«Зима 2025»

Мен осы мамандыққа лайықтымын

эссе на тему "Мен осы мамандыққа лайықтымын"

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Мен осы мамандыққа,  лайықтымын!

«Ұстаз.....  жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.» Әл-Фараби деген сөзден бастағанымды жөн көрдім. Өйткені, алғаш мектеп табалдырығынан аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған кезіңнен бастап, ұстаз маған өзі білетінін үйретуге бастады.

Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Ұстаздық жолын таңдауға орыс тілі мен әдебиет мұғалімі әсер тигезген. Өзінін сабақтарында оқушыларды әдебиет әлеміне жетелеп, жадына сақтау, ешнәрсені ұмытпауына үйреткен ұстаз – мейірімді, жарқын жүзді адам болған. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді ғана емес, өмір сыйлаған, бағыт берген, бойымдағы жақсы қасиеттерін тәрбиелеген ата-анамды, ата-әжелерімді де айтуға болады. Менің ұстаздарымды, ата-анамды, өмірде кездескен жақсы адамдардың барлығын мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!

Негізгі мектепті аяқтаған соң мұғалімдік мамандықты таңдап, Петропавл қаласындағы педагогикалық училищесіне оқуға түстім. Училищені аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастым. Балаларға тіл үйрету барысында қиындықтарға тап болдым. Бірақ оқушылар мені қызығушылықпен тыңдады. Осылайша мен оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықты боламын деген ойға келдім. Мектепте 20 жылдай жұмыс істеп жүрмін, өз білімімді әрдайым жетілдіріп жүремін. Біліктілік жетілдіру курстарынан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, әріптестерімнен көріп, біліп алған жаңалықтарымды өз жұмысымда пайдаланамын. Сабақ барысында оқушылардың ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, жазбаша жұмыстар түрлерімен жұмыс істеу, көркем сөздермен жұмыс жасау, ойлана отырып, ойнайық дегендей алуан түрлі әдістер, көрнекіліктер қолданамын. Оның нәтижесі көрінеді: менің оқушыларым VIII республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінің екі номинациясы бойынша жүлделі орындарға: Сергиенко А. 9-сынып оқушысы «Әнші бұлбұлдар» номинациясында II орын, Сарбаева К. – 8-сынып оқушысы «Өлең – сөздің патшасы» номинациясында ІІІ орынға ие болды. Сарбаева К. Мағжан оқуларының аудандық кезеңіне қатысып І орын, 8-сынып оқушысы Салимжанова Р. Абай оқуларының аудандық кезеңінде ІІІ орын иегері деп атанды. Қашықтықтан өткізілетін IV Республикалық педагогтардың  «Үлгілік сабақ/Образцовый урок»  атты сайысқа қатысып, ІІІ дәрежелі дипломына ие болдым.

Менің ұстаздарым ешқашан өз қадір-қасиетін жоғалтпаған, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалған. Осы қағиданы мен ұстанып, өз оқушыларымды тәрбиелеп жүрмін. Мұғалім жолын таңдағаныма өкенбеймін, себебі мен осы мамандыққа лайықтымын деп ойдамын.




 



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее