«Зима 2025»

Мен оз елимнин патриотымын

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады. Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады. Керекті жабдықтар: түрлі - түсті маркер, флипчарт. Көрнекіліктер:

Отанды сүю – отбасынан басталады. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. Тәрбие сағатының өту барысы: Мұғалім әрекеті: 1. Ұйымдастыру. Тренинг Мұғалім «Мен сендерді көргеніме қуаныштымын» -деп шеңбер бойындағы оң жағымда тұрған оқушыға жағымды сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.Сыныпқа жаңадан келген оқушылар бар болғандықтын танысу тренингін ұсынамын.Әр оқушы аты,жөнін,өзінің сүйіп айналысатын ісімен-хоббиімен таныстырады. 2. Топқа бөлу (түрлі-түсті стикерлер арқылы). Қиық қағаздарға жазылған мақалдар үлестіріледі. Оқушы әрекеті: 1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі. 2.Оқушылар стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Қиық қағаздарға жазылған сөздерден мақалдар құрастырады. Қызығушылықты ояту Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау. 2. Оқушыларға мақал-мәтелдер жазылған қиық қағаздардан мақалдар құрастыруға тапсырма беру, оқыту. Мақалдардың мағынасын талқылау, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау. Мағынаны ашу «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі. 1. Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды) Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын. Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік. - Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер? - «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады? (Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.) Мұғалім сөзі: (Оқушылардың жауабын толықтырады) Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді". Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат. Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Мирза Фатали Ахундов « Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ». Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу. Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық. Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз. 1-оқушы. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –біздің туған еліміз, туған жеріміз, достарымыз, туған -туысқандарымыз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан біздерді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз! 2-оқушы. Патриот –ол өз елінің мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 3-оқушы. Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот Бауыржан Момышұлы атамыз : «Барлық халық пен ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген болатын. 4-оқушы. Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен елімді сүйемін, туған халқымның тарихын оқып үйренемін, ана тілін құрметтеймін, салт – дәстүрін сақтаймын, Ата Заңын құрмет тұтатын,халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосатын боламын. 5-оқушы. «Үш бақытым» орындайтын Бахтиярова Аяулым Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! . Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 6-оқушы. Ел болдық ерік алдық астаналы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады. 7-оқушы. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. 8-оқушы. Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген. Назерке Намысын ешкімге қолынан бермеген. Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 9-оқушы. Төрінде жерімнің байрағым желбіреп, Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп. Дильназ Қазақтың тілері ата жол салтымен Достасу, туысу әр елдің халқымен. 10-оқушы. Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз, Дана Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз. Таныған жұмыр жер Алаштың баласын, Қазақтың елі мен даңқты даласын. 11-оқушы. Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болуы керек: * Отанға деген сүйіспеншілік; * Отанға деген адал сезім; Отанын қорғауға дайын болу; Топтарға тапсырма. Әзірленуге 7 минут. І топқа: «Бала Қасым» көрініс даярлау. ІІ топқа: «Мен де өз елімнің патриоты боламын». Шығарма жазу. ІІІ топқа: «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» мақалына қысқаша әңгіме жаз. Топтардың бірін-бірі бағалауы: Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау. Барлығы бірге «Көк тудың желбірегені» әнін орындау. Қорытынды: Сіздер бүгінгі төменгі сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан.» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенемін. Рефлексия. Гүлдерді себетке жинайтын уақыт та келіп жетті.Бүгінгі сабаққа қатысты пікірлеріңді жазып себетке салуларың сұралады.

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын 
Мақсаты: 
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. 
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады. 
Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады. 
Керекті жабдықтар: түрлі - түсті маркер, флипчарт. 
Көрнекіліктер: 

Отанды сүю – отбасынан басталады. 
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл. 
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. 
Тәрбие сағатының өту барысы: 
Мұғалім әрекеті: 
1. Ұйымдастыру. Тренинг Мұғалім «Мен сендерді көргеніме қуаныштымын» -деп шеңбер бойындағы оң жағымда тұрған оқушыға жағымды сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.Сыныпқа жаңадан келген оқушылар бар болғандықтын танысу тренингін ұсынамын.Әр оқушы аты,жөнін,өзінің сүйіп айналысатын ісімен-хоббиімен таныстырады. 
2. Топқа бөлу (түрлі-түсті стикерлер арқылы). Қиық қағаздарға жазылған мақалдар үлестіріледі. 
Оқушы әрекеті: 
1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі. 
2.Оқушылар стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Қиық қағаздарға жазылған сөздерден мақалдар құрастырады. 
Қызығушылықты ояту 
Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау. 
2. Оқушыларға мақал-мәтелдер жазылған қиық қағаздардан мақалдар құрастыруға тапсырма беру, оқыту. Мақалдардың мағынасын талқылау, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау. 
Мағынаны ашу 
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі. 
1. Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды) 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын. Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік. 
- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 
- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады? 
(Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.) 
Мұғалім сөзі: (Оқушылардың жауабын толықтырады) 
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді". 
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат. 
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 
Мирза Фатали Ахундов 
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ». 
Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу. 
Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық. 
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз. 
1-оқушы. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –біздің туған еліміз, туған жеріміз, достарымыз, туған -туысқандарымыз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан біздерді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз! 
2-оқушы. Патриот –ол өз елінің мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 
3-оқушы. 
Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот Бауыржан Момышұлы атамыз : «Барлық халық пен ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген болатын. 
4-оқушы. Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен елімді сүйемін, туған халқымның тарихын оқып үйренемін , ана тілін құрметтеймін, салт – дәстүрін сақтаймын, Ата Заңын құрмет тұтатын,халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосатын боламын. 
5-оқушы. «Үш бақытым» орындайтын Бахтиярова Аяулым 
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 
Ал екінші бақытым – Тілім менің, 
Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей – кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім. 
Бақытым бар үшінші – Отан деген, 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! 
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? 
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 
6-оқушы. Ел болдық ерік алдық астаналы 
Енді кімнен қазағым жасқанады? 
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, 
Нұрсұлтанның атымен басталады. 
7-оқушы. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. 
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. 
8-оқушы. Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген. Назерке 
Намысын ешкімге қолынан бермеген. 
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан 
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 
9-оқушы. Төрінде жерімнің байрағым желбіреп, 
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп. Дильназ 
Қазақтың тілері ата жол салтымен 
Достасу, туысу әр елдің халқымен. 
10-оқушы. Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз, Дана 
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз. 
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын, 
Қазақтың елі мен даңқты даласын. 
11-оқушы. Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болуы керек: 
* Отанға деген сүйіспеншілік; 
* Отанға деген адал сезім; 
Отанын қорғауға дайын болу; 
Топтарға тапсырма. Әзірленуге 7 минут. 
І топқа: «Бала Қасым» көрініс даярлау. 
ІІ топқа: «Мен де өз елімнің патриоты боламын». Шығарма жазу. 
ІІІ топқа: «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» мақалына қысқаша әңгіме жаз. 
Топтардың бірін-бірі бағалауы: Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау. 
Барлығы бірге «Көк тудың желбірегені» әнін орындау. 
Қорытынды: Сіздер бүгінгі төменгі сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенемін. 
Рефлексия. Гүлдерді себетке жинайтын уақыт та келіп жетті.Бүгінгі сабаққа қатысты пікірлеріңді жазып себетке салуларың сұралады.










Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее