала сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап береді. Мысалы:

-Сен қайда барасың?

-Мен мектепке барамын.

-Сен мектепке кіммен барасың?

-Мен анаммен барамын.

(МК,Ж) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім барамын етістігінің болымсыз түрін (бармаймын) түсіндіреді. Оны еркін қолдануға жаттықтырады.

(Ұ) 4- тапсырмада оқушылар барамын, бармаймын етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды. Сөйлемнің қасына қойылған белгі бойынша оқушылар барамын, бармаймын сөздерін қолданады. Осы тапсырмада берілген «Сен қайда барасың?Сен кіммен барасың?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы бару етістігін І жақта қолдануды бекіте түседі.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө)Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық.

Аудиодиск:

5.3.1.




















5.1.2.

Қағаз, қарындаштар.


















2 жұмыс дәптері




Қосымша тапсырма:5.3.

Сабақтың соңы

(41-45минут)


(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыныз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее